• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
қор коллекциялар Күміс ісі шеберлерінің бұйымдары

Күміс ісі шеберлерінің бұйымдары

Шығыс Қазақстан облыстық мұражай-қорығының күміс коллекциясы таңқаларлық. Онда мәдениет пен өнердің керемет туындылары жиналған: қазақтар мен орыстардың зергерлік күміс әшекейлері, монеталар, икондардың окладтары, құдайға табыну заттары және, әрине, күміс ыдыс-аяқ.

Күміс бұйымдар – бұлар тек мәдениет пен өнер ескерткіштері ғана емес, сонымен қатар тарихи дереккөз, өйткені оларға соғылған таңбалардың, жазулардың, монограммалардың арқасында қызықты дүниелерді, тарихтың белгісіз беттерін ашуға болады.

Күміс ХІХ ғасырға дейін ақсүйектердің артықшылық белгісі болып табылатын. Үй коллекциясындағы күміс заттардың санына, бұлардың сапасы мен көп түрлілігіне қарап, олардың иесінің ауқаттылығы және оның қоғамдағы алатын орны жайында білуге болатын. Бұл бағалы металл коллекция жасау үшін керемет нысан болып табылады.


Қою тағамға арналған қасық 875 сынамалы күміс, Мәскеу
1788 жыл
КП – 18915

1788 жылмен мерзімделген ас қасық мұражайдағы ең көне күміс бұйым. Күмістің балқымасы 875 сынамалы. Қасықтың сабында мәскеулік белгісіз шебердің (оның заттары, сондай-ақ, Мәскеу қаласының Мемлекеттік тарихи мұражайында сақталуда) және 1762 – 1792 жылдар аралығында жұмыс істеген альдерман (сапа жөніндегі шебер) Алексей Косаревтің таңбалары бар. «Сапа жөніндегі альдерманның» жүрек тәрізді қалқаншадағы үш әріптен тұратын және олардың бірінші әрпі әрдайым «А» болып келетін таңбасы Мәскеуде ХҮІІІ ғасырда енгізілген. «Егер зат жақсы шеберлікпен жасалса» ғана альдерман таңба салған. Мәскеу қаласының гербі – салт атты Георгий Победоносецтің бейнесі 1741 жылдан бастап мәскеулік таңбаға айналды.


Ыдысшайғыш
875 сынамалы күміс, Мәскеу
Сазиков фирмасы,
1848 жыл
ГИК 25– 9243

Сазиковтың белгілі фирмасының 875 сынамалы күмістен жасаған 1848 жылғы ыдысшайғышы бірегей. Үшінші гильдия көпесі Павел Федорович Сазиков Мәскеудегі фирманың негізін қалаушы. Оның филиалы 1842 жылы Санкт-Петербургте ашылған еді. 1848 жылдан бастап фирма сарай жанындағы жабдықтаушы атағын алып, Ресейдегі алғашқы орындардың қатарында жүрді, Лондон көрмелерінде бірнеше рет, атап айтқанда, күміс мүсін үшін, сыйлықтар алған болатын. Сазиков фирмасының шығармалары сату үшін шетелдерге шығарылып жүрді.

Біздің ыдыс шайғышымыздың бедерлі сымбатты корпусы ішкі жағына жалатылған алтынынан, сопақ томпақшалар тізбесі түрінде жиегінің бойымен қайталанып отыратын қарапайым өрнегі мен аласа сирағынан басқа қандай да болмасын бір әшекейден ада деуге болады.


Қобдиша
900 сынамалы күміс, ширатпа, түйіршік
Мәскеу
күміс ісінің шебері, ширатушы мещанин Василий Иванович Попов,
1849 ж.
КП 8 – 16657

Сақиналар салуға арналған шағын қобдиша (6,0 х 3,8 х 4,0 см) өзінің нәзіктігімен және әсемдігімен ерекшеленеді, ол «тазалықтан», яғни таза алтын мен күмістен жасалып, ширатпа техникасында орындалған, қоспасыз болғандықтан олардың жұмсақтығы сондай, бұлардан созылған сым өте жіңішке болып шыққан. Қобдишаны 1849 жылы Мәскеуде «91» сынамалы («91» сынама 1847 жылы белгіленген) күмістен күміс ісінің шебері, ширатпашы әрі мещанин Василий Иванович Попов жасаған, оның қолынан шыққан бұйымдар (бақыр, сыйлықтасығыш, потир және басқалар) Мәскеу қаласындағы Мемлекеттік мұражайда сақталуда. Қобдиша тікбұрышты, бүйір жақтары шығыңқы келген. Түбі мен бүйір жақтарындағы пальметта түріндегі (пальманың желпуіш тәрізді мәнерленген жапырағы) торкөзді жеңіл өрнек өте нәзік орындалған. Қақпағы көп күлтелі қомақты гүлмен әшекейленген. Үлбіреген, әдемі, жеңіл, барынша салмақсыз, шағын алақанға сиятын, қайталанбайтын жылтыры көзге жұмсақ көрінетін бұл қобдиша – мұражайдың күміс коллекциясындағы таңдаулылардың бірі.


Шәйсалғыш 875 сынамалы күміс Мәскеу 1883 жыл КП2 – 13062

Бүйір жақтарында мәнерлі тұтқалары бар сандықша түріндегі (12,2 х 8,3 х 8,0 см) шәйсалғыш керемет, ол Мәскеуде 875 сынамалы күмістен дәстүрлі түрде жасалған, алайда, әдетте қара және көк шәй салуға арналатын екі бөлімнің орнына тек бір бөлімі бар. Таңбалаушы белгісіз шебердің таңбасында – 1883 жыл белгіленген.

ХІХ ғасырда шәй қымбат болған, сондықтан үй қызметшілері кейде оны ұрлап, шәй жапырақтарының орнына өздері дайындаған қайдағы бір шөппен ауыстырған. Әдетте шәйсалғыштар құлыпқа жабылатын, мұражайлық шәйсалғыш та сондай. Тек шағын құлып ілетін ілмегі бар жапсырма ғана сақталып қалған. Шәйсалғыштың өрнегі бай әрі санқырлы, ол оның бүкіл бетін алып жатыр және қақпағында, бүйір жақтарында қайталанып отырады.

Өрнектің жекелеген сарындары ғасырлар түкпіріне кетеді. Күрделі келген көне өрменің нышандарын өзара өрілген таспалары бар ромб тәрізді жиектемеден байқауға болады. Өрнектің ортасында екі кіндіктес шеңбер, тек қақпағының үстіңгі беті дөңес болғандықтан шеңберлердің орнына – овалдар орналасқан. Шеңберлердің айналасында жапырақтар және жемістері бар жапырақтар алқасы бар. Қапталдарының бұрыштарына да жемістері бар жапырақтар бедерленен.


Столға қоятын қоңырауша
875 сынамалы күміс, Санкт Петербург, Никольс Карл мен Плинкенің фирмасы, ХІХ ғасырдың бірінші жартысы
КП 9 - 17636

Күміс қоңырауша – төңкеріске дейінгі Ресейдегі дворяндар тұрмысының ажырамас элементі. Мұражай коллекциясында столға қоятын, ағаш тұтқалы құйма қоңырау бар, ол гүлдер мен жапырақтардан тұратын алқа түріндегі бедерлі өрнекпен, шекіме және түйіршікпен әшекейленген. Никольс Карл мен Плинке иелік еткен ірі фирма шеберханасында ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Санкт-Петербургте жасалған. Бүгінде осы фирманың шәй сервиздері, вазалары Мәскеудің Мемлекеттік тарихи мұражайында сақталуда.


Туалеттік жиынтық
Күміс,
ХІХ ғасыр соңы
КП 3 - 13834

Шаш күтіміне арналған сәндік жиынтық әдетте щеткадан, тарақтан және айнадан тұратын. Мұражайдың күміс жинақтамасында айна мен көлемдері әртүрлі үш щетка бар. Коллекцияның толық болуы үшін, өкінішке орай, тарақ жетіспейді. Барлық заттардың жақтаулары монограммалармен және шағын батырмалы көлемді гүлдері – раушандары бар бедерлі жиектермен әшекейленген.

 

 


Жүлделік кубок 875 сынамалы күміс, 1907 жыл,
«Оның императорлық Мәртебесі Г.И.Мария Федоровна өз қолымен тарту еткен. С.П.Зеленковқа. 1907 жылғы 25 желтоқсан» деген бедерлі жазуы бар. КП 0 – 21290

Ескерткіштік сыйлықтар мен жүлделердің арасынан Ресейдің елтаңбасы – екібасты бүркіттің ойма бейнесі бедерленген, сирағы бар, көлемі шағын кубокті көруге болады. Елтаңбаның айналасына – «Оның Императорлық Мәртебесі Г.И.Мария Федоровна өз қолымен тарту еткен» деген, төменде жалғасы – бір жолға «С.П.Зеленковқа 1907 жылғы 25 желтоқсан» деген жазу ойып жазылған. Қарсы жағында – вензель орналасатын бос жер. Мария Федоровна – патшайым, император ІІІ Александрдың зайыбы, император ІІ Николайдың анасы, дат королі ІХ Христианның қызы. Ол 1847 жылы 14 қарашада дүниеге келген, 1894 жылдан бастап жесір қалған.

Жазу кубоктің Тұрғысын селосының казагы С.П.Зеленковқа 1907 жылы сыйланғанын куәлік етеді. Бұр орайда, жерлесіміздің қандай еңбегі үшін атап өтілгенін тек болжай аламыз. Бұл кубокті мұражайға С.П.Зеленковтың қызы, Тұрғысын ауылының тұрғыны Мария Астахова тапсырған.

 


Жүлделік кубок 875 сынамалы күміс, Калуга Күміс ісінің шебері Николай Александрович Сапожников,
ХІХ ғасырдың 80-90-шы жылдары. Бедерлі жазу: «Шабандоздығы үшін. ІІІ Сібір казак полкі»
КП 19 – 20935

Тағы да бір назар аударарлық кубокті мұражайға В.Л.Андреев тапсырған болатын, бұл кубоктың иесі – атасы Тимофей Иванович Максимович, ол Орынбор облысының Сорочинск қаласында 1889 жылы өмірге келген. Т.И.Максимович тегінде ІІІ Сібір казак полкінде қызмет еткен болуы керек, өйткені кубокта 4 жолға: «Шабандоздығы үшін. ІІІ Сібір казак полкі» деген жазу бедерленген. Сібір казак әскерінің 1872 жылы құрылған ІІІ ат полкі біздің өлкемізде орналасқан, оның бөлімдері Өскемен қаласында тұрған.

Кубок 875 сынамалы күмістен құты түрінде жасалған, өсімдіктік ойма өрнекпен (бұтақтар, жапырақтар және гүлдер) әшекейленген. Кубоктің авторы Николай Александрович Сапожников – ХІХ ғасырдың 80-90-шы жылдары Калугада жұмыс істеген атақты 10 шебердің бірі. Оның күмістен жасалған бұйымдары, сонымен қатар Ресейдің Калуга өлкетану және Мемлекеттік тарихи мұражайларында сақталуда. Солардың ішінде икондарға ілетін вотивті (тұмар) қосымшалардың – қолдар, аяқтар, жүректер, көздер, тістер немесе тұтас фигуралар, жартылай фигуралар және бас түріндегі адам денесінің жекелеген бөліктерінің  саны мол. Олардың пайда болу тарихын былай түсіндіруге болады: адамдар сырқаттарынан сауыққандары үшін алғыс ретінде адам денесінің ауру мүшелері – қол, аяқ, жүрек түріндегі бейнелерді құрбандық жасап, иконаға іліп кетіп жүрген.

Мұражай 1999 жылы «отбасылық күміс» – 800 сынамалы күмістен жасалып, 162 заттан тұратын ас құралдарын: әртүрлі қасықтар (45 дана), шанышқылар (62 дана), пышақтар (40 дана), қалақшалар (2 дана), теңіз және өзен шаяндарына арналған қармақтар (11 дана), шақпақ қантты іліп алатын қысқаш (1 дана), шай сүзетін сүзгіш (1 дана) сатып алды.


Асүйлік күміс жиынтығы
800 сынамалы күміс,
Берлин,
1910 жыл

Асүйлік күміс жиынтық
800 сынамалы күміс, Берлин,
1910 жыл

Өткізуші – Өскемен қаласының тұрғыны Валентина Евгеньевна Беньяштың айтуы бойынша күміс оған анасы жағынан атасы – Соломон Пинхуанович Левиннен (1880-1969) қалған, ол Өскеменге Кострома облысының Галич қаласынан 1959 жылы көшіп келген. Төңкеріске дейін С.П.Левин Берлинде тұрған, онда ол тіс дәрігері болып істеген. Асүйлік құралдар жиынтығы оның Ника Александровна Дерермен некелесуінің 10 жылдығына орай өзінің тапсырысы бойынша Берлинде 1910 жылы жасалған. Күмістің неміс жерінен шыққаны туралы оның сынамасынан білуге болады, өйткені Германияда күмістің тек 800 сынамасы ғана болған. Жиынтықтың барлық заттарында иесінің тегін, атын, әкесінің атын белгілейтін вензель бедерленген. «Отбасылық күміс» мұра ретінде ұрпақтан-ұрпаққа өтіп отырған, ол мұқият күтіп ұсталған және ерекше салтанатты жағдайда ғана столға қойылатын болған.


Икона Николай Чудотворец
Ағаш 875 сынамалы күміс
Мәскеу
1869 ж.
КП 8 – 17139

Бет пен қолдарға арналған оймалары бар «Әулие Николай Чудотворец» иконының (12,1 х 1,0 х 19,0) бедерлі шекімелі күміс оклады өте тартымды. Фелоні (священниктің сыртқы жеңсіз киімі) төрткүлтелі гүлдер түрінде бедерленген өсімдіктік ою-өрнекпен, омофор (архиерейлердің иығын жабатын жамылғы) –  әдіппен және қабыршықты өрнекпен, негізі – қалың бедерлі өсімдіктік өрнекпен әшекейленген. Жақтауы жіңішке, бедерлі, дөңгелек, біркелкі ауысып отыратын көлденең сызықтары мен крестері бар. Окладтың төменгі шеті бойында Мәскеу қаласының гербі мен белгісіз сынамашы шебердің салған таңбасы бар және 1869 жыл деп мерзімделген.

Икондар мұра ретінде қалып отырған, солар арқылы ризашылықтарын білдірген. «Николай Чудотворец» иконы анасының ұлына берген батасы іспеттес. Икона жасалғаннан кейін 30 жылдан соң ұлына сыйланған екен. Бұған иконаның сырт жағындағы «Ұлым Николайға берген батам өзіңді сүйетін анаңнан. 1899 жылғы 24 желтоқсан» деген қолжазба куә.

Мұражай жинамасында  ХІХ ғасыр басындағы күміс окладты екі икона – 1802 жылғы «Әулие Құдайананың көз жұмуы» және 1819 жылғы «Әулие Савва Освященный» (9,0 х 7,0 х 0,7) деген шағын икона бар. Әулие Савва – Иорданға таяу жердегі шөлдегі монастырдің негізін қалаушы, кейін ол Савва Освященный лаврасы аталған болатын, әулие монастырь тұсында бейнеленген. Төменгі шетжағында күміс ісінің шебері Василий Яковлевтің таңбасы бар, ол 1805-1822 жылдары Мәскеуде жұмыс істеген.

«Үш святитель (әулие епископ Митрофан, Иоанн Златоуст, әулие епископ Тихон) әулиелер Иларионмен және Параскевамен» окладының сюжеті иконаның сюжетін толығымен қайталайды. Бұл оклад 1852 жылы Мәскеуде Василий Семенов негізін қалаған күміс бұйымдар фабрикасында 1868 жылы жасалған. Сынама шебері – 1862-1875 жылдары жұмыс істеген А.Свечин.

ХІХ ғасырдағы «Тамұққа түсу» түріндегі «Христостың тірілуі» иконының 12 таңбалы оклады көлемді, шекімелі, 875 сынамалы күмістен жасалған. Иконада таңбалар жоқ, өйткені күмістік қатарға біріккен қол өнершілерден басқа да күмісшілер мен алтын ісінің шеберлері айтарлықтай көп болған, олардың бұйымдары базарда сатуға арналмаған және таңбалауға жатпайтын. Олар монастырлердің, архиерей үйлерінің, шіркеулердің мүддесі үшін жұмыс істеген алтын және күміс істерінің патриархтары, «қазыналық монастырлік күмісшілер» мен «үйлік» қолөнершілер болатын.

 

Икона
Әулие Савва Освященный

875 сынамалы күміс
Мәскеу
Күміс ісінің шебері
Василий Яковлев
1805-1822 жылдар
КП 8 – 17138
Икона
Үш Святитель Әулиелер Иларионмен және Параскевамен

875 сынамалы күміс
Мәскеу
Сынама шебері А.Свечин
1868 жыл
КП 13 – 19137/2
Христостың тірілуі иконының оклады 12 таңбасы бар
875 сынамалы күміс
ХІХ ғасыр
КП 14 – 19557/2

Тағы да: мынаны атап өткен жөн, күміс коллекциядағы бүкіл осынау бір бірегей бұйымдарды мұражайға қаламыз бен облысымыздың тұрғындарынан ғана емес, сонымен қатар ХХ ғасырдың сексенінші жылдары Ленинград қаласының антикварлық комиссиялық дүкендерінен де қолжетімді бағамен сатып алу мүмкін болған еді. Соның арқасында республикамыздағы орыс күмісінің таңдаулы коллекцияларының біріне біздің мұражай ие болып отыр.


Ж.Ж. Қайырбекова

 

 

Икона Бәрін уысында ұстаушы тәңір
Ағаш, майлы бояу,
875 сынамалы күміс,
алтын жалату
ХХ ғасыр басы
КП 15 – 19718
Икона Бәрін уысында ұстаушы тәңір
Ағаш, майлы бояу,
875 сынамалы күміс
1908 – 1917 жылдар

 

Штоф
Хрусталь,
875 сынамалы күміс,
алмаздық қырнау Санкт-Петербург
Күміс ісінің шебері
И.П.Хлебников
1818-1864 жылдар
КП 3 - 13838
Шәй сүзгіш
875 сынамалы күміс
Санкт-Петербург
Сынама шебері
Д.И.Тверской
1845 жыл
КП 2 – 13084
Дәмдеуіштерге арналған құты қақпағымен
Шыны, 800 сынамалы күміс
ХІХ ғасыр соңы
КП 3 – 13837

 

Тосапқа арналған ваза
Хрусталь,
875 сынамалы күміс, алмаздық қырнау
ХІХ ғасыр соңы
КП 3 - 13954
Қобдиша
Хрусталь,
875 сынамалы күміс, алмаздық қырнау
ХІХ ғасыр соңы
КП 3 - 13834
Қобдиша
Хрусталь, 875 сынамалы күміс, алмаздық қырнау ХІХ ғасыр соңы КП 3 – 13983

 

Әйелдерлің жазу жиынтығындағы қойын дәптер ХІХ ғасыр
КП 9 – 15374
Шәй сүзгіш
875 сынамалы күміс
Санкт-Петербург
Сынама шебері
Д.И.Тверской
1845 жыл
КП 2 – 13084
Шәйсалғыш
Шыны,
875 сынамалы күміс,
Мәскеу
Сынама шебері Виктор Савенков 1866 жыл
КП 3 – 13826

 

Штоф
Хрусталь,
875 сынамалы күміс, алмаздық қырнау
Санкт-Петербург
Күміс ісінің шебері И.П.Хлебников 1818-1864 жылдар
КП 3 - 13838
Пышақ
Күміс, бедерлеу
ХІХ ғасырдың екінші
жартысы
Қақпағы бар кубок
800 сынамалы күміс
Германия
1882 жыл
КП 3 – 14137

 

Стопка
875 сынамалы күміс
33 г. 44 мг
Мәскеу
1871 жыл
КП 30 – 24590
Құлақбас
875 сынамалы күміс
45 г. 40 мг
1895 жыл
КП 30 – 18918
Балмұздаққа арналған қасық
875 сынамалы күміс
21 г. 14 мг
1874 жыл
КП 29 – 24533

 

Ас қасық
800 сынамалы күміс
58 г. 351 мг
ХІХ ғасыр соңы
ГИК – 29 – 11667
Қою тағамға арналған қасық
875 сынамалы күміс
Мәскеу,
1788 жыл
КП 29 – 18915
Сүзгіш
875 сынамалы күміс
38 г. 25 мг, қалыптау
1866 жыл
КП 28 – 24293

 

Балмұздаққа арналған қасық
875 сынамалы күміс
27 г. 40 мг,
Мәскеу
1830-1835 жылдар
КП 29 – 24532
Шәйсалғыш
Хрусталь, 875 сынамалы күміс, алмаздық қырнау,
ХІХ ғ.соңы – ХХ ғ. басы
КП 3 – 13836
Шәйсалғыш
Хрусталь, 875 сынамалы күміс, алмаздық қырнау,
ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасыр басы

 

Шәйсалғыш
Хрусталь, 875 сынамалы күміс, алмаздық қырнау
ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасыр басы
Десерттік пышақтар
750 сынамалы күміс,
алтын жалату
ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасыр басы
Десерттік шанышқы
750 сынамалы күміс,
алтын жалату
ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасыр басы

 

Шамдал
875 сынамалы күміс,
191г.234мг, қалыптау, ойма
ХІХ ғ.соңы – ХХ ғ. басы
КП 11 – 18699
Стақан сауыты
875 сынамалы күміс
ХІХ ғ.соңы – ХХ ғ. басы
Бедерлі жазуы: «Періште күніне», «Вахмистр Смирновқа К-р Шалобановтан»
Қақпақты және түпқоймалы сиясауыт
Хрусталь, 875 сынамалы күміс,
ХІХ ғасыр Сап 800 сынамалы күміс Мәскеу
Алтын ісінің шебері
Вейде Рудольф,
1908 – 1917 жылдар
КП 3 – 13844

 

Стопка 875
сынамалы күміс
28 г. 95 мг, қалыптау, бедерлеу ХІХ ғ.соңы – ХХ ғ. басы
КП 30 – 24589
Салфеткаға арналған шығыршықтар
800, 875 сынамалы күміс, 1895,1908 ж.ж.
КП 19 – 20917
КП 19 – 20918
КП 19 - 20916
Иіссуға арналған құты
Хрусталь,
875 сынамалы күміс, алмаздық қырнау ХХ ғасыр басы
КП 3 – 13831

 

Шағын стақан
875 сынамалы күміс
59 г. 60 мг, бедерлеу
Мәскеу
1858 жыл
КП 2 – 13083
Әулие Николай Чудотворец иконы окладының тәжі
875 сынамалы күміс, қалқалы эмаль 1908 – 1917 жылдар
Құран Кітапқа арналған қаптама
916 сынамалы күміс
74 г. 70 мг
ХХ ғасыр басы
КП 30 – 24640

 

Балмұздаққа арналған қасық
875 сынамалы күміс
25 г. 043 мг,
ХХ ғ.басы
ГИК 25 - 9244
Шәй қасық
875 сынамалы күміс
23 г. 975 мг
ХХ ғасыр басы
КП 10 - 18125
Ас қасық
875 сынамалы күміс
61 г. 41 мг,
«Фаберже» фирмасы,
1911 жыл
КП 10 – 18125

 

Кілегей сауыт
925 сынамалы күміс
Германия
ХХ ғасыр ортасы
«Үйрек» миниатюрасы
925 сынамалы күміс
ХХ ғасыр ортасы
КП 37 - 26062
Шәй қасықтар
916 сынамалы күміс
ХХ ғасыр ортасы

 

Шәй қасықтар
916 сынамалы күміс, эмаль
Таллин
ХХ ғасыр ортасы
Шәй қасықтар
916 сынамалы күміс, эмаль
Таллин
1953-1958 жылдар
Кофе шыныаяғы жұбы
875 сынамалы күміс, бедерлеу, алтын жалату
Мәскеу
1956-1962 жылдар

 

Коньяктік стопка
875 сынамалы күміс, қаралау Дағыстан, Кубачи ауылы, Кубачи көркемөнер комбинаты
1961-1965 жылдар
Стақан сауыттары
875 сынамалы күміс, оймалау, қаралау Дағыстан, Кубачи ауылы ХХ ғасырдың 60-шы жылдары
Коньяктік стопкалар
875 сынамалы күміс, оймалау, қаралау Дағыстан, Кубачи ауылы ХХ ғасырдың 60-шы жылдары

 

Стақан сауыттары
875 сынамалы күміс, оймалау, қаралау Дағыстан, Кубачи ауылы ХХ ғ. 60-шы жылдары
Стопка
875 сынамалы күміс,
52 г. 63 мг.
ХХ ғасырдың 70-ші жылдары
КП 30 – 24668
Кофе шыныаяғы
Фарфор, глазурь,
925 сынамалы күміс
Германия
ХХ ғасырдың екінші жартысы

 

Тұзсалғыш
Хрусталь,
875 сынамалы күміс, алтын жалату
ХХ ғасырдың екінші жартысы
Шақша
Берік Әліпбай 875 сынамалы күміс,
обсидиан, қалыптау, жалған түйіршік
2005 жыл
 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …