2015 жылғы 18 наурызда Наурыз мерекесіне арналған мәдени іс-шаралар аясында «Наурыздың Иранда және әлемде мерекеленуі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Ұйымдастырушылар:
- Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің Мәдени өкілділігі
- Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығы.
Газеттер мен теледидарлардан тілшілер, жоғары оқу орындары мен колледждерден оқытушылар және студенттер шақырылды.
Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің мәдениет жөніндегі атташесі Асқар Сабери Иранда Наурызды мерекелеудің ерекшеліктері туралы, парсы тілінде «С» әрпінен басталатын 7 элементтен тұратын «Хафт син» дәстүрі жайында әңгімелеп берді.
Ирандықтардың мерекелік дастарханында мыналар міндетті түрде болуы қажет:
- сарымсақ – денсаулық символы
- алма – сұлулық символы
- жасылкөк – жаңару символы
- жиде – махаббат символы
- нан пудингі – молшылық символы
- сіркесу – даналық символы
- сумах – рауандап атқан таң символы
Сонымен қатар мерекелік дастарханда мыналар да болу керек:
- Құран – діни сенімдердің ұлттық дәстүрлерімен байланысының белгісі
- тәтті-дәмділер
- ту
- монеталар – байлық символы
- су – сергіткіш күш иесі
- балық – тазалық символы
- «әшекейлі» жұмыртқалар – өмір символы
- айна – жарасымдылық символы
Мәдениет жөніндегі атташе мырза дөңгелек үстелге қатысушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді.
< Prev | Next > |
---|