22 желтоқсанда, қысқы күн тоқырауы күні музей-қорық қызметкерлері «Ақбауыр» бөлімінің меңгерушісі Галина Петенёваның басшылығымен «Ақбауыр» тарихи-археологиялық кешенінде бақылау жүргізді.
Ақбауыр облыс орталығынан 38 шақырым жерде, Қалба тауының сілемдерінде орын тепкен. Оның құпиясын алғашқы болып ХХ ғасырдың 80-ші жылдарында белгілі қазақстандық археолог Зейнолла Самашаев ашқан болатын. Ол ежелгі шатқал жартастарындағы тастарға б.д.д. ІІІ мыңыншы жылдары түрлі бейнелер салынған үңгірлерді тапқан еді. Осынау ерекше ескерткішті тапқан көптеген зерттеушілер Ақбауыр сол кездегі адамдар аспан кеңістігіндегі өзгеше құбылыстарды, ең бастысы, Күннің өзгеру кезеңдерін бақылаған ежелгі астрообсерватория болған болуы керек деген пікірге келген. Осылай деп аталған рәсімдік алаңда сүйектер бар (олар геологияда эрозиядан, жауын-судан, өкпек желден және басқалардан пайда болған таулық массивтер деп аталады), оларды зерттеген ғалымдар ол жерлерде ескі заманда өмір сүрген тайпалар түрлі рәсімдер өткізіп, аспан көгінің жарқырауын бақылаған деген пікірге келген.
< Prev | Next > |
---|