2015 жылғы 30 тамызда Солжағалық кешендегі «Бір шаңырақ астында» атты конференц-залында «Қазақстандағы ара шаруашылығының келешегі мен дамыту мәселелері және оларды шешу жолдары» дөңгелек үстел басында талқыланды. Іс-шара Өскемен қаласындағы облыстық бал фестивалі аясында өтті. Конференцияны облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Дүйсембай Селиханов және ҚР «Бал Ара» Ұлттық ара өсірушілер одағының вице-президенті Нұрәділ Ғабит ашып, жұмыс қорытындылары туралы айтып өтті. Сондай-ақ, басқа да дөңгелек үстелге қатысушылар сөз сөйледі. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің атына саланы дамыту жөніндегі ұсыныстарымен декларация қабылданды.
Виктор Корждің фотосуреттері
< Предыдущая | Следующая > |
---|