Саябақтағы көрме
Осыдан екі жыл бұрын облыстық этнографиялық мұражай Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы саябақтың бұрын пайдаланылмай, қоқыс орнына айналып, иен жатқан бір шетінен көрме павильонын ашқан болатын. Ұлы жеңістің 60 жылдығына арналып ашылған бұл көрме павильонына шығысқазақстандық майдангерлердің облыстық мұрағаттан алынған әр түрлі суреттері, құжаттары, сыйлықтары, майданнан келген хаттар сияқты құнды жәдігерлер қойылған. Ал, павильон ауласына 1938-1940 жылдар үрдісіндегі «БМП-Т», «Т-62» тұрпатты танктер, броньдалған барлау, шолғыншы машинасы, «Д-1», «ЗИС-3» артилерия зеңбіректері, кемеге қарсы бомба атқыш сияқты сол заманның бірегей соғыс техникасы қойылған.
Өткен заманның сұрапыл соғысынан сыр шертетін бұл көрмені, әсіресе, соғыс техникаларынь бүгінгі жастар, мектеп оқушылары, тіпті балабақша бүлдіршіндеріне дейін қызыға тамашалайды.
Биыл Жеңістің 60 жылдығы қарсаңында мұражай қызметкерлері павильонды жәңа жәдігерлермен толықтырды. Соның бірі- еліміздің тұңғыш әскери ьұшқышы, жерлесіміз Жақыпбек Малдыбаевқа арналған бөлім. Бөлімге 15 мамырда туғанына 100жыл толғалы отырған алғашқы әскери ұшқыштың түрлі суреттері, құжаттары қойылып, өмірбаяны жазылған. 1929 жылдан Қызыл Армия қатарында қызмет істеп, 1933 жылы Харков жоғары әскери- авияциялық училищесін, 1937 жылы Москвадағы Жуковский атындағы әскери әуе академиясын бітірген аға лейтенант Жақыпбек Малдыбаев кеңестік 160 ерікті ұшқыштар қатарында Испания-ның азаматтық соғысына қатысып, 1938 жылы қайтып келе жатқан жол-ында ұшақ апатынан қайтыс болған. Бұл бұрыш даңықты әскери ұшқыш жерлесіміздің туғанына 100 жыл толуын облыс көлемінде белгілеп, жас ұрпақтарға насихаттауға мұрындық болған үлгілі іс деуге болады.
Ж.Малдыбаев өзі ғана емес әулетімен соғысқа қатысып, ерлік, өнеге көрсеткен даңықты жауынгерлер. Бірге туған аға- інілері -Әбілбек Малдыбаев 1938 жылы ақ финдер соғысына, Омар, Шәріп, Құмарбек Малдыбаевтар Ұлы Отан соғысына қатысып, кеуделеріне әлденеше орден, ондаған медаль таққан ардагер жауынгерлер. Көрме павильонының Ж. Малдыбаевқа арналған бөлімінен бұларға қатысты жәдігерлерге де орын берілген.
Аталмыш павильон жыл сайын жаз бойы жұмыс істеп, жастарымызды отан сүйгіштік рухта тәрбиелеуге лайықты үлес қосып келеді.
Бодаухан Тоқанұлы
«Дидар» газеті №15, 2007 жыл 15 мамыр