Көрме мақсаты: Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жылдарында ШҚО-ның әлеуметтік саладағы қол жеткізген жетістіктерін және мәдени мұрасын паш ету.
Міндеті: өңірді тарихы бай, тамаша мәдениет және сәулет ескерткіштері мол, бірегей табиғи ресурстарға және өлкенің мәдени-тарихи мұрасын дамыту мен сақтау саласында айтарлықтай жетістіктерге ие, сондай-ақ серпінді дамып келе жатқан аймақ ретінде көрсету.
Көрмеде багетті жиектермен безендірілген, 90х60 см көлемді 50 фотосурет назарға ұсынылды. Көрмені Шығыс Қазақстан облысының картасы ашып тұр.
Көрме төрт бөлімнен тұрады:
1. Облыстың, Өскемен мен Семей қалаларының мәдени және әлеуметтік нысандары.
2. Қазақ халқының ұлы перзенттері: Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхтар Әуезов, Қасым Қайсенов, Оралхан Бөкеев.
3. Облыстағы маңызды оқиғалар.
4. ШҚО табиғаты.
< Предыдущая | Следующая > |
---|