• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
қонақтар, делегациялар Дәстүрлерді ұстану Германияның Қазақстандағы елшісін таң қалдырды. 2019

Дәстүрлерді ұстану Германияның Қазақстандағы елшісін таң қалдырды. 2019

Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Тило Клиннер, Шығыс Қазақстанға сапары кезінде 25 сәуір күні музей-қорығында болды. Дипломат музей директоры Медет Нұрғалиевпен бірге көрме залдары және Солжағалық кешен аумағын аралады.

Қазақстанға келген  Германия елшісі Тило Клиннерді музей-қорығымен таныстыру Қ.Қайсенов көшесі, 67 ғимаратында орналасқан көрме залдарынан  басталды. Содан кейін «Халықтар мен азсанды этникалық топтар этнографиясы» бөлімінің меңгерушісі Бақытжамал Құмарова Тило Клиннер мырзаға арнап  «Біз - Қазақстан халқымыз» экспозициясы орналасқан залдар бойынша экскурсия өткізді. Елшінің ерекше қызығушылығын танытқан неміс халқының мәдениетіне арналған бөлім болды.

Музей-қорықтағы неміс халқының этнографиясы бойынша жәдігерлермен танысу Солжағалық кешенде жалғасты.
Тило Клиннер Солжағалық кешеннің көрнекті жерлерін, соның ішінде неміс қонысын тамашалады. Дипломат өз халқының дәстүрлерін танығанын, тұтастай алғанда, музей-қорығы  оны таң қалдырғанын айтып өтті.

Кездесу соңында музей директоры Медет Нұрғалиев елші мырзаға  «Әлемге ашық мұражай» альбомы мен жолнұсқаулықты сыйға тартты.    Екі жақ одан әрі ынтымақтастық туралы уағдаласты.

 

Музей-қорықтың баспасөз қызметі

Суретті түсірген Сергей Суров пен Алексей Мазницын

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …