• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
басылымдар ғылыми қызметкерлердің мақалалары Кенжина А. М. Материалды емес мәдени мұра – тұсаукесер

Кенжина А. М. Материалды емес мәдени мұра – тұсаукесер

Материалды емес мәдени мұра 1990-шы жылдары материалды

мұраға басты көңіл бөлетін Әлемдік мұра тізімі анталогиясына сәйкес

ұсынылған тұжырымдама. 2003 жылы материалдық емес мәдени

мұраны қорғау туралы конвенция қабылданды. Қазақстан Республикасы

аталған Конвенцияны 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 514-IV Заңға

сәйкес ратификациялады.

Конвенцияның мақсаттары мыналар болып табылады: материалдық

емес мәдени мұраны сақтау, тиісті қоғамдастықтардың, топтардың

және жекелеген адамдардың материалдық емес мәдени мұрасын

құрметтеу,материалдық емес мәдени мұраның және оны өзара танудың

маңыздылығына жергілікті, ұлттық және халықаралық деңгейлерде

назар аудару, халықаралық ынтымақтастық және көмек.

«Материалдық емес мәдени мұра» қоғамдастықтар, топтар

және кейбір жағдайларда жекелеген адамдар өздерінің мәдени

мұрасының бір бөлігі ретінде таныған әдет-ғұрыптарды, түсініктері

мен пайымдарының нысандарын, білім мен дағдыны сондай-ақ

олармен байланысты құралдарды, заттарды, артефактілерді және

мәдени кеңістікті білдіреді. Ұрпақтан ұрпаққа берілетін осындай

материалдық емес мәдени мұра қауымдастықтармен және топтармен

оларды қоршаған ортаға, олардың табиғатпен өзара іс-қимылына және

олардың тарихына байланысты тұрақты түрде қайта жасалады және

адам шығармашылығы мен мәдени әртүрлілікті құрметтеуге ықпал

ете отырып, оларда төлтума ерекшелік пен ұрпақтар сабақтастығы

сезімін қалыптастырады. Осы Конвенцияның мақсаттары үшін адам

құқықтары жөніндегі қолданыстағы халықаралық-құқықтық актілермен

және қоғамдастықтар, топтар мен жекелеген адамдар арасындағы

өзара құрмет, сондай-ақ орнықты даму талаптарымен сәйкес келетін

материалдық емес мәдени мұра ғана назарға алынады. Конвенцияда

материалдық емес мәдени мұра қандай салаларда көрініс табатыны

нақты көрсетілген:

• материалдық емес мәдени мұраның тасымалдағышы ретінде

тілді қоса алғанда, пайымның дәстүрлері мен нысандары;

• орындаушылық __________өнерлер;

• әдет-ғұрыптар, салт-жоралар, мейрамдар;

• табиғат пен дүниеге қатысты білімдер мен әдет-ғұрыптар;

• дәстүрлі кәсіптермен байланысты білімдер және дағдылар.

Ұлан байтақ қазақ жеріміз айтса адам нанғысыз, көрсе көз

53

тойғысыз салт-дәстүрге толы. Осындай бай кең даланы мекендеген

көшпенді халқымыз ұстанған көне дәстүріміз әлі де жалғасын тауып

келеді. Қаншама қиындықтармен шапқыншылықтарды басынан кешкен

халқымыз атадан жеткен салтына кашанда беріктік танытқан және осы

күнге дейін барынша сақтап келеді [1, 33]. Заманның ығына қарай түрлі

өзгеріске ұшыраса да, түпкі тамырынан ажырай қойған жоқ. Бесік той,

шілдехана, сүндеттой, байғазы, беташар сияқты ұғымдардың мәнімен

таныс емес қазақты кездестіру кемде-кем. Бүгінгі тоқталғайы отырған

мәселеміз, қаз-қаз басқан сәбиіне арнап дүйім елді жинап той жасайтын

қазақтың кеңдігі мен тұсаукесер жайында болмақ. «Тұсаукесер»

рәсімі өз бастауын ежелгі замандардан алатын түркі халықтарының

бірқатарына (қырғыз, хакас, алтай) ортақ, бүгінгі күнге дейін сақталып

қалған маңызды ғұрыптардың бірі. Тұсау кесерді таратушы халық.

Тұсау кесер – халықтың діні мен сеніміне тұрмыс-тіршілігіне ұлттық

құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі

туғызған ғұрыптар негізі. Ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік, халықтық

мәні зор. Ел аузында «Тұсауы кесілмеген бала көп сүрінеді, жығылады»

деген наным бар.

Нәресте ең алғаш тәй-тәй басып жүре бастағанда, ата-анасы

тұсаукесер тойына ауыл-аймақ, ағайын-жұртты шақырады. Сәби аяғына

байланған ала жіпті кесу құқығына кез келген адам ие бола алмайды.

Тұсау кесуші барлық жағынан алғанда келіскен – өмір жолы өзгеге

өнеге болуға тұрарлықтай, ақылды, адал адам болуға тиіс, өйткені

наным бойынша сәбидің келешек тағдыры сол адамның тағдырына

ұқсас болады. Тұсауын кесуге дайындаған баланы әкесі ортаға

тұрғызып, (тұра алмайтын баланы қолтығынан демеп ұстап) дуалы

ауыз ақсақалдардан бата сұрайды. Сонан соң тұсау кесетін адам қолына

дайындалған кездікпен, яки пышақпен әкесі алдына әкеліп тұрғызған

баланың тұсауын кеседі.

Тұсау кескенде кездіктің жүзін өрге қаратып, астынан үстіне қарай

өзіне қарай тартып, «лып» еткізіп кесетін болған. Егер пышақтың

жүзін төмен қаратып (астынан үстіне қарай) кессе, бала жерден басын

алмайтын ынжық, өңез болып өседі деп ырымдаған. Сондықтан еңсесін

тік ұстайтын, ешкімге кеудесін бастырмайтын, өршіл, ұлттың рухын

жалғайтын, ер мінезді ұрпақ болсын деген ақ тілекпен пышақ жүзін

жоғары қаратып «Биссмилла» деп кеседі [2, 146].

Тұсау кесердің жібін дайындаудың бірнеше түрлері, жолдары,

сенімдері де әртүрлі. Баланың тұсауы ала жіппен, қойдың майлы

шегімен немесе өрілген көк шөппен кесіледі. Қазақ баласының сөзді

естіп ұға алатын, айтқанды екі етпей істейтін, кезінен – осы тұсауы

кесілгенннен бастап ұрлыққа, зорлыққа, жырындылыққа барма, жолама

54

деп баулиды. Біреудің ала жібін аттама, бүлінгеннен бүлдіргі алма

дегенді әу бастан‑ақ құлағына сіңісті етеді. Аяқтағы жіптің ала болуы да,

оның кесілуі де жоғарыдағыларға жолама, ондайдың жолын қолыңнан

келсе кес, дүниенің азы біреудің бір құлаш жібіне ең құрығанда бұзауға

бас жіп болар деп қызықпа, тұсауындағы жіпті кескендей ондай арам

кезіксе кесіп‑құртуға тырыс дегені. Майлы шек байлыққа, тоқтыққа

жетелейді. Көк шөп көбеюге, өсуге, өнуге шақырады. Бұл – екінші

себебі. Біріншісі – баста айтқанымыздай баланың келешегіне жол ашу,

ақ жол тілеу. Кескендей ондай арам кезіксе кесіп‑құртуға тырыс дегені.

Сондықтан да осы ғұрып жоғалып кетпей келе жатыр.

Рәсім аяқталғаннан кейін тұсауды кескен адамға қымбат сыйлық

беріп, жиылған жұрт көңілді тойды одан ары жалғастырады. Осынау

айтулы тойға кімдерді және қанша адамды шақыру әркімнің жағдайына

және ата-ананың қалауына қарай болады. Қазақ халқы – қашанда

қонақжай ел. Шақырусыз келгенді кет деген емес. «Құтты қонақ келсе,

қой егіз табатын» біздің халықтың қонаққа берер сыбағасы қашанда

дайын тұрады. Бұл тойға мал сойылып ет асылады. Дәулеті барлар

тойдың соңын көкпарға ұластырады. Тұсауы кесілген соң, сәбиді екі

адам ортаға алып шығып, тез-тез жүргізеді. Осы кезде «Тұсаукесер»

жыры айтылады [3, 123]. Бала алғаш отырғанда, бала алғаш жүргенде,

баланың тұсауын кескенде мынандай тілектер айтқан абзал:

Бала алғаш жүргенде:

Тәй-тәй, балам, тәй, балам,

Жүре қойшы жай, балам.

Қарыс сүйем қаз бастың,

Қадамыңнан айналдым.

Баланың тұсауын кескенде:

Күрмеуіңді шешейік,

Тұсауыңды кесейік.

Ала жіпті алайық,

Әжеңе алып барайық.

Ер жетті деп айтайық,

Шашуын жеп қайтайық.

Қаз-қаз, балам, қаз, балам,

Қадам бассаң мәз болам.

Тағы-тағы баса ғой,

Тақымыңды жаз, балам,

Қаз баса ғой, қарағым,

Құтты болсын қадамың!

55

Қазақстан материалдық емес мәдени мұраны қорғау міндеттемелерін

2011 жылы ғана өз мойнына алды. Содан бері еліміздің зиялы қауымы

«материалдық емес» деген ұғымға сыятын ұлттық құндылықтармызды

түгендеп келеді. Арнайы құрылған комитет ішіне 18 мұра кірген тізімді

әзірледі. Бұған қоса, материалдық емес мәдени мұраның ұлттық тізімі

бар. Осы ұлттық тізім ішінде әдет-ғұрыптар оның ішінде тұсау кесер

кірген. Тұсаукесер рәсімін көшпенділер өркениетінің бірегей көрінісі

ретінде тізімге енгізу жергілікті қазақ, қырғыз қауымдастықтарының

бұл дәстүрге деген назарын арттырып, жергілікті, ұлттық, халықаралық

деңгейде аталмыш дәстүрге деген қызығушылықтарын арттырады.

Тұсау кесер атадан балаға көшіп, дамып отыратын тарихи-әлеуметтік,

мәдени-тұрмыстық, тәлім-тәрбиелік және рухани іс-әрекетінің

көрінісі. Ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік, халықтық мәні зор.

Әрбір аймақта, қалаларда, ауылдарда тұсау кесерді әрбір отбасында

өткізеді. Бұл рәсімді тізімге енгізу, оны дәріптеу түркі халықтарының

түп тамырының бірлігін дәлелдейді. Сонымен қатар әртүрлі мәдени-

қоғамдық бірлестіктер арасында диалог орнатуға септігін тигізеді.

Әдебиеттер

1. Жолайырықта. Өзбекәлі Жәнібеков. – Алматы. – «Рауан», 1995 ж.

2. Казахи. Алматы. – «Казахстан», 1995 ж.

3. Қожахметов С. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. – Алматы, 2007.

4. Сейдімбек А. Қазақ әлемі. – 1997 ж.

5. Материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы Конвенция

ЮНЕСКО.

Аннотация

Обряд Тусау кесер (резание пут) – старинный обряд казахской

культуры. Он отражает мировоззренческие основы традиционного

казахского общества. Обряд связан с первым годом жизни ребенка и

символизирует его рождение для общества. Велико воспитательное,

историко-культурное и духовное значение обряда для молодого

поколения. В статье описывается последовательность действий в

обряде и объясняется их значение.

Annotation

Rite Tusau keser (cutting fetters) is an ancient ritual of Kazakh culture.

It reflects the philosophical foundations of the traditional Kazakh society.

The rite is associated with the first year of life and symbolizes the birth of

child. There are educational, historical, cultural and spiritual values of the

rite for the young generation. This article describes the steps in the ritual and

explains their meanings

 

 

Алмагүл Кенжина - Өскемен қаласы, Шығыс Қазақстан облысыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорықтың қазақ бөлімінің ғылыми қызметкері

 

СБОРНИК НАУЧНЫХ ТРУДОВ «Базаралы Мүптекеев: ғалым-зерттеуші, бабалар мұрасын жинақтаушы, шертпе күй орындаушысы», МИНИСТЕРСТВО КУЛЬТУРЫ И СПОРТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН, КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ ИСКУССТВ, Научно-исследовательский институт, Астана, 2017, стр. 51-56

 

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …