2014 жылғы 4 маусымда мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінде татар халық мейрамы «Сабантой» болды. Мейрамға қатысқандар: Өскемен қаласындағы Ресей Елшілігінің бас консулы С.В. Анненков мырза, облыс әкімінің орынбасары Ж. Омар, ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Л.Б. Шик, Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарушы хатшылығының меңгерушісі Е.М. Аязбаев, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, қала және облыс Ардагерлер кеңесінің төрағалары, сонымен қатар мерекелік іс-шараға Семей қаласының және Шемонайха ауданының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері де қатысты.
Сабантой бағдарламасында келесілер болды:
- Татарстан әртістерінің, сондай-ақ Өскемен, Семей және Шемонаиха қалалары татар этномәдени бірлестігінің көркемөнер ұжымдарының және әзірбайжан этномәдени бірлестігі би ұжымының, орыс әні ұжымының, «Улыбка» балалар би ұжымының концерті;
- татар этномәдени бірлестігінің белсенді мүшелеріне грамоталар табыстау, Қазақстан татар және татар-башқұрт қоғамдық және мәдени орталықтары Ассоциациясы атынан алғыс хат алғандардың ішінде – мұражай-қорықтың халықтар және аз санды этникалық топтар этнографиясы бөлімінің меңгерушісі Б.М. Құмарова бар.
Концерттік бағдарламадан бөлек, татар тілі мен мәдениеті біліміне конкурс жүргізілді. Конкурс қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға жүлделер табысталды, ал ең үздігіне – конкурстың жүлдегері деп жазылған лента берілді.
Спорттық іс-шаралар балалардың және ересектердің де арасында жүргізілді. Балалар көңілді жарыстарға, арқан тартуға қатысты, қасықпен жұмыртқа тасыды, ағашаяқтармен жүрді.
Жас жігіттер қол күрестіруден, гірлік спорт және ұлттық күрес – аударыспақтан сайысты.
Спорттық іс-шаралардың барлық жеңімпаздары Сабантой-2014-тен ескерткіш ретінде татар этномәдени бірлестік атынан құнды сыйлықтар алды.
Жергілікті татар халқы киіз үй құрып сонда барлық қонақтарға ұлттық татар асүйінен дәм тартқызды. Киіз үйдің ішінде орын болмағандарға, далаға үстел жайылды, ал кейбіреулері киіз үйдің жанындағы көгалға жайғасты.
Татар үйінде Карима Равильевна Шевченко атына берілген құттықтау-плакат ілініп тұрды. Бөлім меңгерушісі Б.М. Құмарова К.Р. Шевченкоға мұражай-қорық әкімшілігінің атынан алғыс хат пен гүлшоғын сыйлады.
< Prev | Next > |
---|