Мұражайға берілген Киров атындағы саябақты реконструкциялау ісі 2001 жылы басталды.
Алтай ботаникалық бағы қызметкерлерінің қатысуымен ескі және ауру ағаштар анықталды, олар біртіндеп жаңа екпелермен ауыстырылды. Негізінен облыс флорасының қала жағдайында жақсы өнетін және шаң-газға қарсы берік қалқан болатын ағаштары (майқарағай, шырша, самырсын, қайың, шетен және басқалар) іріктеліп алынды.
Мұражайға қатарлас су айдыны орналасқан. Оның жағаларына біздің облысымыздың өзендеріне тән жағалаулық өсімдіктер егілген. Бұлар – талдардың беске таяу түрлері, өзен жағасында өсетін үйеңкі, гүлбұршақтар, күміс жиделер. Су айдынының биігірек және шеткерірек телімдеріне тобылғы, бөріқарақат, аласа бадам мен көпжылдық сәндік жабайы өсімдіктердің әдемі гүлдейтін және жапырақты түрлері жайғасты. Көпжылдықтар ерте көктемнен бастап бүкіл жаз бойы гүлдеп тұратындай етіп іріктелді. Бір түрлерін екіншілері ауыстырып отыратындықтан, олар үнемі гүлдейтіндей әсер қалдырады.
Мұражайдың коллекциялық телімінің солтүстік-шығыс бөлігін Ресейдің Приморье өлкесі мен Орта белдеуінің ағаштары мен бұталары алып жатыр. Қолда бар барлық түрлер баяғыда-ақ Алтай ботаникалық бағында жерсіндіріліп, біздің қала мен облыс үшін аудандастырылған. Биік аралиялар саяжолы көзтартарлық, оны амур барқыты, сұрғылт жаңғақ жалғастырып кетеді. Бұталы аймақты өгейбұталар, ұшқаттар, жаңғақ ағаштар, иргалар, Сиверс алма ағаштары, доланалар мен басқа да бұталар және ағаштар құрайды.
< Prev |
---|