2019 жылдың 21 – 24 шілдесі күндері Үндістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Прабхат Кумар мырза Шығыс Қазақстан облысында болды.
Біздің музей-қорық көп жылдан бері Үндістан Республикасының Елшілігімен және үнді мәдениет орталығымен жемісті әріптестік орнатқанын атап өткен жөн. Мұнда бірнеше мәрте үнді мәдениетінің фестивальдары, көрмелер мен шеберлік дәрістері өтті. Ерекше достықтың белгісіндей болып саябақ аумағында үнді халқының белгілі ұлы, ойшылы, Нобель сыйлығының лауреаты Робиндранат Тагорға кеуде мүсін орнатылған. Сол себепті де мәртебелі қонақтың сапары ерекше мәнге ие.
22 шілде күні Елші мырза зайыбымен бірге музей-қорықтың Горький көшесі, 59 және Қ. Қайсенов көшесі, 67 ғимараттарындағы корпустарында болып, Шығыс Қазақстан халқының материалдық-рухани мәдениетімен зер сала танысты. «Орыс сүлгісі» атты көрмені аралап шыққан соң өз пікірлерін жазып қалдырды.
24 шілде күні музеймен таныстық одан әрі жалғасты. Қонақтар Солжағалық кешендегі паровоздармен этнографиялық нысандарға экскурсия жасап, ондағы музейлік дүниелердің ерекшеліктері мен өзіндік бірегейлігіне жоғары баға берді.
Суретті түсірген С. Суров
Дополнительные фото в социальных сетях
https://www.instagram.com/vkoem/
https://www.facebook.com/ВКО-архитектурно-этнографический-и-природно-ландшафтный-музей-заповедник-121407818003680/
< Prev | Next > |
---|