• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
басылымдар ғылыми қызметкерлердің мақалалары Кусаинова И. М. Моңғол ұлттық киімдері музей – қорық экспозициясында

Кусаинова И. М. Моңғол ұлттық киімдері музей – қорық экспозициясында

Аңдатпа. Шығыс Қазақстан Облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорық қызметкерлерінің ізденімпаздық қызметтерінің арқасында музей-қорықтың қоры түрлі ұлттық костюмдерге толыққаны жөнінде, этнография саласында артефактілермен қызу ғылыми зерттеу жұмыстарының жиі жүргізелетіні айтылады. Сондықтан, моңғол ұлттық костюмі жайында мақала – музейдің этнография саласында жүргізілген кезекті ғылыми зерттеу жұмысы болып табылады.

Мақалада музей тарихына қысқаша шолу жасалып, оның ғылыми бөлімдерінің қызметі жайлы айтылады. Музейдің «Біз – Қазақстан халқымыз» атты тұрақты экспозициясында соңғы пайда болған «Моңғол» бөлімі, ашылу себебі мен маңыздылығы жайында айтылады. Костюмнің әрбір түріне сипаттама беріледі, тұрмыстағы рөлі, қолдану аясы, сонымен қатар, киімге қатысты нақыл сөздер мен моңғолдың салт-дәстүрге қатысты ырымдары, тыйым салулары және аңыздары қарастырылады.

Музей-қорық экспозицияларындағы ұлттық киімдер – музейіміздің рухани құндылықтар жүйесі болып табылады. Көрші елдермен ынтымақтастықты, қандастарымыздың Отанымен мәдени байланыстарын көрсетеді.

Кілт сөздер: музей, халықтар және аз санды этнотоптар, этнография, экспозиция, моңғолдар, деел, терлег, гутал, дааншиз, хантааз, малгай.

Аннотация: в статье рассказывается об активной научно-исследовательской и собирательской деятельности сотрудников Восточно-Казахстанского областного архитектурно-этнографического и природно-ландшафтного музея-заповедника, позволяющей пополнять фондовую коллекцию этнографическими предметами, артефактами, в том числе и национальныыми костюмами разных народов.

В статье дается краткий обзор по истории музея, рассказывается о специфике деятельности его научных отделов. Описываются причины и значимость открытия в стационарной экспозиции музея-заповедника «Мы – народ Казахстана» подраздела «Монголы». Дается подробная характеристика каждому виду костюма, рассматривается его бытовое назначение, сфера применения, сообщается о запретах, связанных с одеждой, содержатся сведения о легендах о национальных костюмах.

Национальная одежда, представленная в экспозиции музея-заповедника - это особая ценность нашей музейной коллекции. Ее экспонирование позволяет продемонстрировать сотрудничество с соседними странами и показать культурную связь наших соотечественников с Родиной.

Ключевые слова: музей, этнография народов и малоэтнических групп, этнография, экспозиция, монголы, дээл, тэрлег, гутал, дааншиз, хантааз, малгай.

Аnnotation: the article describes the active research and collecting activities of employees of the East-Kazakhstan regional architectural and ethnographic and natural-landscape Museum-reserve, which allows to replenish the stock collection with ethnographic objects, artifacts, including national costumes of different peoples.

The article provides a brief overview of the history of the Museum, describes the specifics of the activities of its scientific departments. The article describes the reasons and significance of the opening of the «Mongols» subsection in the permanent exhibition of the Museum-reserve «We are the people of Kazakhstan». The article gives a detailed description of each type of costume, considers its everyday purpose, scope of application, reports on prohibitions related to clothing, and contains information about the legends of national costumes.

National clothing presented in the Museum-reserve exposition is a special value of our Museum collection. Its display allows us to demonstrate cooperation with neighboring countries and show the cultural connection of our compatriots with the Motherland.

Keywords: Museum of the peoples’ Ethnography and small groups, Ethnography, exposition, Mongols, deel, tarlag, gutal, daanshis, khantaas, malgai.

Кіріспе

 «Моңғол ұлттық киімдері музей экспозициясында» атты ғылыми мақаланың мақсаты:

- Шығыс Қазақстан Облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорықтың қорындағы ұлттық киімдерді жүйеге келтіру;

- музейдің мәдени құндылықтарын насихаттау;

- мектеп, университет қабырғасындағы оқушылар мен студенттерге тарихи білім беру;

Мақаланың мақсатын орындау үшін жинақтау, салыстыру, сипаттау, анализдеу, салыстыру жүйелеу әдістері қолданылды.

Моңғол ұллтық киімдерін зерттеуде ресейлік тарихшы және өнертанушы А.Г.Банниковтың, Л.Л Викторованың еңбектеріне сүйенсек, сонымен қатар музей-қорық қызметкерлерінің экспедициялық жазбалары мен қордағы артефактілер басты назарға алынды. Моңғолиядан оралған қазақ қандастарымыздан алынған ақпараттар да пайдаланылды.

Негізгі бөлім.

Музей тарихына шолу

Шығысымыздың мәдениет тарихында музейлер ерекше орын алады. Солардың бірі - 1968 жылы Бутаково селосындағы (Қазіргі Риддер қаласының әкімшілігіне қарасты) сегізжылдық мектеп қабырғасында қаланған, 50 жылдан астам тарихы бар Облысық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафттық музей-қорығы. 1971 жылы мектеп музейі Лениногор қалалық Кеңесі атқару комитетінің шешімімен «Халықтық» дәрежесіне ие болды. Халықтық этнографиялық музейдің директоры болып Николай Алексеевич Зайцев тағайындалды. 1976 жылы наурыз айында тарихи-өлкетану музейінің Бутаково филиалын ашық аспан астындағы этнографиялық музейі етіп қайта ауыстырды. 1978 жылы шағын музей облыстық дәрежесін алды. Арада бес жыл өткен соң музей Өскемен қаласына көшірілді.

2005 жылы Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейі көпсалалы мекеме музей-қорық мәртебесіне ие болды. Музей қызметінің салалық және тақырыптық диапазоны кеңейді.

Музейдің ғылыми бөлімдері мен экспозициялары

Музейдің дереккөздерінің мәліметтері бойынша ең алғашқы ғылыми-зерттеу бөлімі – орыс этнографиясы бөлімі болып табылады. 1979 жылы қазақ этнографиясына арналған бөлім ашылды. ХХ ғасырдың 60 -70 жылдары музей ұлттық киімдер коллекциясын жинақтауды бастады. Музейдің қорына алғаш рет қазақ және орыс халықтарының ұлттық киімдері түсті.

Кейін Шығыс Қазақстан аумағында тұратын ұлттық топтардың қалыптасу процесін зерттеу мақсатында 1989 жылы аз санды этникалық топтар этнографиясы бөлімі құрылды. Бөлім шығыс қазақстандық ұлттар мен жалпы тағы басқа халықтардың рухани және материалдық мәдениетін сақтау, қорғау, жаңғырту және зерттеу ісімен айналысады. Осы кезден бастап музейдің қоры әртүрлі ұлттардың ұлттық киімдерімен толыға бастады. Себебі бөлімнің мақсатты жұмыстарының біріне айналған еді. Өскемен қаласының хақ ортасында, Қ.Қайсенов,68 көшесінде, әртүрлі халықтардың ұлттық салт-дәстүрі және тұрмыс-тіршілігінен көркем көрініс беретін «Біз-Қазақстан халқымыз» атты тұрақты экспозициясы жұмыс істейтін корпусы орналасқан. Корпуста «халықтар және аз санды этнотоптар этнографиясы» бөлімінің безендірген 3 үлкен залы бар:

 «Орта Азия және Кавказ халықтары» залы. Бұл залда ұйғыр, шешен, әзірбайжан, армян, түркімен, тәжік және өзбек халықтарына арналған бөлімшелер орналасқан.

- «Волга жағалуындағы халықтар мен славяндар» залында белорустар, марилер, чуваштар, татарлар, мордвалар, еврейлер, немістер, украиндар, поляктар» халықтарына арналған бөлімшелер орналасқан.

- «корейлер, қытайлар» залы;

2014 жылы 25 маусымда «Корейлер және қытайлар» залына «Моңғолдар» бөлімшесі қосылды (сур.1: «Моңғолдар» бөлімшесінен көрініс).

Моңғолдың ұлттық костюмдері

Ұлттық киімдер туралы мәліметтер әркімге болсын қызық деп ойлаймыз. Себебі, ұлттық костюмдер арқылы ұлт туралы, олардың тарихы, мінез-құлқын, таным түсінігін, қоршаған ортамен қарым -қатынасын, жан-дүниесі туралы көп ақпарат білуге болады.

Моңғолия елі Орталық Азияның шығыс бөлігінде орналасқан. Мемлекеттік тілі – моңғол тілі, алтай тілінің шоғырына жататын, моңғол тілінде сөйлейтін халықтар. Жазуы - кирилше. Олардың халха, ойрат, баоань, дунсян, даур, барга, монгор, бурят, қалмақ және т.б тайпалары бар. Моңғолдардың көпшілігі будда дінінің ламаизм тармағын ұстанады. Моңғол тілінде халықтың 95 %-ы сөйлейді. Орта мектепте кириллицадан басқа ескі моңғол жазуы оқытылады.

Моңғол ұлттық киімдері көптеген музейге келушілердің қызығушылығын арттырды. Қазақстанда моңғол диаспорасының жоқтығын білетін келушілердің «Біз – Қазақстан халқымыз» экспозициясына «Моңғолдар бөлімінің», (сондай-ақ қытайлар ) қатысы қанша деген сауалдары да аз болмады.

Біріншіден, Моңғолияда қазіргі күні Ұлттық статистикалық басқармасының мәліметтері бойынша этникалық қазақтардың жалпы саны 100 мыңнан асады. Қазақтар елдің 4 пайыздан астамын құрайды. Қазақтар көп тұратын Баян-Өлгей аймағында қазақ тілі оқытылады.Сондықтан да бөлімше қазақтардың екінші отанына айналған Моңғолия халқының құрметіне ашылған еді.

Екіншіден, музейдің мәдени құндылықтарын насихаттауға тұрарлықтай едәуір моңғолия киімдер коллекциясы жиналған еді.

Үшіншіден, музейдің көрші елдермен ынтымықтастығын, халықаралық мәдени байланысын көрсету.

2008 жылы музей қызметкерлерінің Баян Өлке аймағына жасалған ғылыми экспедиция барысында жергілікті тұрғындардан моңғолдың ұлттық киімдері сатып алынды. Олар шапандар «Деел», жаздық шапандар «Терлег немесе лавшиг терлег» және бас киімдер «малгай». Жергілікті тұрғындар Реймед Самжид ақсақал, Хуренморон Мажек мырза жоғарыда атап өтілген киімдер туралы толыққанды ақпарат берді.

Сонымен қатар Моңғолиядан оралған жерлесіміз Амандай Гульжазира 2013 жылы ұл баланың шапанын аяқ киімі «Бурлад гутал», әйел адамдардың көйлегі «Дааншиз», жилеті «Хантааз», қыстық шапаны және жаздық шапанын сыйға тартты.

Олардың ұлттық киімінің тарихы тұңғиық және ғасырлар бойы қалыптасқан, көркем дәстүрге ие. Ерлер, әйелдер және балалар шапандарының пішіні бірдей, тек ерлердің шапаны кең болып келеді. Ер адамның киімі – шапаннан (деел немесе терлег), бас киімнен (малгай), белдіктен (бус) құралған. Киімдері көшпелі өмір салты және табиғатының қатаң жағдайын есепке ала отырып тігілген. Мысалы, шапанның етегі мен жеңінің ұзындығы жаяу жүргенде, атқа мінгенде балтырын және қолдарын жауып тұратындай етіп тігеді. Биік жағасы - жақ пен мойынның тоңуынан қорғаса, жалпақ белдік - денені тығыз ұстап тұру үшін арналған (Хрипунов Н. В. 2012:393)

Шапанның қыста киетін түрін - «деел» деп (сур.2: VKEMZ_KP_51_30291), ал жазда киетін түрін - «тэрлег» (сур.3: VKEMZ_KP_51_30296 _) деп атайды. Моңғол халқы осы күнге дейін шапандарды мейрамдарда және күнделікті тұрмыста да киеді. Киімдерді безендіруге зооморфтық – «евер угалз», геометриялық – «ульзи» және өсімдіктәріздес өрнектерді жиі пайдаланады. Күнделікті тұрмыста киетін шапанды мақта-матадан тіксе, мерекелік киімдерін жібек матадан тіккен. Деелдің іштігін терімен немесе жүнмен қаптайды. Жағасы оң жақ қырынан түймеленеді. Шапандар кең, әрі ұзын жеңді, тік жағалы, ұзын етекті болып келеді. Жеңінің бүкпесі тұяқ тәріздес (туруун – тұяқ). Баянөлке елінің ақсақалы Реймед Самжидтің айтуынша «Деел – атқа мінуге ыңғайлы, суықтан және желден қорғайтын тамаша шапан», - деп өзінің ұлттық киімдерін мақтан тұтатынын баяндады.

Моңғолияның батысында өмір сүретін шығысында өмір сүретін урянхай тайпаларының шапандары «Лавшиг-терлег» (сур.4: VKEMZ_KP_51_30296) (моңғол тілінен аударғанда «жеңіл» деген мағына береді) деп аталады. Урянхайлық лавшиг - терлегтің айырмашылығы, шапанның етегі «угалз» (урянхай тілінде қошқардың мүйізі деген мағына береді) өрнегімен әшекейленген.

Әйел адамдардың ұлттық киімдері алуан түрлі. Моңғол әйелдерінің ұлттық киімі, негізінен, көйлек «дааншиз», жекет «хантааз», шапаннан «деел» немесе жейде «цаац» мен белдемше «банзал» және бас киімнен «малгай» тұрады

Даашинз - әйел адамға арналған көйлек атауы. Ежелден халық арасында тараған ұлттық киім. Жеңдері және етегі ұзын, жағасы оң жағынан түймеленеді. (сур.5:VKEMZ_KP_69_34860).

Ал көйлектің сыртынан киетін жилет – хантааз (сур. 6: VKEMZ_KP_6934862) деп аталады. Көктем және күз айларында, салқын ауа райында киетін, ұлттық киімнің қосымша түріне кіреді.

Жемпір мен белдемше, моңғол тіліне аударғанда «цаац» және «банзал», үйлесімді заманауи киім түрлері. (сур.7: VKEMZ_KP_69_34857). Моңғолиядан орлаған қандасымыз Амандай Жазираның айтуынша бұл костюмнің түрі Баянөлкеде 2000 жылдың басында тігілген, қазіргі күні осындай жемпір мен белдемшелер замануи сән үлгісіне енген, - дейді. Моңғолдар түйменің орнына киімде түйіншек пайдаланғанды жөн көрген, себебі түйіншек әлдеғұрым сапалы, болып табылады.

Бас киім - «малгай» (сур.8, 9: VKEMZ_KP_51_30293, VKEMZ_KP_51_30294) тарихи және дәстүрлік маңызы зор, ұлттық костюмнің бір бөлшегі болып табылады. «Малгай табиhан – манайх» (бөркімді қайда жерде шешсем, сол жер - менің үйім) – деген ежелден моңғолдар арасында тараған нақыл сөз бар. Бұл сөздің мағынасынан бас киімді қастерлеп, әрбір жерде шешіп қалдыра бермегенін түсінуге болады.

Көрнекті неміс этнографы Гольман М.И зерттеу жұмыстарында Солтүстік-Батыс Моңғолияда тұратын моңғол тайпаларының бөркі туралы былай дейді: «Малгай – үнемі киіп жүретін ұлттық костюмнің тұрақты бөлігі, олардың формасына қарап, моңғолдардың қандай тайпаларына тиесілігін анықтауға болады» - деп көрсеткен (Гольман М.И. 1988:116). Алайда Моңғолияда халық көтерілісінен кейін моңғол бас киімдері өзгеріске ұшырады. Ресейлік тарих ғылымдарының докторы Николай Владимирович Кочешков «Современное монгольское народное искусство и его художественные традиции» деген еңбегінде Моңғоляның белгілі өнертанушысы, этнограф Ядамсурэн Уржингийннің жазбаларына сүйене отырып көптеген бас киімдердің нұсқаларын көрсетеді (Кочешков Н. В.1966:191.)

Музй экспозициясындағы малгай - формасы жартышар тәріздес, төбесі үшкір болып келетін және қызыл лента («улаан залаа») жалғанған бөрік. Бөріктің әрбір бөлігінің өзіндік мағынасы бар. Жартышар тәріздес болуын аспанмен теңестіріп – еркіндікті білдірсе, төбесінің үшкір бөлігін – тау шыңына теңестіріп, аруақтар мен құдайлардың мекені деп білген. Ал қызыл лента әлемді нұрландыратын күн сәулесіне теңестіріп, бақытты ғұмыр және жеңіс әкеледі деген сенім болған. Малгайдың бірнеше түрлері бар: юудэн малгай, тойробшо малгай, шобогор малгай, шар малгай және т.б.

Сондай-ақ, бас киімге байланысты халық арасында ырымдар мен тыйым салулар кеңінен тараған: бөрікті жерге тастауға болмайды, бөріктен аттап өтуге болмайды, тігісі қисық бөрік киюге болмайды, бөрікті сыйға тартуға болмайды – ол кедейлену, ашаршылық деген мағына береді (Козлов П.К. 1949:226)

Сонымен Н.В Кочешковтың еңбегіне сүйене отырып, экспозициядағы бас киімдер, ежелгі дәстүрдің элементтері сақталған заманауи халха тайпаларының бас киімі деген қорытынды жасауға болады.

Моңғол тілді халықтардың костюмінің ажырамас бөлігі - аяқ киім. Моңғол етіктерінің «Гутал» басты ерекшелігі - формасында, қазіргі күнгі Батыстық үлгідегі аяқ киімдерден күрт ерекшеленеді. (сур.10: VKEMZ_KP_69_34856_1_2). Бір көргенде ыңғайсыз және ерсі сияқты көрінуі мүмкін гуталдар Моңғолияда жоғары сұранысқа ие. Себебі мал шаруашылығымен айналысатын шаруаларға заманауи етіктер емес, дәстүрлі гутал әлдейқайда ыңғайлы екенін дәлелдеу қиынға соқпайды. Сонымен қатар ежелгі маңыздылығын жоймаған үшкір тұмсықты дәстүрлі гуталдар қыздар және әйелдердің арасында да сән болып саналады.

Гуталдар малдың терісінен тігіледі, жеңіл әрі өте ыңғайлы. Бұған дәлел моңғол ұлттық күресінің балуандары осы дәстүрлі етікпен жарысады. Гутал күреске өте бейімделген, балуандардың қозғалысына еш кедергі келтірмейді, ал иілген үшкір бөлшегі күрес әдістерін орындауға көмектеседі (Викторова Л.Л. 1980:115).

Моңғол етіктері жаздың ыстығына мен қыстың қатал күндеріне өте қолайлы. Етіктің бас бөлігіндегі кеңістік ауаға толы болғандықтан жазда салқындауға және қыста жылы болуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, моңғол етіктері атқа мінуге жақсы бейімделген. Ауылдық жерлерде тұратын малшылар көп уақытын ер-тоқымда өткізеді. Сондықтан үзеңгіде етіктің жалпақ табаны нық тұрса, үшкір бөлігі үзенгіні жылдам ілуге септігін тигізеді.

Гуталдардың дизайны табиғатты құрметтейтінін және қоршаған ортаға зиян тигізбейтінін көрсетеді. Себебі гуталдың үшкір бөлігі шөп арасын ашқанға ыңғайлы, өкшесінің болмауы топырақ пен шөпті таптамауға мүмкіндік береді. Сондықтан моңғолдар дүниетанымы табиғатпен етене ұштасқанын байқауға болады.

Жалпы, моңғол гуталдары табиғи материалдан тігілгендіктен, өте ұзақ киіледі және көбінесе үлкен балалардан кішіге ауысады.

Моңғол гуталдарында кестеленген ою-өрнектің ерекше маңызы бар. Бұрынғыда етіктердің өрнектеріне қарап, қарапайым шопан немесе ауқатты адам екенін анықтау қиынға соқпаған. Адамның дәрежесі неғұрлым жоғары болса, оның гуталдарында соғұрлым көп кестелі өрнектер болған.

«Моңғол» бөлімшесіндегі ұлттық киімдері сапасымен, сұлулығымен, ерекше стилімен көптеген музейге келушілердің назарын аударды. Болашақта бөлімшені тағы басқа қызықты экспонаттармен, костюмдермен толықтырып жоспарға ілгуде.

Қазіргі күні тұрақты экспозицияда 20-ға жуық ұлттың ұлттық киімдері көрсетілген. Мұражайда ұлттық киімдер қызметкерлердің жинақтау қызметінің арқасында пайда болса, келесі бірі – этномәдени бірлестіктердің, Қазақстан Республикасының елшіліктерінің сыйға тартуы арқасында пайда болды. Сонымен қатар халықаралық жәрменкелерде және ғылыми экспедиция барысында сатып алынды.

Жалпы музейге экскурсияға оқушылар, қарапайым қала тұрғындары және студенттер жиі экскурсияға келеді. Шығыс Қазақстан Облысында әртүрлі халықтардың материалдық және рухани мәденетінен зор ақпарат беретін жалғыз музей болып табылады.

Мұражай қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі көрмелерге қатысып, қорымыздың кеңдігін көрсетіп келеді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1 Банников А.Г. Первые русские путешествия в Монголию и Северный Китай. 2 изд. Москва 1954.260с.

2. Бурдуков А.В. В старой и новой Монголии. Москва.1969. 350с.

3. Бэмбер Г. Великие монголы: Потомки Чингисхана и Тамерлана. М., 2003

4. Викторова Л.Л. Монголы: Происхождение народа и истоки культуры. Москва. 1980.178с.

5. Гольман М.И. Изучение Монголии на Западе (середина XIII – середина XX в.). Москва. 1988.245с.

6. Далай Ч. Монголия в XIII – XIV в. Москва. 1983. 197с.

7. История Монгольской Народной Республики, 2 изд., Москва.1967.421с

8. Козлов П.К. Путешествие в Монголию. 1923 – 1926 гг. Москва.1949.360с

9. Кочешков Н. В.. Современное монгольское народное искусство и его художественные традиции. Ленинград. 1966. 250с.

10 Хрипунов Н. В. Одежда знати Великой империи монголов в 1207–1266 гг. // Золотоордынская цивилизация. Сборник статей. Выпуск 5. – Казань: Институт истории им. Ш.Марджани АН РТ, 2012. - C. 363-393.

 

Құсаинова Іңкәр Мұратқызы

ШҚО сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорық

Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы

 

 

Журнал «Мәдени мұра», Нур-Султан, 2020 г., №3, стр. 124-132

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …