Географиялық координаттар:
Ендігі: 49041'500"
Бойлығы: 82039'.833"
«Ақ бауыр» табиғи және тарихи–археологиялық кешені Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында, Өскемен қаласы – Самар ауылы тас жолы бойында, облыс орталығы Өскемен қаласынан 35 км қашықтықта, Сағыр (Ленинка) ауылының оңтүстік-шығысында 4,5 км жердегі Қоржынбай тауының баурайында орналасқан.
Өскемен қаласынан шығатын қозғалыс маршруты
Сағыр (Ленинка) ауылынан өткеннен кейін, шығыс жақта (сол жақта) Қоржынбай тауы (801м), батысында «Сорокин тауы» (840м) көрінеді. Тас жол бойымен жүре отырып, қайнаркөзге жетпей, сол жақта, мұсылмандар зиратының маңында Қоржынбай тауының баурайына бастайтын ауыларалық жолға қарай бұрылыс бар.
< Предыдущая | Следующая > |
---|