10 қаращада музей-қорықтың орыс этнографиясы бөлімінің қызметкерлері орыс дәстүрлі мәдениетінің «Бастеньки» ансамблімен бірге атыс қаруын жасау жөніндегі орыс және кеңес конструкторы, әлемге әйгілі Калашников автоматын жасаушы Михаил Калашниковтың (1919 – 2013 жж.) туғанына 100 жыл толған мерейтойына арналған салтанатқа қатысып қайтты. Салтанат атақты қарушының туған жері – Алтай өлкесінің Курья селосында өтті. Михаил Тимофеевич Калашников 1919 жылдың 10 қарашасында дүниеге келген. Ол өзінің ең алғашқы өнертабысын әскер қатарында жүргенде жасады. 1941 жылы ауыр жараланып, госпитальда жатқан кезде оған өз қолымен автомат жасау идеясы келеді, Ол автомат арада біраз жыл өткен соң, 1947 жылы таныстырылды.