Атадан балаға яғни, ұрпақтан - ұрпаққа жеткен дүниелер аз емес. Оны сақтап, құпия сырын жас ұрпаққа түсіндіріп жүрген жанның бірі - Өскемен қаласындағы этнографмялық мұражайдың қызметкері Болат Мүбәракұлы Елікбай .
- Біздің мақсатымыз- қазақтың ертеден келе жатқан жәдігерлерін ел аралап жинап, осындай тұрақты көрмелер көрсету. Тұрақты көрмеден басқа жылжымалы көрме болады. Жылжымалы көрме шағын, 40-50 жәдігерден тұратын көрме. Ол негізінен мектептерге, балабақшаларға немесе арнайы мекемелерге ұсынылады. Егер мекеме ұйымдар алдын - ала тапсырыстар берсе, мұражайжағы тұрақты көрмеге саяхат жүргіземіз. Саяхат жасаудың екі түрі бар, тақырыпты және жәй шолып шығу көрмесі.
Тақырыпты саяхаттың ерекшелігі белгілі бір тақырыпты қозғап, сол төңірегінде әңгімелесіп, түсіндіру. Ондай саяхаттан келушілкр риза бо-лып қайтады. Өздеріне керекті деген толық мағлұматты алады.
- Жәдігерлер қалай жиналады? – деген сұраққа Болат Мүбәракұлы былай деді:
- Ең бір т иімді жолы – ғлыми саяхат ұйымдастыру. Ғылыми саяхатты қаражат болғанда ұйымдастырамыз. Ол кезде аудан- аудандарды аралап, халықпен кездесіп, тікелей әңгімелесіп, не бар, не жоқ дегенді анықтап, одан кейін құнды, керекті деген заттарын аламыз. Екіші бір жолы, қала тұрғындарының құнды заттары болса көріп, бағалап аламыз. Кейде жә-дігерлер басқа мұражайлардан бізде жоқ нәрселерді алу арқылы келеді немесе сыйға тартылып, келетіндері де бар. Жәдігерлеріміз осылайша жиналып үлкен қорға айналады. Соңынан қордағы заттарды зерттеп, жүйелеп, сапасын, ерекшелігін, тиімділігін анықтап, көрме залына қо-ямыз. Қазақ халқының күмістен жасалған зергерлік бұйымдарына қы-зығушылар көп. Жастар да, шетелден келген қонақтарымыз да ерекше қызығушылықтарын танытып жатады.
Күмісті халқымыз ерекше бағалап, денсаулық пен тазалыққа үлкен пайдасы бар деп білген. Ас әзірлегенде қазақ әйелдері қолдарына күміс сақина, білезік таққан екен. Мұражайдың бөлім бастығы Болат Мүбәракұлы әңгіме соңында :
- Көрмені тамашалауға жастар, студенттер, оқушылар көптеп келеді . Жаз айларында көрмеге келушілер саны арта түседі,- деді.
Бізде «Келушілеріңіз көбейіп, халқымыздың асыл мұраларын насихаттай беріңіздер» деген тілек арнадық.
Әлия Ибақова
«Дидар» газеті № 66, 2007 жыл 19 маусын