• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size

Талдамалы анықтама. 2026

«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығы» КМҚК қызметінде

сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындысы бойынша

ТАЛДАМАЛЫ АНЫҚТАМА

 

Өскемен қаласы                                                                         2026 жылғы «30» сәуір

 

«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығы» КМҚК «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы         19 қазандағы № 21 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына», ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 30 желтоқсанда бекіткен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді (бұдан әрі-СЖТІТ) жүргізілді. 

«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығы» КМҚК (бұдан әрі – ШҚО этнографиялық музейі) келесі бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді:

1) нормативтік-құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау,

2) ШҚО этнографиялық музейінің ұйымдастырушылық-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін ШҚО музей-қорығы директорының 2026 жылғы 30 наурыздағы № 68-ӨШ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы бұйрығы негіз болды. ШҚО этнографиялық музейінің қызметін реттейтін негізгі нормативтік-құқықтық актілер: «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңы, «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 04 желтоқсандағы Бюджет кодексі және музей жұмысы, бухгалтерлік есеп, шаруашылық-қаржылық қызмет пен еңбекті қорғау мәселелері бойынша өзге де НҚА болып табылады.

   ШҚО этнографиялық музейі қызметінің мәні мәдениет саласындағы қызметті жүзеге асыру; мәдени, білім беру, ғылыми-зерттеу функцияларын жүзеге асыруға және Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын танымал етуді қамтамасыз етуге арналған музей заттары мен музей топтамаларын сақтау, зерделеу және көпшілік алдында ұсыну; жануарлар дүниесі мен тірі өсімдіктердің алуан түрлілігін көрсету болып табылады.

Қызметтің мақсаты – халыққа рухани-адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру.

ШҚО этнографиялық музейі алға қойған мақсатқа жету үшін келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) Музейлердің қызметін жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын насихаттау;

2) ботаникалық бақтар мен зообақ қызметін жүзеге асыру,

3) тақырыптық саябақтар мен тақырыптық көрмелердің қызметі,

4) ойын-сауық сипатындағы, оның ішінде ұлттық стильдегі жәрмеңкелер мен қойылымдарды ұйымдастыру.

ШҚО этнографиялық музейінің қызметі «Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» ММ басшысы бекітетін жылдық жоспарлар негізінде жүзеге асырылады.

 

Жұмыс тобының төрағасы:

Директордың көрме-экспозициялық және ағарту жұмысы жөніндегі орынбасары

Жұмыс тобының мүшелері:

директордың шаруашылық және техникалық мәселелер жөніндегі орынбасары,

директордың әкімшілік және ұйымдастыру мәселелері жөніндегі орынбасары,

директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары,

бас бухгалтер,

ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі,

мемлекеттік сатып алу бөлімінің меңгерушісі,

бас қор сақтаушы.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2026 жылдың 01 сәуірінде басталып, 2026 жылдың 30 сәуірінде аяқталды.

Ішкі талдау ШҚО этнографиялық музейінің 2025 жылдың 01 сәуірі мен 2026 жылдың 31 наурызы аралығындағы жұмыс кезеңін қамтыды.

ШҚО этнографиялық музейінде СЖТІТ өткізу барысында 5 сыбайлас      жемқорлық тәуекелі анықталды.

 

  1. I.      Нормативтік-құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

              1.ШҚО этнографиялық музейінің кәсіподақ комитеті - 1 тәуекел

Бағыт бойынша: құқықтық актілер мен ішкі құжаттар ережелерінің қайшылығы, индикаторлар бойынша:

- «заңда немесе ішкі құжатта белгіленген басым норманы таңдау қағидаларының болмауы»,

- «басым норманы таңдау үшін жауапкершілік талдау объектісінің лауазымды адамына жүктеледі»

         Кәсіподақ ұйымы қызметкерлердің еңбек, әлеуметтік және экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асырады, сондай-ақ мәдени-көпшілік іс-шараларды, материалдық көмекті, өзге де әлеуметтік игіліктерді бөлуді ұйымдастырады. Қаржыландыру мүшелік жарналар және заңнамада тыйым салынбаған өзге де түсімдер есебінен жүзеге асырылады. Ішкі құжатты (2024-2029 жылдарға арналған ұжымдық шарт) талдау нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық сипатындағы жағдайлар анықталған жоқ, алайда шешім қабылдау кезінде субъективті көзқарас таныту және материалдық көмекті бөлу барысында нақты критерийлердің болмау тәуекелі бар. 

         Ұсыныстар:

1. Музейдің кәсіподақ ұйымының мүшелеріне материалдық көмек көрсету және жеңілдіктер беру ережелерін қарастыратын мекеменің ұжымдық шартының тармақтарын кеңейту. Ұжымдық шартқа қосымша кеңейтілген ережелерді қосу. 

2. Осы мәселе бойынша алқалы шешім қабылдауды қамтамасыз ету.

 

2. Қорды есепке алу және сақтау бөлімі-1 тәуекел

бағыт бойынша: лауазымды тұлғалардың функцияларын, міндеттерін, құқықтары мен жауапкершілігін тиісінше айқындамау, индикатор бойынша:

- «Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 25 мамырдағы № 154 бұйрығында бекітілген, музей қорына қол жеткізуді регламенттейтін қағидалар сақталмайды»

Қорды есепке алу және сақтау бөлімі ШҚО этнографиялық музейінің қор коллекцияларының сақталуын, жүйеленуін және қозғалысын бақылауды қамтамасыз ететін негізгі құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Оның қызметі маңызды міндеттердің бірін — қордың құрамына кіретін заттардың физикалық және ғылыми сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.

2025 жылдан бастап сақтау қоймасына келуді есепке алу журналын жүргізуді тоқтата тұруға байланысты музей заттарына рұқсатсыз қол жеткізу тәуекелі туындады, бұл Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 25 мамырдағы № 154 «Музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына қайшы келеді.

Ұсыныстар:

 1. 2026 жылдың мамыр айынан бастап 2007 жылғы 25 мамырдағы № 154 «Музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу қағидаларына» сәйкес музейдің сақтау қоймасына кіруді жазбаша есепке алуды қайта бастау. Жауапты тұлға – бөлімнің бас қор сақтаушысы.

 

II. Ұйымдастырушылық-басқару қызметі мынадай бағыттарды қамтиды:

         1. Шаруашылық қызмет

         2026 жылдың басынан бастап музей-қорық қызметкерлерінің күшімен мекеменің М.Горький көшесі, 59, Қ. Қайсенов көшесі, 67, Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайларында, сондай-ақ Солжағалық музей кешенінің аумағында (этноауыл, хайуанаттар бағы, абаттандыру нысандары) орналасқан нысандарында қалпына келтіру және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар маусымдық сипатқа ие және қысқы кезеңнен кейін нысандарды қалпына келтіруге, сондай-ақ көктем-жаз кезеңінде пайдалануға және келушілер үшін ашуға дайындауға бағытталған. Жұмыстар музей-қорық қызметкерлерінің өз күштерімен орындалады. Орындалған жұмыстарды қабылдау шығарылған бұйрықтар негізінде комиссиялық тәртіппен жүзеге асырылады.

         Бөлім құрылымында Солжағалық кешен аумағында және Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайында орналасқан қойма үй-жайлары жұмыс істейді. Тауар-материалдық құндылықтарды есепке алу және беру тиісті құжаттаманы ресімдей отырып, өтінімдер негізінде қоймашылар арқылы жүзеге асырылады. Қоймаларды түгендеу материалдық жауапты тұлғалардың қатысуымен жүргізіледі.

         Тауар-материалдық құндылықтар жеткізушілерден қоймаға түскен кезде   жеткізілген тауардың шарт талаптары мен техникалық ерекшеліктерге сәйкестігі тексеріле отырып қабылдау жүзеге асырылады.

         Техника мен арнайы техниканы (тракторлар, жүк тиегіштер және т.б.) пайдалану жоспарланған жұмыстардың орны мен көлемін көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің өтінімдері негізінде жүзеге асырылады.

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар анықталған жоқ. Дегенмен ұйымдастырушылық сипаттағы ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды:

 Шаруашылық-техникалық бөлім – 3 тәуекел

Бағыт бойынша: міндеттерді бөлуді және жұмыстардың орындалуын бақылауды жеткіліксіз реттеу.

         Кейбір жағдайларда орындалатын жұмыстардың көлемі мен сапасын бақылау үшін жауапкершіліктің егжей-тегжейлі бекітілуі жоқ, бұл бақылаудың жеткіліксіздігіне алғышарттар жасауы мүмкін.

Бағыт бойынша: жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде орындалатын жұмыстардың көлемі мен сапасын бақылау

Мекеме қызметкерлерінің өз күшімен жұмыстарды орындауына байланысты, олардың комиссиялық қабылдауына қарамастан, орындалған жұмыстардың көлемі мен сапасын растау рәсімдерінің жеткілікті деңгейде формалданбау тәуекелі бар.

Бағыт бойынша: тауар-материалдық құндылықтарды есепке алу, сақтау және қозғалысы.

Екі қойма үй-жайының (Солжағалық кешен және Бейбітшілік көшесі, 29) болуы, сондай-ақ жеткізушілерден материалдарды қабылдау ТМҚ-ның техникалық ерекшелікке сәйкестігін, олардың қозғалысын, берілуін және есептен шығарылуын тұрақты бақылауды талап етеді, бұл рәсімдердің жеткілікті деңгейде нақтыланбауы есептік деректердің бұрмалануына алғышарттар жасауы мүмкін.

 Қорытынды:

Шаруашылық-техникалық бөлімнің қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар анықталған жоқ. Дегенмен, ішкі процестерді одан әрі жетілдіруді және бақылауды күшейтуді талап ететін ұйымдастырушылық сипаттағы ықтимал тәуекелдер анықталды.

Ұсыныстар

1. Бөлім қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

2. Жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарының орындалуын, оның ішінде көлемі мен сапасын растау бөлігінде бақылауды күшейту.

3. Тауар-материалдық құндылықтарды қоймада есепке алу, ішкі қозғалысы және есептен шығару рәсімдерін қосымша регламенттеуді қамтамасыз ету.

 

2. Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы

 ШҚО этнографиялық музейінің штат саны 623,5 бірлікті құрайды, 2026 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша нақты саны 405 бірлікті құрады, оның ішінде 3 қызметкер баласы үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша демалыста.

2025 жылғы 01 қаңтар мен 2025 жылғы 31 желтоқсан аралығында тексерілетін кезеңде кадрлардың ауысуы: 124 қызметкер қабылданды, 166 адам жұмыстан шығарылды (теріс себептер бойынша - 0 адам). 2026 жылғы 01 қаңтар мен 31 наурыз аралығында 28 қызметкер қабылданып, 24 адам жұмыстан шығарылды. Қызметкерлердің жұмыстан шығуының негізгі себебі-жалақының төмендігі.

Талданатын кезеңде бос лауазымдарға орналасуға конкурстық рәсімдер өткізілген жоқ. 

Бос жұмыс орындары туралы ақпарат «HR Enbek» еңбек ресурстары порталы, ШҚО этнографиялық музейінің әлеуметтік желілерінде және Мансап орталығының чатында жүзеге асырылады.

 2025 жылы 11 қызметкер ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды, ал 1 (бір) қызметкерге лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс берілді.  

2026 жылдың қаңтар айы мен 2026 жылдың 31 наурызы аралығында 2 қызметкер ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 

Тәртіптік жазалары алынбаған қызметкерлерге сыйлықақы берілген жоқ.

 Музей-қорық қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар және сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын құқық бұзушылықтар үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған жоқ.

Тексерілетін кезеңде 2025 жылдың 01 сәуірі мен 2026 жылдың 31 наурызы аралығында ШҚО этнографиялық музейінің қызметкерлері аттестаттаудан өткен жоқ.

 Музей-қорықтың барлық қызметкерлері (әкімшілік-басқару және ғылыми құрам) біліктілік талаптарына сәйкес келеді, тиісті білімдері бар.

2025 жылы жоғары тұрған лауазымға 7 қызметкер ауыстырылды: 4 маман бөлім меңгерушісі болды (М.Н. Катпенова экспозициялық-көрме жұмысы бөлімінің көрмелер мен экспозицияларды ұйымдастыру жөніндегі маманы лауазымынан осы бөлімнің меңгерушісі лауазымына ауыстырылды; Ш.Т. Мұқан даму және ақпараттық технологиялар бөлімінің бағдарламалық қамтамасыз ету жөніндегі маманы лауазымынан осы бөлімнің меңгерушісі лауазымына ауыстырылды; А.Н. Филиппов инженер-сметашы лауазымынан шаруашылық-техникалық бөлімнің өндірістік-техникалық қамтамасыз ету секторының меңгерушісі лауазымына ауыстырылды; Ә.Н. Дәуітқанов шаруашылық-техникалық бөлімнің жабдықтау жөніндегі маманы лауазымынан сол бөлімдегі сумен, жылумен және энергиямен қамту секторының меңгерушісі лауазымына ауыстырылды; Е.А. Семибратова орыс этнографиясы ғылыми-зерттеу бөлімінің этнологі лауазымынан сол бөлімнің меңгерушісі лауазымына ауыстырылды;           Н.Г. Рахиева қазақ этнографиясы ғылыми-зерттеу бөлімінің этнологі лауазымынан осы бөлімнің меңгерушісі лауазымына ауыстырылды; өлке фаунасы (хайуанаттар бағы) бөлімінің жануарларға күтім жасау жөніндегі жұмысшысы          Г.Д. Кошпанова сол бөлімде орнитология секторының меңгерушісі лауазымына ауыстырылды).

 Төмен тұрған лауазымға өз қалауы бойынша 3 қызметкер (жұмыс істейтін зейнеткерлер) ауыстырылды: халықтық және сәндік-қолданбалы өнер ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі Р.Ч. Мухамеджанова сол бөлімдегі кіші ғылыми қызметкер лауазымына ауыстырылды, қорды есепке алу және сақтау бөлімінің қор сақтаушысы С.Д. Шегебаева музей нысандарын жөндеу және қалпына келтіру бөліміне жұмысшы болып ауыстырылды, халықтар және аз санды этникалық топтар этнографиясын ғылыми-зерттеу бөлімінің ғылыми қызметкері               М.Д. Старкова күндізгі күзет секторына музей қараушысы болып ауыстырылды. 

         2026 жылдың 01 қаңтары мен 2026 жылдың 31 наурызы аралығында жоғары тұрған лауазымға 4 қызметкер ауыстырылды: жабдықтау жөніндегі маман           О.Р. Смаков директордың шаруашылық және техникалық мәселелер жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы; шаруашылық-техникалық бөлімнің музей-қорық нысандарына қызмет көрсету секторының меңгерушісі Б. Н. Мұхамадиев музей-қорық нысандарын жөндеу және қалпына келтіру бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды; музей-қорық нысандарын жөндеу және қалпына келтіру бөлімінің екі жұмысшысы (С.Д. Шегебаева және Б. Хавдихан) қорды есепке алу және сақтау бөліміне (С.Д. Шегебаева) қор сақтаушы және (Б. Хавдихан) қалпына келтіруші болып ауыстырылды.

         ШҚО этнографиялық музейінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және коммерциялық пара беру жөніндегі нұсқаулық, сондай-ақ, Мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі ереже әзірленіп, қолданылады.  

3. Мүдделер қақтығысын реттеу.

Талдау барысында анықталған жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірлескен қызметінің (жұмысының) фактілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының 14-бабының 1-тармағына сәйкес жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарына мүшелікке кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдар өздерiнiң жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары атқаратын лауазымдарға тiкелей бағынысты болатын лауазымдарды атқара алмайды.    

Жақын туыстары бірлесіп жұмыс істеген жағдайда мүдделер қақтығысы туындауы мүмкін, бұл өз кезегінде мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылыққа әкеп соғуы мүмкін, бұл ретте аталған адамдардың жеке мүдделері олардың өз лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін. Сонымен қатар, мұндай жағдай сыбайлас жемқорлық тәуекелін тудырады.

 ШҚО этнографиялық музейінде мүдделер қақтығысын реттеу туралы ереже әзірленіп қолданыста.

Ұжымдағы қызметкерлер арасындағы туыстық байланыс фактілері анықталды, бірақ мүдделер қақтығысы жоқ.

Ұсыныстар: 

 1) Ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі мүдделер қақтығысы фактілерінің туындауын болдырмау үшін жақын туыстарының бірлескен жұмысына тұрақты негізде мониторинг жүргізсін;

2) Ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі музей-қорық директорының орынбасарларымен бірлесіп (ғылыми жұмыс, көрме- экспозициялық және ағарту жұмысы жөніндегі) қызметкерлердің кадрлық құрамын (бар бос жұмыс орындары) талдап, қызметкерлерді аттестаттаудан өткізсін.

         4. Мемлекеттік қызметтер көрсету

         ШҚО этнографиялық музейі мемлекеттік қызметтер көрсетпейді.

         5. Рұқсат беру функцияларын іске асыру

         Қолданыстағы Жарғыға сәйкес ШҚО этнографиялық музейінің құзыретіне рұқсат беру функцияларын іске асыру кірмейді.

         6. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру

         Қолданыстағы Жарғыға сәйкес ШҚО этнографиялық музейіне бақылау-рұқсат беру функцияларын жүзеге асыру өкілеттігі берілмеген.

         7. Бюджет және ақша қаражатын игеру және бөлу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

         ШҚО этнографиялық музейі бюджетінің орындалуы міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Бюджет қаражатын толық игеру үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу уақтылы жүргізіледі, еңбекақы төлеу, жарналар мен салықтар бойынша ақшалай қаражатқа қажеттілік еңбекке жарамсыздық парағы және бос жұмыс орындарын ескере отырып есептеледі, қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізуге өтінімдер беріледі.

         Қаржылық есептілік жасалады және бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне («ШҚО мәдениет басқармасы» ММ) уақтылы ұсынылады.

         Бюджетке төленетін барлық салықтар мен төлемдер ҚР Салық кодексіне сәйкес есептеледі. Салық және статистикалық есептер мерзімінде тапсырылады.

 

Қорытынды бөлім:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындысы бойынша «Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығы» КМҚК-ның жұмыс тобы 5 сыбайлас жемқорлық тәуекелін анықтады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері музей-қорықтың ресми сайтында орналастырылсын.

 

 

 

МӘТІНДІК БАЗА БОЙЫНША ІЗДЕУ

ЯНДЕКС ЖҮЙЕСІНДЕ ИНДЕКСАЦИЯДАН ӨТКЕН ІЗДЕУ

Есептегіштер

 Top.Mail.Ru

Статистика

Members : 3
Content : 3158
Content View Hits : 39723226

Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді.QR Museum сілтемесіне көшу …


«E-museum» веб-порталы - еліміздегі барлық музейлер мен олардың қорындағы жәдігерлер туралы ақпаратты бір жүйеге біріктіретін ұлттық цифрлық платформа.E-museum сілтемесіне көшу ...