• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
қонақтар, делегациялар Қытай делегациясы музей-қорықта болды. 2018

Қытай делегациясы музей-қорықта болды. 2018

Жұмыс сапарымен Өскемен қаласына келген Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулдығының өкілдері музей-қорықта болып қайтты.

Бас консулдықтың мәдениет және туризм жөніндегі консулы  Ван Цинпин айтқандай Қытай Халық Республикасының өкілдері Шығыс Қазақстанға өлкеміздегі түрлі ұйымдармен мәдениет, туризм саласында және басқа да салаларда байланыс орнатып, нығайту үшін келген екен. Екі күн бойы, 22 – 23 қазанда қонақтар  музей-қорық экспозицияларымен танысты.

Олар  Қ.Қайсенов көшесіндегі көрме залдарында,  «Жастар» саябағы мен Солжағалық кешенде болды, Қытай императоры сарайын көріп қайтты.  ҚХР  Бас консулының орынбасары  Го Синьцяо, мәдениет және туризм жөніндегі консул Ван Цинпин, ғылым және  техника жөніндегі консул Ми Гуйсюн музей-қорық  директоры Медет  Нұрғалиевпен кездесті, кездесу барысында бұдан былайғы ынтымақтастық бағдарламасы белгіленді.  «Музей-қорықта болғанымызда біз үлкен әсер алдық, - деді ҚХР  Бас консулының орынбасары  Го Синьцяо. -   Осындай бай ресурстары бар сіздердің музей – бұл  өзара тиімді байланыстар, мәдени айырбас орнату үшін өте жақсы негіз болып табылады».

Қазіргі кезде музей-қорық пен Қытайдың Бас консулдығы арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасасу, сондай-ақ болашақта музей жанынан Қытай мәдени орталығын құру мүмкіндігі талқылануда. Таяу арадағы жоспарларда – көрме ұйымдастыру көзделуде, ол үшін ҚХР-дан келген қонақтар қазірдің өзінде музейге біраз нәрселер – фотосуреттер, кітаптар мен басқа бұйымдар берді.

Музей-қорықтың баспасөз қызметі

Сергей Суровтың фотосуреттері

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …