• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
басылымдар ғылыми қызметкерлердің мақалалары Рахатова Ж. Т. Берекелі бұйымдардың нақышты көші.

Рахатова Ж. Т. Берекелі бұйымдардың нақышты көші.

Аппликация (құрау, жапсыру) алдын ала дайындап алған ою-өрнекті салатын үлгі бойынша матадан кесіліп безендендіру. Төрт бұрышты немесе үш бұрышты материалдан қиылып алынған негізгі өрнек те, фонға салған өрнек суреттер де өздері бөлек-бөлек ою-өрнек сияқты белгілі мөлшерде дайындалған киізге немесе басқа түсті бір материалға тігіледі. Ол үшін өрнектің шетінен екі қабатталып ширатылған жіппен екі қатар киізге сырып тігіледі. Ал еденге салынатын, қабырғаға тұтылатын, кейде киіз үйдің есігіне ішінен салынатын ою-өрнектер бір-біріне үйлесіп жатады. Олар көбіне крест немесе ромб тәрізді болып келеді.

Дана халық, бүкіл әлемдегі ең қонақ-жай халық, өз үйінің әдемілігін, тазалығын және береке, бірлігін сақтай білген халық ол қазақ ұлты деп білемін. Өз үйің – жан тынығар әлемің демекші, үй жабдықтарын ұлттық дәстүрге сай (ата-бабамыздан қалған мұра) етіп тігіп өз шаңырағын әсемдеген.

Аппликация – әр түрлі қиындылардың қиылып және жапсырылып (тігіліп) жасалынатын қолөнердің бір түрі. Қазіргі таңда аппликация жиһазды әсемдеуде жиі қолданылатын техниканың бір түрі. Композициясы өзінің керемет әдемілігімен, гормониясымен, тірілігімен тамсандырады. Аппликацияның пайда болу тарихынан белгілі ол халық арасында халықтық шығармашылыққа ие, өнер тарихы мен философиясы болған. Бүгінде аппликация өнері үнемі даму үрдісінде келеді және өзіндік ерекше әдемілігімен таң қалдырады.  Әрбір зат өзінің пайдаланылатын жеріне, жасалған материалына байланысты өзіне ғана лайықты өрнектің бейнелеуін қажет етеді, осыны ескере білген он саусағынан өнері тамған Бикамал Торғайқызы Баелова,  алаша, олбыр-кесте, тоқымалардың түр-түрін де тоқуды қолға алған. Аппликация техникасындағы көрпеше мен бөстек (1,2 сурет).  Көрпеше велюр матасынан тігілген, негізгі бөлігінде зооморфттық ою ал жиектері сыңар-мүйіз оюларымен әсемделген, фоны  қызғылт сары, жиектері көк түстен, ортасындағы оюлары күрең қызыл. Қазақ оюларына көппішінділік тән, яғни бір топ оюдың элементтері басқаға ауысуы немесе бір өзінде түрліше белгілерді ұштастыруы, яғни айтайын дегенім бұл көрпешеде оюдың және түстің бірнеше түрінің үйлесімділігін көруге болады.

Жалпы бұл оюдың түрлері (тармақты) көбінде сырмақтың ортасындағы және жиектеріндегі ою-өрнектің түріне жатады. Сәндік жастық (төртбұрышты) заманауи бағытта. Жастықтың беткі жағында трафаретті дайын көк түсті өсімдік ою-өрнегі жапсырылған, бұйымдарды маңызды сәндеу құралы – түс болып табылады. Бөстектің оюына байланысты айтатын болсам көк түс ерекше қадірленген. Шеберіміз өзінің бұйымдарында көбінде велюр матасын қолданады. Жастық оюының жиектері жіңішке сары түсті іс-машинасымен жиектелген, ал айналасы фабрикалық тесьмамен (сары) әсемделіп тұр.

Қазақ оюларының енді бір ерекшелігі – бұйымды тұтас көмкергендіктен негіз болып салныған.

Ұлттық өрнектер әртүрлі материалдың байлығын сәндік аппликация көрсететіні артық айтылмаған. Кез-келген ұлттық ою-өрнектерден өзінің ерекше мінез, өзіндік тарихи мәдениетін көре аламыз. Көркем қолөнер кәсіптері күнделікті тіршілікке қажетті киім тігу, үй жабдықтарын жасаудан өрістеді. Бөстек (3 сурет) ерекше жасалынған. Дөңгелек формалы, ақ киізден басылып, бетінде барқыт матасынан күрең қызыл түсті «қошқар-мүйіз» оюы жапсырылған, оюдың және бөстектің жиектері сары жіппен (тоқыма) жиектеген (Буралбай Нұрбану). Тағыда айтып өтетін жайт дәстүрлі таным бойынша үйде міндетті түрде киіз бұйымдар болу керек, олар құт-береке, молшылық, баршылық әкеледі деп сенген.

Қошқар – байырғы ұғымда қасиетті мал. Себебі, төрт түлік мал – көшпенділер өмірінің  тірегі болған.  Қазақ оюларының дені, көптеген өрнектері мүйіз элементтеріне байланысты. Өйткені, «қошқар мүйіз» оюы береке бірлік белгісі ретінде қабылданады. Жалпы «қошқар-мүйіз» оюы «төртқұлақ» деген атаумен халық арасында айтылып жүр. «Төртқұлақ» - ою-өрнегінің төрт тармағы зооморфты немесе өсімдік оюларынан құралған, ортасы крест төрт тармағына мүйіз элементі бар бейнесін жасайды.

 Утешева Людмила Владимировнаның туындыларының бірі төсеніштер, тұтқыштар және қазақтың ұлттық оюымен әсемделген әртүрлі паннолар музей-қорығында сақталған. Өздігінен аппликация (пэчворк) техникасын меңгеріп әртүрлі бұйымдар жасап көрмелерге қатыса бастайды. Сол  туындыларының ішіндегі кесеқап  (4 сурет)  аты айтып тұрғандай кәселер салатын арнайы дорба. Ата-бабамыздан қалған ерекше (қоржыннан кейінгі) дәстүрлі жәдігерлердің бірі. (Сан түрлі киіз қоржындар мен дорбалар тоқымадан да жасалған). Мұндай дорбалардың көптеген түрлері бар – ыдыстарды салатын аяққап, көрпе-жастықтарды салатын төсек қап және т.б. арнайы  дорбаларының көптеген түрлері болған.  Қазақ халқы әр затты мұқият ұстаған оларды бағалап (ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген) сақтап келген. Байырғы бұйым кесе қап күрең қызыл түсті велюр матасынан тігіліп қос-мүйіз стильіндегі ою-өрнекпен (екі қатарлы) аппликацияланған. Басқы жағы мен төменгі жақтары замш шашақтарымен  жиектелген. (Жалпы бұндай дорбалар алғашында тек киізден ғана басылған, бірақ міндетті түрде оюмен әсемделген). Сондай-ақ бұйымдарды шашақтар мен ұсақ қоңыраулармен, киіз бұйымдарды түрлі түсті ешкінің түгімен сәндеудің эстетикалық ғана емес, тылсымдық мағынасының бар екен, яғни молшылықты, санының көптігін білдіретін бұл толықтырулар дәстүрлі таным бойынша өсімталдық пен байлық дарытады деп сенген қазақ халқы. 

Көп жылдан бері қазақ ұлтының қолөнерін дәріптеп жүрген шебер Надежда Федоровна Трусованың панносы (5 сурет) ақ түсті фетр - киіз (заманауи фабрикалық мата), матадан тігілген. Негізгі - бетінде қоңыр түсті «қошқар-мүйіз» оюының басқы элементі бар, орталарында және айналасында панноға әдемілік беріп тұрған қызыл (наным-сенім бойынша өмір қуатына, байлыққа теңеледі), жасыл (ал жасыл түс өсімдік әлемінің символы) түсті гүлді өрнектерімен әсемделген, дәл ортасында космогониялық (жұлдыз) оюы бар. Панно ұзыншақты келген (интерьер ретінде немесе шағын кілемше ретінде қолдануға болады). Ою-өрнектері мен қоңыр жолақтары синтетикалық матадан тігілген.  

Сондай-ақ қолөнердің халықтың әлеуметтік, салт-тұрмысында алатын орнының қаншалықты биік, жоғары екеніне мән берсек – оның ішінде қолөнерді нақышына келтіріп әдемілік, әсемдік дүниенің ауқымын кеңейткен ою-өрнек деуге болады. Ою-өрнек өнері - өткен өмірімізбен бірге өшпей мұра болып, материалдық мүліктерімізбен қатарласып, сабақтасып келе жатқан өнер. Сонымен қатар ою-өрнектің өркендеуіне ата-бабаларымыздың мекен еткен жерінің орман-тоғай таулардағы өсімдіктердің  құлпырған реңі, түрлері, қазына байлықтары да ерекше ықпал етті. Шеберлердің қолынан шыққан қайталанбас туындылары, бұйымдары қазақтың ұлттық материалынан, заманауи бағытта  жасалған. Солардың бірі қарапайым сәндік жастық (6 сурет), ол ақ түсті киізден басылған, ортасындағы үш басты қос-мүйіз оюы (жүректің ішінде) күлгін түсті киізден қиылып (трафареттік) жапсырылған және өрнектің айналасы фабрикалық жалпақ тесьмамен әсемделген. Оның төрт жақ шеті жүннен өрілген  қоңырау шашақпен әсемделіп тұр. Сондай-ақ жастықтың жиектері жіңішке өрімді жолақпен толықтырылған. Жас шебер бұл бұйымында түсті сәйкесінше таңдаған, көзге ерекше жағымды көрінеді. Ерте кезден қалыптасқан ырым ол жастықты отбасылық бақыт пен жарасымдылық жоғалмасын деген тілекпен жалғастырған (авторы М.В. Маркова).

Байырғы қазақ халқы сол кездері ғылым мен білімге қолы жетпесе де, сұлулық пен әсемдікті таңдай да, талғай да білген. Өз тұрмысы мен мәдениетінде қолөнерін мұрат тұтып жетілдірген. Шеберліктің небір сан- саласын көкірегінде қастерлеп, меңгергенін асқан ұқыптылықпен сақтап,  біздің дәуірімізге ұштастырған.

Келесі бұйым дорба. Дорба қызыл түсті (ежелде қызыл түс – өмір қуатына, байлыққа теңелген екен) драп матасынан тігілген, төртбұрышты, төменгі жағында үштіктен аппликацияланған қошқар-мүйіз оюы жапсырылған (7 сурет). Дорбаның буып (жауып) қоятын жерлері қарапайым баудан оралған (шиыршықталған), төменгі шеттері капрон шашақтармен әсемделген (М.С. Мамеева).

Қорытындылай келе сұлулық пен әсемдікті таңдай да, талғай да білген халқымыз ұлттық ою-өрнегінің қаншалықты маңызды және ерекше екенін біледі.  Көптеген шеберлер жастарды ұлттық өнерге қызықтырып,  баулып, күнделікті тұрмыста қолдануға шақыруда. Әрине, бұл кішкене мақалада бүкіл  қазақтың ою-өрнек өнерін қамту, қолөнерін оның ішінде аппликациялау ерекшеліктерінің қолданылуын, шығу тарихын толық айту мүмкін емес. Сонда да халқымыздың аса бір көрнекті өнері туралы сауатты болсақ  және қазақ жастарының ұлттық көркемдік талғамын, қолөнер туындыларына деген сезімін қалыптастыруға септігін тигізеді деп сенемін.  Алдағы уақытта осы өнерімізді дамыту,  жер-жердегі халық шеберлерінің өнегелі істерін жас ұрпақтарға насихаттау, қолөнер бұйымдарының сапасын арттыру, дүниежүзіне таныту аса құрметті және игілікті іс болады деп сенемін (мақтанамын).

 

Әдебиеттер тізімі:

 

  1. «Шебердің қолы ортақ». Ә. Тәжімұратов. Қазақстан, 1977ж. (14, 40, 47, 50 бет.).
  2. «Шедевры Великой степи». Ш.Ж. Тохтабаева. Алматы, 2008г. (126, 149 бет.).
  3. «Халық мұрасы». С. Мұқанов. Қазақстан, 1974ж.
  4. «Аппликация». М.А. Гусакова. М,1987г. (61 бет.). 
  5. «В мире радужных ремесел». Мастера декоративно-прикладного искусства Восточно-Казахстанской области. Авторы: Р.Ч. Мухамеджанова, В.А. Черкашина. Усть-Каменогорск, 2016г.  (91, 96, 133 бет.).
  6. «Очерки о мастерах». В.А. Черкашина. Усть-Каменогорск, 2007г. (86 бет.).

Жадыра Рахатова

Шығыс-Қазақстан облыстық

сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығы

Халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің кіші ғылыми қызметкері

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …