ХIХ ғасырдағы құлыптар коллекциясы мұражай қорын толықтырды. 2016
 
Құлыптар өткен дәуір артефактісіне айналмас бұрын, тікелей мақсатта пайдаланылды: шабадандар мен қобдишалардың ішін бөгде адамдар көрмес үшін құлыптап қоятын.
– Коллекция құрамына 40 бұйым кіреді, бұл ХІХ ғасыр соңымен мерзімделетін, патшалық Ресейде жасалған аспалы құлыптар мен кілттер. Көбінде мануфактура иелерінің аттары сақталған. Мысалы, Семен Рыженьков, Костянкин Рыженьков, Михаил Акирьев және басқалары. Құлыптар мыс қорытпалардан жасалған, негізінен шалқан сипатты, жапқыш механизмі – сувальдты, – деді ШҚО мұражай-қорығының ғылыми қызметкері Наталья Честнейшина.
Мұражай-қорықтың сирек кітаптар және иконажазу бөлімінің меңгерушісі О.Н. Осерчеваның ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуы. 2016
30 қаңтарда Өскемен қаласы әкімдігінің «ОКЖ» КММ, Е.П. Славский атындағы жағалауы, 22, мекенжайында «СІБІР КАЗАКТАРЫ ТАРИХ МӘНМӘТІНІНДЕ» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді, оны өлкетану ақпараты бөлімінің қызметкері И.Б. Каланчина Жоғарғы Ертіс орыс казак қауымымен бірлесіп ұйымдастырды.
Конференцияға сирек кітаптар және иконажазу бөлімінің меңгерушісі О.Н.Осерчева шіркеудің тарихи атауын қайта қалпына келтіруге арналған «Ертістегі Красноярск селосының Православиелік Әулие-Николай шіркеуі» (негізі қаланғанына 190 жыл толуына орай) баяндамасымен қатысты.
Мұражай-қорықтың зообағында нағыз «бэби-бум». 2016
 
Өткен жыл облыстық мұражай-қорық үшін төлге бай жыл болды. Жабайы аңдар, әсіресе жыртқыштар қамауда ұстаған кезде онша көбеймейді. Олардың төлдеуінің өзі зообақ қызметкерлерінің кәсіптік жұмысы мен жақсы қарауының көрсеткіші болып табылады.
Ізгі дәстүрдің бастамасына Даша мен Саша деген қоңыр аюлар себепкер болды. Ағымдағы жылдың қаңтар айында екі қонжық жасқа толды. Барлық өлшемдері бойынша олар әлі бала болғандықтан күндерін ойын ойнаумен өткізеді. Қонжықтардың көңіл көтерулерін балалар мен ересектер қызыға тамашалайды.
Өткен жылы төл қорбаңбайларда ғана пайда болған жоқ, сондықтан ШҚО мұражай-қорығының зообағы үшін 2015-ті «бэби-бум» деп атауға болады.
Самауыр-раритет мұражай-қорық қорын толықтырды. 2016
 
Біздің түсінігімізше самауырлардың көбі ағаш отынмен қайнатылған, қазіргі уақытта олар электрмен ауыстырылған. Бірақ 20 ғасырдың басында, яғни революцияға дейінгі уақытта керосинмен қайнатылатын самауырлар да болған.
– Бүгінгі күні олар өте сирек кездеседі. Негізінен мұндай самауырлар Кавказда қолданылған, онда мұнай кәсіпкерлері жұмыс істеген, және де керосин арзан болған. Керосинді шамның отаны Әзірбайжан болуы кездейсоқтық емес, – деді мұражай-қорықтың орыс этнографиясы бөлімінің ғылыми қызметкері Роман Нечаев.
Виртуалды экскурсиялар «Мемлекеттік Орыс мұражайының залдары бойынша саяхат» және «Ертегі патшасы - Ганс Христиан Андерсон». 2016
 9 қаңтар, сенбі күні сағат 12-00-де мұражай-қорықтың ақпараттық-білім бөлімі «Восточный» кентінің орта мектебінде «Мемлекеттік Орыс мұражайының залдары бойынша саяхат» және «Ертегі патшасы - Ганс Христиан Андерсон» («Дюймовочка» мультфильмін көрсетумен) атты виртуалды экскурсиялар өткізді. Іс-шара барысында викториналар мен конкурстар өткізіліп, ойындар ойнатылды.
Аяз ата мен балалардың жаңажылдық қызықты оқиғалары. 2015
 
Қазір мұражай-қорықта төменгі сынып оқушыларына арналған жаңажылдық көңілді ертеңгіліктер өтуде. Қ.Қайсенов көшесі, 67 мекенжайындағы ғимаратта бұл уақытта қызған аншлаг. Ғылыми-ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің қызметкерлері қала мектептерінің оқушылары үшін өздері ертегі кейіпкерлері болатын қызықты ойындар дайындады.
Сценарий бойынша айлакер Жалмауыз кемпір, Орман перісі және Мысықпен бірге жаңажылдық мерекенің өтуіне кедергі жасау үшін Аяз атаның таяғын ұрлап кетеді. Балалар Қаршақызбен бірге оны тез арада іздеулері керек болады. Бұл жолда олар көптеген оқиғаларға тап болады, Жалмауыз кемпір бірнеше рет балаларды алдап кетуге әрекеттеніп, сиқырлы таяқты біресе гүлмен, біресе шыбықпен ауыстырып қояды. Бірақ ол әрекетінен ештеңе шықпайды.
Мәскеу. Мұражай қызметкерлеріне арналған Халықаралық өңіраралық ғылыми-практикалық конференция. 2015
 2015 жылғы 3-4 желтоқсанда Мәскеу қаласындағы Мәскеу Мұражайында мұражайларды техникалық қайта жабдықтау, қазіргі заманғы қоғамда мұражайларды жаңадан айқындау үшін ең жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды енгізу мәселелері бойынша – «МҰРАЖАЙ 21 ҒАСЫРДА» мұражай қызметкерлері үшін жыл сайынғы Халықаралық өңіраралық ғылыми-практикалық конференция болды. Қазақстан Республикасы құрамында келесі мұражайлар ұсынылды: ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайы Астана қаласы – мұражайлық педагогика орталығының басшысы Р.У. Қазбекова; Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығы Өскемен қаласы – ақпараттық-білім бөлімінің меңгерушісі Ш.М. Кәрібаева, баяндама тақырыбы «ҚАЗІРГІ ЗАМАН МҰРАЖАЙЫНЫҢ ЖҰМЫС ҮРДІСІНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ТӘСІЛДЕРДІ ЕНГІЗУ».
Қазақстаным менің – сен менің Отанымсың! 2015
ШҚО мұражай-қорығының Солжағалық кешеніндегі топқайыңда қысқы демалыстың белсенді әуесқойларына арналып, жарықтандырылған шаңғы жолын салу аяқталып қалды. 2015

Шаңғы жолының ұзындығы 1,5 км асады. Жолға жарық түсірілгендіктен кешкі 21.00-ге дейін сырғанауға болады.
Келушілер шаңғы жолының бойында жаңадан ашылатын дәмханадан шай ішіп, кәуаптан жей алады.
Сонымен қатар, егер желтоқсан айында тұрақты аяз болса, онда Ақ киіз үйдің жанындағы алаңға су құйылып, мұз айдыны жасалатын болады.
ШҚО мұражай-қорығының баспасөз қызметі
Менің Президентім. Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге алты кеш. 2015

ҚР Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу аясында ШҚО мұражай-қорығының ақпараттық-білім бөлімінің қызметкерлері «Менің Президентім. Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге алты кеш» атты виртуалды экскурсиялар топтамасын дайындады.
- Бағдарлама біздің эксклюзивті әзірлемеміз болып табылады.Экскурсия барысында келушілер ұлт көшбасшысының балалық шағы мен жастық шағынан, оның еңбек жолынан көптеген қызықты мәліметтерді біле алады, Нұрсұлтан Назарбаев өзінің президенттік қызметі туралы әңгімелеп береді, сондай-ақ, Астанаға көшіру туралы шешімді қабылдау неге қажет болғаны туралы түсіндіреді және біздің еліміздің болашағы туралы армандарымен бөліседі – деді бөлім меңгерушісі Шынар Кәрібаева.
Сонымен қатар, төменгі және ортаңғы сынып оқушыларын «Астана – болашақтың қаласы» атты қызықты викторина күтеді. Головков көшесі, 29 мекенжайында өтетін іс-шара туралы нақты мәліметтер мен өткізу уақытын мына телефон бойынша білуге болады: 8705148 99 76.
ШҚО мұражай-қорығының баспасөз қызметі
Нұрсұлтан Назарбаев. Тұлға және саясаткер портреті. 2015
«Ұлылар мұрасы және музейтану» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. Семей. 2015
 2015 жылғы 13 қарашада Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайының 75 жылдығына арналған «Ұлылар мұрасы және музейтану» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған мұражай-қорықтың сирек кітаптар және икона жазу бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Г.Кашаку «Мұражай-қорықтың экспозициялары мен көрмелерінде Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығының көрсетілуі» атты мақаласымен қатысты. Конференция жұмысы барысында Абай шығармаларының текстологиясы, аударылуы, дәстүр жалғастығы, абайтану курсын оқыту барысы және Ақшоқыдағы Құнанбай қажы мен оның балаларының зираттарын қайта қалпына келтіру сынды мәселелер талқыланды. Мұражай-қорық қорына конференция материалдары негізінде дайындалған жинақ алынды.
|
|