Берік Сәтінбекұлы Әлібайдың зергерлік өнерінің дербес көрмесі, 2005 жыл, мұражай-қорықтың Горький көшесі, 59 мекенжайдағы ғимараты.
Берік Сәтінбекұлы Әлібай 1964 жылы Жамбыл облысы Мерке ауданы Қызылсай ауылында дүниеге келген. Н.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясын бітірген, Қазақстан Дизайнерлер одағының, Қазақстан жас суретшілер бірлестігінің мүшесі болып табылады. Республикалық “Зергер-99” конкурсының “Зергерлік өнерге адалдығы үшін” атты айрықша сертификатының иегері.
Б.Әлібайдың еңбектері Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығының, Алматы қаласындағы Орталық мемлекеттік музей мен Қазақстан Республикасы алтын және асыл металдар музейінің қорларында, сондай-ақ Түркияның, АҚШ-тың, Малайзияның, Катардың, Францияның, Арменияның және басқа да. мемлекеттердің өнер сүйерлері мен коллекционерлерінің жеке жинамаларында сақтаулы.
Көптеген республикалық, бүкілодақтық, шетелдік және халықаралық көрмелерге қатысқан.
< Предыдущая | Следующая > |
---|