Экологиялық саябақпен салыстырғанда сәулеткерлік - этнографиялық және табиғи- ландшафтық мұражай- қорығының жағдайы мақтауға тұрарлықтай. Мұнда жұмыс қызу жүріп жатыр. Бұл әсем орындардың, сол сияқты «Жастар» саябағының өз ісін жетік меңгерген қожайыны бар екені бірден көзге түседі. Жақында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев осы демалыс орындарын аралап шықты.
Саябақ аймақтарын дамыту жоспарлары туралы мұражай- қорығының директоры Николай Зайцев ой бөлісті.
Этнографиялық, ботаникалық, экологиялық және дендросаябақтар Комсомол аралын дамыту кезінде пайда болады деген жоспар бар. 35 гектар аумақты толығымен игеруге 700 млн . теңге қаражат қажет. Қазір бұл жерге 40 млн. теңге жұмсалды. Жануарлармен құстарға қажетті жағдайлар жасалып, Шығыс Қазақстанның ландшафты картасы әзірленуде. Жақында Күршім ауданының орман шаруашылығы сыйға тартқан 200 қайың көшеттерін отырғызу жоспарланған. Бердібек Сапарбаев Николай Зайцевтың бастамасын қолдап, егер олар сәтті жүзеге асса, бірінші жарты жылдық қортындысы бойынша мұражай- қорықтың бюджетін ұлғайту мәселесін қарастыруға болатынын айтты.
«Жастар» саябағы да өңір басшысының көңлінен шыққан көрінеді. Ол осында өткен пасханы мерекелеу іс-шарасына қатысып, этнографиялық ауылды аралады.
Бердібек Сапарбаев этнографиялық мұражайдың жұмысына жоғары баға берді. Қазір мұнда«Көктемгі калейдоскоп» атты көрме жұмыс істеуде. Тамырлардан жасалған мүсіндер, керамика, тастан, сазбалшықтан, жүннен жасалған бұйымдар мен жәдігерлер, музыкалық аспаптар. Мұның бәрін мұражайда тамашалауға болады.
«Жақсы мұражай! әсіресе, этноэкспозициялар қызығушылық тудырады» деді облыс басшысы. Айта кететін жәйт, бір жарым айда облыс әкімі аралап, оның көңлінен шыққан санаулы әлеуметтік нысан-дардың бірі - осы мұражай - қорық.
«Дидар» газеті № 55, 2009 жыл 22 сәуір