Қосмүйізділер тұқымдасы
Қодас - Як - Bos mutus
Отаны – Тибет. Моңғолия, Тянь-Шань, Қырғызстан, Ауғанстан, Памир, Алтайда таралған. Қодас – биік тауларда теңдеп жүк артылатын жануар. Төтенше жағдайлардағы өмірге бейімделген. Жүн терісі қалың, түкті, ұзын. Иіс сезуі жақсы дамыған. Есту және көру қабілеті нашарлау. Егер оған бірдеңе ұнамаса, қорсылдаған дыбыстар шығарады. Жас төлімен бірге бір топта тұрады
Жыныстық жетілуге 6-8 жаста жетеді. Буаздығы 9 айға созылады. Жаңа туылған төлінің салмағы 9-16 кг. Енесімен шамамен бір жыл тұрады.
Өмір сүру ұзақтығы 25-30 жыл.
Тауешкі – Горный козел - Capra
Тау ешкілерінің кейбір түрлері Козерог деп аталады, Кавказды мекен ететін екі түрін турлар деп атайды.
Тауешкілер таулы аймақтарды мекен етеді. Құлама жартастарға көтеріліп, аз ғана өсімдіктерді місе тұтады, епті әрі өте төзімді жануарлар. Олар қой тұқымына кіргенімен, олардан аяқтарында, шабында және көз аймағында иісті бездерінің болуымен және басқа бет бездерінің болмауымен, еркектерінде сақалдың болуымен және алдыңғы аяқтарының тізелерінде жалақтанып кеткен сүйелдердің болуымен ажыратуға болады.
Кезінде Г.С. Карелин (1861) Оңтүстік Алтайдың Нарын жотасындағы ешкілерді көрсеткен-ді. Тауешкілер сондай-ақ, Бұқтырма мен Оңтүстік Алтай жотасын жайлайды (Кащенко, 1899). ХХ ғасырдың 60-жылдарының басында тауешкілер Сарымсақты жотасында және одан әрі шығысқа қарай Бұқтырма өзенінің жоғарғы ағысында кеңінен таралды.
Қазірде олардың саны айтарлықтай азайып кеткен.
Үй ешкісі – домашняя коза - Capra hircus
Ешкі – адамның қолға үйреткен алғашқы жануарлардың бірі. Таяу Шығыста шамамен 9000 жыл бұрын қолға үйретілген
Жайылымдық шөптер, ағаштар мен бұталардың жас өскіндерімен қоректенеді. Қысқы кезеңде – шөп жейді. Есту, көру, иіс сезу қабілеті жақсы дамыған. Тау бөктерінде, басқа тұяқты жануарларға қол жетімді емес жерлерде жайылымға бейімделген
Көз қарашығы көлденең тіктөртбұрыш түрінде болады, бұл ешкіге басын бұрмай-ақ бәрін 340° көруге мүмкіндік береді
Буаздығы орта есеппен 5,5 айға созылады. Көбінесе салмағы 3-5 кг болатын 1-2-ден лақтайды.
Жүнінің ұзындығы мен сапасы тұқымға байланысты. Түсі ақтан қара қоңырға дейін, қара және алаға дейін өзгеріп тұрады.
Өмір сүру ұзақтығы 10-12 жыл.
Қазіргі уақытта селекция арқылы 200-ден астам ешкі тұқымы өсірілді.
Үй қойы – Овца домашняя - Ovis aries
Адам 8 мың жыл бұрын Түркия, Сирия, Месопотамия аумағында қолға үйреткен. Үй қойы муфлон мен арқар сияқты жабайы қойдан тараған деп пайымдалған
Қой – табындық жануар. Тау бөктерінде, беткейлерде, жартылай шөлдерде жайылымға бейімделген. Жайылымдық шөппен қоректенеді. Қысқы кезеңде – шөп жейді. Есту қабілеті жақсы және кенеттен болған шуылға сезімтал
Буаздығы орта есеппен 5 айға созылады. Жаңа туған қозының салмағы 4-6 кг.
Қойдың өмір сүру ұзақтығы 10-15 жыл.
Қой шаруашылығы өнімдері: ет, сүт, май, жүн. Қазіргі уақытта қой жүнінің синтетикалық аналогы жоқ, оның беріктігі мен жылуды сақтау қабілеті өте жақсы
Сиыр - Корова
Үй сиырларының арғы тұқымы табиғатта жойылып кеткен жабайы бұқаның кіші түрлері – тур болды.
Сиыр – қолға үйретілген бұқаның ұрғашысы. Еркегі – бұқа, жас төлі – бұзау деп аталады. Өсімдік азығымен қоректенеді. Есту, иіс сезу, көру қабілеті жақсы дамыған.
Буаздығы 9 айға созылады. Сүт шығару 11 айға дейін.
Өмір сүру ұзақтығы 25-30 жыл.
Ет, етті-сүтті және сүт тұқымдары болады
< Предыдущая | Следующая > |
---|