• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
басылымдар ғылыми қызметкерлердің мақалалары Зейнеп Мәжікенқызы. Қазақ халқының музыкалық аспаптары

Зейнеп Мәжікенқызы. Қазақ халқының музыкалық аспаптары

Музыка әлемі –адамзат мәдениетінің байлығы ішіндегі мұхиттай шексіз, ғажайып дүние. Музыка да адамның асқақ, асыл ойлары, арман- мақсаты , ізгі тілектері, қуанышы, қайғы-қасіреті мен әр түрлі сезім иірімдері бейнеленеді. Музыканың адам жан-дүниесіне тигізетін әсері орасан, , сондықтан оны шынайы ықыласпен қабылдау арқылы ғана түсінуге болады.

Қаншама ғасырлар бойы жинақталған музыкалық қазына- ұшы-қиыры жоқ, аса мол мұра. Әлемдік музыка қорына әр халық,  ұлт өзіне тән өрнекпен өлшеусіз үлес қосып келеді

Музыка мәдениетінің өткеніне ой жүгіртіп, әр алуан тарихи деректерге жүгінсек, халық өнерінің қоры шексіз де, музыкалық аспаптардың түрі көп болғаны анық.

Ата-бабаларымыз тастан, ағаштан, темірден, өсімдіктерден, саздан, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан тағы басқа да дыбыс шығаруы мүмкін заттардан қарапайым ән-кұй аспаптарын жасап алады екен.

Белгілі композитор академик А.Қ.Жұбанов: «Халық аспастарының ішектерінде ғасырлар бойғы даналық тұнып тұр »  деген еді.

Қазақтың көптеген музыкалық аспабы халық поэзиясында аталатыны тектен-тек емес. Батырлар жырларында үрлеп ойналатын және ұрып ойналатын аспаптардың аттары кездеседі.

Еліміздің әр түрлі музейлерінің қорларында 400-ден астам көне музыкалық аспаптары сақтаулы.

Қазақтың музыкалық аспаптарын төмендегідей топтарға бөлуге болады.

1. Үрлеп тартылатындар- үрмелі  аспаптар: 1. Флейталық - сыбызғы, қурай-ысқырғыш, үшпелек, саз сырнай, үскірік, тастауық, ысқыруық, ұран.

2. Тростық-  қамыс сырнай, қос сырнай, қауырсын сырнай.

3. Мундштуктік-  мүйіз сырнай, ұран, бұғышақ, керней.

11.Ішекті: 1.шертіп ойналатын- жетіген,шертер, домбыра,  адырна.

Адырна- көп  ішекті, шертіп  ойнайтын  көне  саз аспабы. Садақ  тектес.Түркі халықтарына кеңінен танымал бұл аспап Қазақстанда  археалогиялық  қазба  жұмыстары  кезінде  табылған. Шерту  әдісі  арфа  аспабымен  ұқсас.

2. Қияқпен ойналатын-  қыл қобыз.

111.Мембраналы: 1.Ұрып ойналатын- даңғыра, кепшік, дабыл, дудыға, дауылпаз, шыңдауыл,

2. Сым тілшелі: шаңқобыз.

V1.Сілкіп ойналатын аспаптар:

Аса таяқ, шың, сылдырмақты қамшы, қоңырау.

Аспаптар негізінен мынадай мақсаттарға пайдаланылады : дудыға, шың, мүйіз сырнай, керней, ұран, дабыл әскери жорықтарда дабыл қағу үшін; бұғышақ, дауылпаз, шыңдауыл аңшылық кезінде. Ал металл сылдырмақтары  бар даңғыра мен қылқобызды және аса таяқты көбінесе бақсылар өздерінің бақсылық ісінде қолданған; сыбызғы, шертер, қос сырнай  қамыс сырнай бақташылардың аспаптары болып саналады; домбыра, металл сылдырмақтары жоқ қылқобыз, жетіген, кепшік, саз сырнай, үскірік, тастауық,  қоңырау және  шаңқобыз  халық таланттары ойнаған аспаптар.

1. Үрлеп тартылатын аспаптар-  қамыс сырнай және қос сырнай.

«Сырнай» деп музыкалық аспаптардың бірнеше түрін атаған.Үрлеп тартылатын аспаптарды бір-бірінен бөліп атау үшін «сырнай» деген сөзге аспап жасалатын материалға  немесе оның жасалу ерекшелігіне қатысты сөзді және кейде үн шығару тәсіліне байанысты сөз қосып айтқан. Мысалы:  қамыс сырнай, мүйіз сырнай , саз сырнай,...

Қамыс сырнай мен қос сырнай өзінің үніне және тембріне қарай қазақтың басқа да үрлеп тартылатын аспаптарынан өзгеше болып келеді.

Бұл аспаптардың көлемі шағын болғанымен дауысы ашық болады. Қамыс сырнай мен қос сырнай күйлерінің диапаоны қысқа шағын боп келеді.

Саз сырнай, үскірік және тастауық.

Саздан жасалынып, үрлеп тартылатын аспаптардың бірегей түрлері- саз сырнай, үскірік және тастауық. Бұл аспаптар «окарина» тектестер қатарына жатады. Бұл аспаптарды саздан жасап, кейін отқа күйдіреді. Олардың көлемі де, түрі де әр қыйлы болып келеді.Олардың сыртын көмкеріп ою-өрнек салған, кейде глазурьмен жылтыратады. Мұндай аспаптардың  бәрі  де ысқырып  ойналатын  флейтаның  тобына  жатады.

Саз сырнай жасау үшін- қоймалжың балшықты арнайы жасалған қалыптың сыртынан қаптап қатқан соң екіге бөліп алып ,ол бөліктерді қайта біріктіреді де кепкеннен соң ойықтар ояды. Ойықтардың саусақпен басуға ыңғайлы болуы үшін аспаптың оңтайлы ұсталатын болуы да ескеріледі.  Үрлеуге арналған ойық екі еріннің аралығынан оң жақтан келетіндей етіп және орта тұстан сәл солға қарай қыйыстап ойылады.

Мүйіз сырнай – мүштік арқылы үрлеп ойналатын аспаптардың ескі түрі. Мүйізден жасалады.

Саздан жасалған тағы бір музыкалыаспап -  үскірік.

Үскіріктің үнін құстың дауысына немесе басқа да түрлі дыбыстарға ұқсас шығарған және халық әндерін орындаған.

Үскірік жасау үшін- арнайы саздан үшбұршты етіп екі жапырақша істеп , оларды кептірмей арасынан қуыс қалдырып екеуін бір-біріне қосады. Үстіңгі жағындағы бұрыштың оң жағынан үрлейтін ойық теседі. Екінші бұрышының екі жағынан екі ойық тесіп шығарады. Кепкеннен кейін дыбыстың тазалығын келтіреді.

Тастауық аспабын да саздан жасаған. Саз сырнай мен үскіріктен тастауықтың түрі мүлде өзгеше, тауыққа немесе балапанға ұқсайды. Бұл аспаптардың бір-біріне ұқсастығы дыбысталу  және ойнау тәсілдерінде.

Окарина тектес аспаптарда музыканттар көкек, тауқұдірет сияқты құстардың, сондай-ақ аңдардың дауысына салып ойнаған. Тастауықтың өзгеше тембрі, ашық та жағымды үні бар.

Сыбызғы.

Сыбызғы- қурайдан, ағаш, мыстан, кейде жезден жасалатын көне үрлемелі музыкалық аспап.

Шыбықтан немесе басқа да сондай ағаштан жасалады.Үш жағынан сәндік үшін, терінің жұп-жұқа қыртысымен керілген жіңішке арқан жіп байланады. Түтіктің іші жақсылап ойылып , шеберлікпен өңделеді. Дыбыс шығаратын тесік үшеу ғана, ойнаған кезде саусақтың ұшымен ашылып- жабылады. Сыбызғыны қурай мен ағаштан жасаумен бірге темірден де жасаған. Аспапты бір жағы ұзына бойына қуыс болып келетін екі ағашты беттестіріп  жасалған  қорап  ішіне сақтайтын  болған.

Ұран- үрлеп ойналатын музыкалық аспап.  Оны жауынгерлер көп пайдаланған. Ұзындықтары әр түрлі екі түтіктің әрқайсысында үш – үштен тесігі бар .

Жетіген.

Жетіген көп ішекті аспап.

Кейбір ғалымдар «жетіген» сөзі жеті байлық, жеті қазына  дегенді білдіреді десе, кейбір аңыздарда ол «жеті хан» деген өзден шыққан делінеді. Аспап тұтас ағаштан ойылып жасалып , шанағы көн терімен қапталады. Күйге келтіру үшін тиек орнына асық қойылады.

Жеті ішекті аспап- жетіген деп аталады. Бұл аспаптың дауысы майда  қоңыр, әрі әуезді онымен неше түрлы күйге келтіріп, мың құбылта ойнауға болады. Оның құрылысы бұған қолайлы. Қазақтың шертіп ойналатын  өзге музыкалық аспаптарына қарағанда жетігенде тербеліске келетін ішектері тұтас шанақтың бетіне орналасқан.

Шертер.

Шертер- домбрамен  қобыздың  арғы  тегі   саналатын ежелгі   ішекті  аспап. Оны  шертіп те, ысқымен де  ойнаған.  Шертердің  көлемі  ішектің  ұзындығына  орай  70 см аспайды.  Аспаптың  көне  үлгілнрінде   үстіңгі  қақпағы  болмаған. Еейін  оның  беті  терімен  қапталып, ішек  орнына  тарасыс  тартылған. Шертер  аспабы аңыз, ән,  ертегілерді  айтқанда  қолданылған.

Шертер- шанағы терімен қапталған, қазақ халқының ең көне музыкалық аспаптарының бірі. Шертіп ойнау тәсіліне байланысты шертер деп аталған. Ол екі немесе үш ішекті болып келеді.

Ертеректе қазақ даласына тараған аспаптың бірі- шертер. Шертердің құрылысы мен формасы негізінде домбыраға ұқсас болған, мойны қысқа, қыл ішек тағылған, үлкендігі қобыздай, қырғыздың қомузы  секілді шертер де пернесіз , үш ішекті, беті қобыздағыдай көн терімен қапталған. Мойны имектеу, басында шайтан тиегі жоқ, құлақтардың  жасалуы да қобызға жақынырақ.

Қобыз.

Қобыз шаман дінінен кейін шыққан.  Қобыз -  тек  ұлттық  саз  аспабы  ғана  емес  , сонымен  бірге тәңірге табынған  ежелгі  ата -  бабаларымыздың  қасиет  тұтқан  бір  төтемі . Ысқышпен ойналатын ішекті музыкалық аспап. Мойны имек келетін бұл аспап сол қол саусақтары тырнақтарының сыртын ішекке тигізу арқылы ойналады. Аспаптың шанағы терімен қапталып, ысқыштары мен ішектері жылқының қылынан жасалады.

Домбыра.

Қағып, шертіп ойнайтын ішекті аспап. Қазақтың ән-күй орындаушылық  дәстүріне байланысты домбыра аспабының бірнеше түрі бар, олардың тек сырт пішіні ғана емес, ішек және перне саны да әр қилы болып келеді.

Тілшелі шаңқобыз.

Шаңқобыз- Бұл көне музыкалық аспап. Оның ортасында сүйір тілшесі болады.

Шаңқобыз тек металдан ғана жасалмаған, жұқа ағаш тақтайшадан жасалған, ішінде жіңішке тілшесі бар шаңқобыздар да болған. Шаңқобыздың құрылысы күрделі емес. Оның көлемін әртүрлі етіп жасаған. Ол екі жақ ұшы сүйірленген, ортасында жіңішке тілі бар лираға ұқсайды. Тілшенің ұшы тік бұрыштала иілген, ол тілшені шалып тербеліске келтіруге арналған. Тілшенің екінші ұшы жиекке бекітілген. Тілшенің тербелуіне ештеңе бөгет жасамауға тиіс. Ойнау кезінде ауыздың екі ұрты резонатор қызыметін атқарып, дыбысты күшейтеді.

Аспапты ойнағанда сол қолдың бас бармағы, сұқ саусақ пен ортаңғы саусағы аспапты ұстап тұрады. Қалған екі саусақ жартылай бүгіледі де ортаңғы саусаққа тақалады. Алақан жартылай жұмылып қуыс жасайды, ол қуысқа аспаптың дыбысы шоғырланады да соның нәтижесінде дыбыс кұшейеді.

Дыбыстың күші ойнау кезінде ерін мен тістің арасындағы қуысқа тікелей байланысты. Арадағы қуыс неғүрлым тарлау болса, тілшеге бағытталған ауа толқыны соғұрлым көбірек шоғырланады, демек , дыбыс соғұрлым күшті шығады.

Аспаптың тамылжыған үні көбінесе тілшенің еркін тербелуіне және оған бағытталған ауаның шоғырлану дәрежесіне байланысты. Ол сонымен қатар ауыз қуысындағы резонаторлық кеңістікке де тәуелді. Егер мұндай кеңістік тым шағын болса, аспаптың дауысы анық шыққанымен күшті болмайды.

Ұрып ойнайтын аспаптар.

Әрбір ұрып ойнайтын аспаптың өзінше ерекшелігі болған. Бұл апаптардың сыр-сипаты мен ерекшелігі олардың тембрлік және динамикалық дыбыстануына қарай айқындалады. Ұрып ойналатын аспаптармен аңға шығу, діни жоралғыны орындауға т.б. осы сияқты жиынға шақыратын болған.

Дабыл.

Халықтың ауыз әдебиетінде дабылды, дабыл қағатын аспап ретінде айтқан. Дабылды жауынгерлер әдетте жауға қарсы шабуылға көтерілгенде немесе туған елге қайтып оралып келе жатып, ауылдың іргесіне таяп қалғанда қолданған. Дабыл дауысының ақырын, қатты болып келуіне қарай әр түрлі көлемде жасалған.

Дабылдың өзге ұрып ойналатын аспаптардан айырмашылғы  оның шеңберіне екі жағынан көн тері қапталады. Ерге іліп қою үшін бүйіріне ағаш сап орнатылады немесе қайыс ілгешек тағылады.

Даңғыра және кепшік.

Даңғыра мен кепшік те мембраналы топ аспаптары қатарына жатады. Дабылдан айырмашылығы кепшіктің бір жақ беті ғана көн терімен қапталған. Даңғараның ішкі қуысына әр түрлі формадағы шынжыр, сақина, пластинкалар ілінеді. Ал кепшіктің даңғырадан айырмашылығы кепшікте жаңағы айтқан әр қыйлы сылдырмақ болмайды. Бұл аспаптардың екеуінің де  дауысы шаңқылдаған ащы.

Дауылпаз және шыңдауыл.

Қазақтың ер басына іліп жүретін музыкаық аспабы –шыңдауыл, қол тоқпақпен ұрылады. Аспаптың шанағы жезден болады.

Сілку арқылы үн шығаратын музыкалық аспаптар.

Асатаяқ- ертеден келе жатқан сілкімелі аспап. Қазақ халқында ұлттық билерді сүйемелдеу үшін қолданылған. Қазақта қоңырау, сақпан, тұяқтас, шартылдақ сыяқты сілкіп ойнайтын аспаптар да бар. Асатаяқ- шу шығаратын  музыкалық аспап. Бақсылар оны  даңғыра және қылқобызбен қоса қолданған. Асатаяқтың темір масағы бар. Жалпақ басы екі жағынан шебер өрнектеліп, әдемі әшекейленген. Оған металл сылдырмақ ілінген. Асатаяқтың қуыс басының ішіне бір уыс бұршақ тастап , сыртынан көн терімен қаптауға болады.Асатаяқты сілкілеген кезде жаңағы бұршақтар өзгеше үн шығарады.

Қоңырау.

Қоңырау- бұрын халық өнерпаздары көп қолданған музыкалық аспап. Ол халық әндері мен күйлерін сүйемелдеу үшін қолданылған. Домбырашылар  мен қылқобызшылар қоңырауды аспаптың басына, мойнына немесе шанақтың ішіне іліп қоятын болған. Керек кезінде музыкант аспапты сілкіп қалса болды қоңырау  сыңғыр қағып қоя береді. Бақсылар қоңырауды асатаяқ пен қылқобыздың басына ілген .

Шартылдауық  .

Алтын домбыра туралы жәйлі аңыз.

...Ерте, ерте, ерте заманда «ер етігімен су кешкен , келте заманда» елім деп егіліп, тоғыз тарау елдің тарихын жадында сақтаған қарт жыршы болыпты. Кәрілік жеңіп, дәмі таусылар сәт жақындағанын сезген ол , бүкіл ел-жұртын, үрім-бұтағын жинап : «Уа, жарандар, қазір менің көкірегімде тоғыз тараудың шежіресі қаттаулы. Ел есінде қалар шаруаны өзіммен бірге жасасып , бірге қартайған осы бір домбырамның көмегімен үлкен- кішіңе паш етіп келдім. Көз жұмар шақта білгенімді кімге қалдырам деп жүз ойланып , мың толғанып, шешімін таппадым .Ендігісін өздерің біліңдер» – деген екен.

Жас -кәрісі, ерлі- зайыптысы , жарлы- жақыбайы түгелдей жиналған жұрт өзара кеңесіп , тоғыз тарауды қарт жыраудың домбырасының шанағына құю керек деп шешкен екен. Сонда осынша байлық оның қуыс мойнынан шығып кетпесін һам тоғыз тараудың белгісі болсын деп бүкіл ел болып домбыраға тоғыз тосқауыл перне , ал қарт жыраудың құрметіне аспаптың бетіне екінші ішек таққан екен. Осыдан барып оның шанағы кеңейіп , мойны ұзарып, шежірелі сыр шертетін халық мұрасы – алтын домбыра боп сол заманнан қалған екен. Сөйтіп домбыра сан ғасырларды артқа салып , қуыс мойын түрінде қала берген. Бірақ кейіннен қолайсызда, ыңғайсыз болғандықтан оның мойнын бітеп , әрі ұзын ағаштан жонып ұзартқан екен.

Республикамызда музыкалық аспаптарды жетілдіру жөніндегі тұрақты жұмыс 1932 жылыдан басталды.

Алматыда арнайы музыка шеберханасы ұйымдастырылды. Алғашқы музыка шеберлері ағайынды Борис және Имануйл Романенко , Қамар қасымовтар болды. Кейінірек Арыстан Ермеков қосылды.

Қазақтың  ұлт-аспаптар оркестрін тұңғыш ұйымдастырушы академик Ахмет Жұбановтың музыка шеберлерімен бірлесе отырып домбыра, қылқобыз түрлерін жасау, сыбызғы мен дауылпазды жетілдіру жөнінде көптеген проблемалық мәселелерді шешуіне тура келді. Қобыз тобына ішегі жылқы қылынан тағылған екі ішекті көне қылқобыз негізгі аспап саналады.

Қобыздар тұтас ағаштан жасалды, шанақтың бет жағының жоғарғы бөлігі ағаш қақпақпен жабылмайтын, ал төменгі бөлігіне көн тері қапталатын. 1956 жылы төрт ішекті қобыз жасау ісі қолға алынды.

Сыбызғы ойналатын бес ойығы бар метал түтік түрінде жасалды.

Дауылпаздың алғашқы үлгісі сақталынбаған. Шанағын ағаштан жасап, көн терінің үнін өзгерту үшін арналған бұрандалы вйнт орнатып жәңартылған түрі жасалды.

Қазақтың аспаптық мәдениетінің өте ерте заманнан-ақ бастап қалыптаса бастағанын археалогиалық қазба жұмыстары да дәлелдеп отыр.

Зерттеушілердің ,әсіресе профессор Б.Сарыбаевтың талдауларына сүйене отырып , аспаптардың көпшілігінің бірыңғай тұтас тарихи және мәдени кеңістікте сақталғанын , өздерінің құрылымы мен дыбыс ерекшеліктері жағынан басқа халықтардыкін қайталай бермейтінін , тіпті бізде қалыптасқан аспаптық мәдениеттің өзіндік ерекшеліктерін аңғартатын тембрлік- дыбыстық қасиеттерін көреміз.

1957жылы халық аспаптарын қайта жандандырып , жетілдірудің  екінші кезеңі жүзеге асырылды. Ш.Қажығалиевтың нобайлары мен сызбалары бойынша сырнай, дауылпаз сыяқты аспаптар қайта жасалып , дыбыстандандырылды. 60-70інші жылдары белгілі аспап зерттеуші профессор Б. Сарыбаев, қазақтың көне мұрасының білгірлері С.Қасиманов,  О.Хаймолдин тағы басқалар халық аспаптарын зерттеу , жетілдіру және насихаттау ісінде белсенділік көрсетті.

Шертерде ойнаушы Өтепберген Хамзин жене үш ішекті домбырада ойнаушы Жарқын Шәкәрімовтар саз аспаптарының түрлерін жетілдіруде көп еңбек сіңірді. Жоғарыда айтылғандай, көне аспаптарды қолға түскен нұсқасына сай және аздап жетілдіріп жасау, ойнау дәстүрін игеру және ансамбілге қосу сияқты, аса күрделі жұмыстар бір- бірімен ұштастырыла жүргізілді.

Қазақ халқының музыка мәдениетінің даму тарихы өзгеше. Музыка аспаптарының әр түрлілігі де соның бір айғағы.Ұмыт болған аспаптарды қайта өңдеу және оларды жетілдіре түсу , аспаптарды дамыту сондай –ақ осы аспаптарға байланысты ұлттық өнерімізді тұрмысымызға кеңінен енгізу біздің азаматтық парызымыз.

Уақыт шаңына көміліп ұмыт қалған қазақтың көне аспаптарында ойнау тәсілдерін қайта өрбітіп , қалпына келтіру - әуезшілік шығармалардың мазмұнын жаңа көркемдік  сатыға көтеріп қоймай , ұлттық мәдениетімізді байытып , оған дәстүрлік тұрпат беретіні сөзсіз.

Пайдаланылған  әдебиеттер:

1.Болат Сарыбаев. Қазақтың музыкалық аспаптары.

2. Жарқын Шәкарімов. Әміре. Аққуға аспандағы әнін қосқан...

3. Өзбекәлі Жәнібеков. Жолайрықта.

4. Ақселеу Сейдімбек. Қазақ әлемі.

5. С.Қалиев. М .Сымайлова. Қазақтың салт –дәстүрлері.

6. Өзбекәлі Жәнібеков. Уақыт керуен.

Дайындаған: З.М .Мәжікенова.

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …