• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
«Ақ бауыр» кешен Ақбауырда Күннің қысқы тоқырауы. 2017

Ақбауырда Күннің қысқы тоқырауы. 2017

Ак бауырАк бауыр

22 желтоқсанда, қысқы күн тоқырауы күні  музей-қорық қызметкерлері «Ақбауыр» бөлімінің меңгерушісі Галина Петенёваның басшылығымен «Ақбауыр» тарихи-археологиялық кешенінде бақылау жүргізді.

Ақбауыр облыс орталығынан 38 шақырым жерде, Қалба тауының сілемдерінде орын тепкен. Оның құпиясын  алғашқы болып ХХ ғасырдың 80-ші жылдарында белгілі қазақстандық археолог Зейнолла Самашаев ашқан болатын. Ол ежелгі шатқал жартастарындағы тастарға б.д.д. ІІІ мыңыншы жылдары түрлі бейнелер салынған үңгірлерді тапқан еді. Осынау ерекше ескерткішті тапқан көптеген зерттеушілер Ақбауыр сол кездегі адамдар аспан кеңістігіндегі өзгеше құбылыстарды, ең бастысы, Күннің өзгеру  кезеңдерін бақылаған ежелгі астрообсерватория болған болуы керек деген пікірге келген. Осылай деп аталған рәсімдік алаңда сүйектер бар (олар  геологияда эрозиядан, жауын-судан, өкпек желден және басқалардан пайда болған таулық массивтер деп аталады), оларды зерттеген ғалымдар ол жерлерде ескі заманда өмір сүрген  тайпалар түрлі рәсімдер өткізіп, аспан көгінің жарқырауын бақылаған деген пікірге келген.

- Біздің алға қойған міндетіміз, - дейді Галина Петенёва, - Ақбауыр күннің қысқы тоқырауында обсерватория ретінде жұмыс істей ме, әлде жоқ па, ғибадатханадағы рәсімдік алаңдар мен үңгірдің қысқы күннің орналасуымен қалайда бір байланысы бар ма деген сұраққа жауап іздеу.

Қысқы күннің тоқырауы Жердің айналу осі Күннің бағытынан көбірек айналып, ал аспан көгінің көтеріле жарқырауы ең төменгі деңгейде болуы кезінде орын алады.  Бұл кезде Жер осінің Күнге қатысты барынша иілу бұрышы  23° 26'-ны құрайды. Мұндай астрономиялық құбылыс жылдың ең қысқа күні мен ең ұзақ түніне дөп келеді.

Бақылаушы топ Ақбауырға 22 желтоқсан күні таңсәріде барды. Олардың мақсаты Күннің Қоржынбай тауының солтүстік-батыс беткейінен шығатын сәтін анықтау еді. «Біздің бақылауымыз бойынша жаздыгүні дәл осы жерде, - дейді Галина Геннадьевна, - күн көкжиектен пайда болды да, оның шапағы салт-жоралғылар өтетін болған алаңдағы бір сүйектің жарықшағынан өтті».  Алайда, бақылаушылардың атап көрсеткеніндей, 22 желтоқсан күні аспан көгінің жарқырауы оңтүстікке қарай ойысты да, үңгір үстіндегі бедерленіп  салынған суреттер үстінде тұрғандай көрінгені бар. Күннің алғаш шығуын Қоржынбай тауының басына шыққан «Ақбауыр» бөлімінің қызметкері Даниил Воротников көрді. Музей-қорықтың суретке түсірушісі Сергей Суров бұл кезде үңгірде болып, оның қабырғалық тастарындағы күн нұрына  бөленген бейнелерді суретке түсіріп жүрген еді.

- Біз бүгін шыққан күннің шапағы салт-жоралғылар өтетін болған алаңға тек түске таман түсетінін анықтадық, - деді сапарды қорытындылаған «Ақбауыр» бөлімінің меңгерушісі Галина Петенёва. – Тасты тақталардан жасалған «салт-жоралғылық» қабырғалы сүйектер жап-жарық болып көрінеді. Күннің өзі бір сәтке полярлық жұлдызға тікелей оппозиция ұстанатындай.

Қыс пен жазда тоқырайтын күндер ертеде өмір сүрген адамдардың өмірінде айрықша орын алып, көптеген мәдени шаралар барысында аталып өтілетін болған.  Ал от сондай мерекелердің міндетті атрибуты болып саналған. Адамдар алау жағу Күннің қайта шығуына көмектеседі деп сенген. Бұл жолы да Ақбауырдың  шағын бір алаңында алау жағылды. Осылайша ежелгі ғибадатхана Күннің қайта тууын мерекелеп өтті.

 

Музей-қорықтың баспасөз қызметі

Суретті түсірген Сергей Суров.

 

Ак бауырАк бауырАк бауырАк бауырАк бауырАк бауырАк бауырАк бауыр

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …