• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
қор коллекциялар
коллекциялар

Күміс ісі шеберлерінің бұйымдары

Шығыс Қазақстан облыстық мұражай-қорығының күміс коллекциясы таңқаларлық. Онда мәдениет пен өнердің керемет туындылары жиналған: қазақтар мен орыстардың зергерлік күміс әшекейлері, монеталар, икондардың окладтары, құдайға табыну заттары және, әрине, күміс ыдыс-аяқ.

Күміс бұйымдар – бұлар тек мәдениет пен өнер ескерткіштері ғана емес, сонымен қатар тарихи дереккөз, өйткені оларға соғылған таңбалардың, жазулардың, монограммалардың арқасында қызықты дүниелерді, тарихтың белгісіз беттерін ашуға болады.

 

Музыкалық аспаптар

Санғасырлық тарих бойында әр халық өзінің ұлттық музыкасын қалыптастырып, өзіндік аспаптар жасады.

Уақыт өте келе музыкалық аспаптардың сырт бейнесі өзгеріп, жетілдірілді, кейде жаңасымен ауыстырылды. Шеберлік пен үнемі жаңаға деген ұмтылыс, түйсік пен шабыт сияқты адами қасиеттер саз шығаруы жөнінен бұрын болмаған музыкалық аспаптар жасауға септігін тигізген. Есімдері сақталмаған халық қолөнершілері мен атақты шеберлер оларды түрлі-түсті тастармен, оймыштармен, жозымен әшекейлеп, нағыз сәндік-қолданбалы өнер туындыларына айналдырған.

Облыстық этнографиялық мұражай-қорық қорының коллекциясында ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасырдағы музыкалық аспаптардың үлкен коллекциясы сақталуда.

 

Икондар

Сайтта этнографиялық мұражай қорының құрамы жағынан облыстағы ең бай әрі алуантүрлі икондар жинамасының  тек аз бөлігі ғана ұсынылып отыр.

Орыстардың православиелік иконы византиялық икона кескіндеудің таңдаулы дәстүрлерін мұра етіп алған. 500 жылдан астам уақыт ішінде ол әлемдік мәдениетке жоғары өнердің көркемдік жағынав жетілдірілген және руханилығы жағынан терең болып келетін үлгілерін берді.

 

Шойын құйма

Касли зауытының негізі 1747 жылы Уралда қаланған болатын, тек ХІХ ғасырдың үштен бірінің алғашқы бөлігінде ғана оның өнімінің ассортиментінде өзінің көркем құймасы пайда болды. Содан кейінгі онжылдықтар – Каслиде көркем шойын құйма өндіру ісінің барынша өркендеген кезеңі.

Сол өңірде табиғи қалыптастырушылық құмның мол болуы, ағаш көмірімен балқытылатын шойын сапасы, қалыптаушылар мен шекімешілердің ұзақ жылдар бойғы ауыр еңбегі нәтижесінде қалыптасқан шеберлігі арқасында керемет Каслилік шойын құю өндірісі жетілдірілді

 

Хрусталь

 

Шамдалдар
Хрусталь, металл, алмаздық қырнау
ХІХ ғасыр
КП 3-13923
КП 3-13924
Ваза
Шыны
ХІХ ғасыр
Жеміске арналған
ваза Шыны
ХХ ғасыр басы

 

 

Буддизм

Шығыс Қазақстан облыстық мұражай-қорығының буддалық коллекциясы жәдігерлерінің саны жағынан басқа коллекциялармен салыстырғанда әзірше шағын, өйткені ол сирек кітаптар және иконажазу бөлімінде діндер тарихы секторы ашылғаннан кейін ғана мақсатты түрде қалыптастырыла бастады.

 

 

Қола құйма

Верфель фабрикасының негізін 1842 жылы қола ісінің шебері Федор Верфель қалағанымен, оның атағын шығарып, гүлдендірген ұлы Карл (1873 жылдан бастап фабриканың жеке иесі) болды. 1895 жылғы 6 маусымнан бастап К.Верфель фирмасы сарай жанындағы жабдықтаушыға айналды. Оның негізгі бұйымдары қоладан және іске жарамды түрлі-түсті тастардан құрамдастырылған заттар еді. Сонымен бірге фабрика ұсақ пластика өндіретін.

 


Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …