2022 жылғы 18 мамырда сағат 11.30-да музей-қорығының Қ. Қайсенов атындағы этнобақ аумағындағы Р. Тагордың кеудемүсіні орнатылған алаңда үнді халқының ұлы перзентіне құрмет көрсетіліп, гүл шоқтарын қою рәсіміболып өтті. Салтанатты шараға музей-қорық қонақтары – С.Вивекананда атындағы үнді мәдени орталығының директоры Санджай Веди мырза, үнді дәстүрлі би және ән мұғалімдері қатысты. Сондай-ақ, Өскемен қаласындағы № 26 мектептің оқушылары мен музей қызметкерлері Р. Тагордың өлеңдерін қазақ және орыс тілдерінде орындады. Іс-шара "Музей түні-2022" атты ауқымды мәдени-ағарту бағдарламасы аясында өтті. Іс-шараға қала қонақтары, музей қызметкерлері, оқушылар мен колледж студенттері қатысты.
Next > |
---|