Асыл мұра. 2001 ж., мұражайдың Горький көшесі, 59 мекенжайдағы ғимараты.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай дайындалып, безендірілген.
Көрмеге киіз бұйымдар – Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұражайының (Алматы) қорынан алынған сырмақтар мен текеметтердің тамаша коллекциясы, түкті және түксіз кілемдер, қазақ зергерлік бұйымдарының аса бай коллекциясы қойылды. ҚР Ғылымдар Академиясының Ғылыми кітапханасы Құранның ХІХ ғасырдағы – ХХ ғасыр басындағы басылымдарын, олардың ішінде қолжазба түріндегілері де бар, Құранның қазақ, орыс, ағылшын, иран тілдеріндегі аудармаларын, көне қолжазбаларды назарға ұсынды.
Көрменің ашылуына қалалық Орталық мешіттің имамы Ибрагим қажы Қарнақбайұлы бір топ діни қызметкерлермен бірге шақырылды. Имам ашылған көрмені жоғары бағалап, араб тіліндегі Құран мен мешітте 10 жыл бойы қызмет еткенде киген шапанын мұражайға сыйға тартты.
< Предыдущая | Следующая > |
---|