• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
қор толықтырма бағдарламасы Қор толымдау бағдарламасы 2005-2007

Қор толымдау бағдарламасы 2005-2007

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық мұражайының қорын толымдау жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған

БАҒДАРЛАМАСЫ

Бағдарлама төлқұжаты

Проблема ахуалын талдау

Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

Қор толымдаудың негізгі бағыттары

Қор толымдау көзі мен түрлері

Қор толымдау әдістері

Қаржыландыру көзі

Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер

Бағдарлама төлқұжаты

Атауы:

Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық мұражайының қорын толымдау бағдарламасы

Әзірлеуге арналған негіздеме:

Қазақстан Республикасының 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы

«Мәдениет туралы» ҚР Заңы

«Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы» ҚР Заңы

ШҚ облыстық этнографиялық мұражайының Жарғысы

Әзірлегендер:

- Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы

- Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық мұражайы

Іске асыру мерзімі:

2005-2007 жылдар

Проблема жағдайын талдау

Ұлттық тарихи ескерткіштерді жаңғырту, оларды ғылыми айналымға енгізу, руханилықты дамыту, жас ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, мәдениетті, дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды танымал ету ісі қоғамның, елдің, ғылыми және мәдени мекемелердің, соның ішінде мұражайлардың даму кезеңдеріндегі барлық жетістіктерін, сондай-ақ ұлы тұлғалардың тәжірибесін пайдаланған кезде ғана мүмкін болады.

Мұражай қорын мәдени құндылықтармен, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерімен толымдау ісі көптеген ғылымдардың (тарихтың, археологияның, этнографияның және т.б.) дамуына үлкен септігін тигізері сөзсіз, өйткені бұл оларға дереккөздік база болып табылады, сонымен қатар мұражай жинамасы, қоры мұражайдың бүкіл санқырлы қызметінің негізін құрайды.

Қор толымдау – мұражайдың әлеуметтік, этнографиялық ақпаратты жинамалайтын, халықтардың, қоғамның дамуын құжаттандыратын функцияларын іске асыратын тәсілі.

Мұның өзі өмір сүріп жатқан әлеуметтік ортаның әр кезеңдердегі және маңызы әртүрлі бұйымдарын іріктеу және сатып алу, сондай-ақ оларды мұражайлық заттар, яғни өз заманының ақпарат, құжат көзі ретінде мұражай жинамасына енгізу арқылы жүргізіледі.

2004 жылғы 1 қаңтарға қарағанда мұражай қорын 34220 бірлік сақталым құрады, соның ішінде: негізгі қорда – 27471 дана, ғылыми-қосалқы қорда – 6749 бұйым болды, олардан:

маталар – 6537

фарфор, шыны, фаянс – 1807

кескіндеме – 199

басқалар – 736

құжаттар – 243

керамика – 1414

тері – 579

металл – 2775

сағат – 64

тас – 250

ағаш – 4640

нумизматика – 2410

музыкалық аспаптар – 642

фотосуреттер – 3815

БМК – 679

БМКзсб – 416

ЬМКзсв – 156

кітаптар – 6256

ұсақ пластика – 286

икондар – 334

басқалар (СКҚ-да) – 38

Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық мұражайының қорын қалыптастыруға негіз болған – Бутаково селосындағы мектеп мұражайының этнографиялық коллекциясы.

Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық мұражайының жұмыс істей бастаған алғашқы күндерінен осы уақытқа дейін қор жинамасын толықтыру ісінде халықтардың этнографиясы мен тарихының заттық ескерткіштеріне басымдылық берілуде.

Мұражай иелігіне берілген Киров атындағы саябақты реконструкциялау 2001 жылы басталған еді, онда халық сәулетшілігінің ескерткіштері мен дәстүрлі шаруашылық құрылыстары, жазушылар П.Бажов пен О.Бөкейдің мемориалдық жаңанұсқа-үйлері бар ашық аспан астындағы сәулет-этнографиялық экспозиция құрылды.

Сондықтан мұражай этнографиялық коллекцияны толымдаумен қатар өзінің қорын тарихи-мемориалдық және әдеби-мемориалдық бұйымдармен, кітаптармен, құжаттармен, бейнелеу өнерінің туындыларымен толықтырып отыралы.

Осылайша, тарих пен мәдениеттің жылжымалы ескерткіштерін сақтайтын мұражайдың қорын толымдамайынша мәдени мұраны, соның ішінде ШҚО халықтарының ұлттық мәдениетін, фольклорын, дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын жинау мен зерттеудің тұтас жүйесін құру мүмкін емес.

Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

Мұражайды одан әрі дамыту, тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды құруға байланысты оның жаңа міндеттер мен талаптарға сай болуы Бағдарламаның мақсаты болып табылады.

Бағдарлама міндеттері:

мұражайлық маңызы бар бұйымдарды анықтау;

мұражайлық маңызы бар бұйымдарды сараптау;

мұражайға бұйымдар алу және оларды мұражайлық бұйымдарға айналдыру, мұражай бағдарына және оның білім беру-тәрбиелеу қызметіне сәйкес келетін коллекциялар құру.

Толымдау бағыттары

Жоғарғы Ертіс қазақтарының этнографиялық мұрасы

Өлкедегі орыс халқының этнографиясы

Шығыс Қазақстанда тұратын өзге халықтар мен азсанды этнотоптар этнографиясы

Өлкенің кітап мәдениеті

ШҚО халықтарының дәстүрлі діндері

ШҚО-ның ХХ ғасыр – ХХІ ғасыр басындағы сәндік-қолданбалы өнері

Қорды толымдау көздері мен түрлері

экспедициялар

іссапарлар

сыйға тарту

көшірмелер мен түпнұсқалық туындылар жасауға тапсырыстар беру

кездейсоқ түсімдер

тұрғындардың өз беттерімен тапсырулары

СҚӨ шеберлері

баспалар

теңге сарайы

дүкендер

елшіліктер

ұлттық-мәдени орталықтр

Қазақстан Республикасы мен ШҚО мұражайлары

Қор толымдау әдістері

тақырыптық және жүйелік толымдау

Қаржыландыру көздері

Бағдарламаны қаржыландыру облыстық бюджет қаражаттары есебінен жүргізілетін болады.

Қаржыландырудың жалпы көлемі – 8794 мың (сегіз миллион жетіжүз тоқсан төрт мың) теңге. Олардан:

- 2005-2007 жылдары жәдігерлер алуға – 7544 мың (жеті миллион бесжүз қырық төрт мың) теңге:

- олардан 2005 жылы – 3805 мың (үш миллион сегізжүз бес мың) теңге;

2006 жылы – 2170 мың (екі миллион жүз жетпіс мың) теңге;

2007 жылы – 1569 мың (бір миллион бесжүз алпыс тоғыз мың) теңге.

- экспедициялар мен іссапарлар ұйымдастыруға арналған қаражаттарды қаржыландыру – жыл сайын 300 мың теңге. Барлығы 900 мың теңге.

- мұрағаттық материалдар анықтауға және қорды ғылыми-қосалқы қормен толықтыруға арналған қаражатты қаржыландыру – 350 мың теңге (Томск, Омск, Алматы қалалары мен ШҚО мұрағаттары).

Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер

Бағдарламаны іске асыру – облыс халқының рухани-білім және интеллектуалды-мәдени деңгейін көтеруге, жас ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге, қоғамдағы тұрақтлықты нығайтуға ықпал жасайтын болады.

Нәтижесінде тарих пен мәдениеттің бірегей заттық, кітаптық және құжаттық ескерткіштері анықталып, қорға сатып алынатын болады.

Тарихи зердені, көркемөнер қазыналарын, халықтардың қызметін айғақтайтын материалдық куәларды сақтаушы ретінде мұражай ұлттық мәдени дәстүрлердің бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілуіне мүмкіндік жасайды.

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …