Сегізінші мамыр күні кешке Өскемендегі «Жастар» саябағында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан өскемендік жауынгерлерді еске алуға арналған шырақ жағу акциясы өтті.
Сұрапыл соғыста өскемендік жауынгерлер де жан аямай ерлікпен шайқасты. Ел басына күн туған шақта Отанын қорғауға аттанған 7199 боздақ майданнан елге қайтып оралмады. Акцияны өткізуге жиналған қала тұрғындары мен қонақтары «Жас Отан» қозғалысының белсенді жастары Даңқ мемориалынан әкелген Жеңіс алауымен шырақтарды жағып, бейбіт өмірді аңсап, арманда кеткен жауынгерлердің рухына бас иіп, тағзым етті.
«Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін» деген ұранмен еңбек еткен өскемендік тыл қаһармандары да жеңісті жақындатуға өз үлес-терін қосты. Жауынгерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерлікке толы өмірлері кейінгі ұрпаққа үлгі болып, ол жадында мәңгі сақталады. Солардың арқасында бейбіт өмірге жеткен бүгінгі ұрпақ даңқты дәстүрді жалғас-тырып келеді.
Әлімжан Қаділбекұлы
«Дидар» газеті, № 62, 2008 жыл, 13 мамыр
< Предыдущая | Следующая > |
---|