|
 27 қарашада Семейдегі Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық «Жидебай-Бөрілі» музей-қорығында Өскемендегі облыстық музей-қорық қорынан алынған «Суретші Болат Исин туындыларындағы жазушылар шығармашылығы» атты көрме ашылды. Музейаралық әріптестік шеңберінде ашылған көрмеде Болат Исиннің қазақтың ұлы ақыны Абай мен оның шәкірттері Шәкәрімнің, Әсет Найманбайұлының, Төлеу Көбдікұлының, жазушылар Мұхтар Әуезов пен Оралхан Бөкейдің, Қайым Мұхамедхановтың туындылары желісінде кескіндемемен және акварельмен салған жұмыстары қойылды.
|
 
Музей-қорықта Қазақстан-Американ еркін университеті (ҚАЕУ) колледжінде «туризм» мамандығына оқитын студенттердің тәжірибеден өту мерзімі аяқталды. Тәжірибе Жастар жылы аясында өтті. Студенттер ай көлемінде экскурсия жүргізуші маман жұмысының қыр-сырынан хабардар болды. Ақпараттық-ағарту бөлімі мен экскурсиялық қызмет көрсету секторындағы аталған мамандықтың бір бағыты осындай. Олар бөлімдер қызметкерлерінің көмегімен музей-қорық құрылымына қатысты барлық жұмыспен, сондай-ақ, экскурсия жүргізушінің жұмыс ерекшеліктерімен танысты. Студенттер тәжірибеден өту қорытындысында арнайы тақырыптар бойынша экскурсия мәтінін дайындады. Ақпараттық-ағарту бөлімінің меңгерушісі Шынар Кәрібаеваның сөзіне қарағанда, қазір олар Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған мультимедиялық ресурс бойынша жұмыс істеуде. Қазірдің өзінде Орыс музейіне өтінім жіберілді, ал желтоқсан айында ол жақтағы конкурсқа материалдар жіберілетін болады.
 Музей-қорық 1 желтоқсанда аталып өтілетін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін қарсы алуға дайындалуда. 25 қараша күні сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің қызметкерлері «Шығыс Қазақстан халқының мәдени мұрасы» атты фестивальда қазақтың ұлттық шығармашылығы бұйымдарының көрмесін ұйымдастырды. Ол Тұңғыш Президент күні қарсаңында облыстық Достық үйінде өтті. Көрмеге Семей қаласынан келген шеберлер Айман Боқпасарова мен Сәкен Назархан, ұландық шебер Сайлан Мұкаметбек қатысты. Онда сырмақтар, төсеніш-кілемдер, ағаштан жасалған ыдыстар, «біз кесте» мәнерінде кестелене тігілген майлықтар, жастық тыстары мен көрпешелер қойылды. СҚӨ бөлімінің меңгерушісі Райса Мұхамеджанова музей-қорық қорынан алынған ағаш тақтайшаларды, киіз бен фетрден жасалған бұйымдар мен басқа да заттарды қойды.
 2019 жылдың 15 қарашасы күні музей-қорықтың ақпараттық-ағартушылық бөлімінің меңгерушісі Шынар Кәрібаева мен бөлім қызметкері Анастасия Григорьева танымал қазақ жазушысы, революционер, ақын, белгілі мемлекет және қоғам қайраткерінің туғанына 125 жыл толуына орайластырылған «С. Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылық жолы» атты дәріс өткізді.
 Павлодар облыстық көркемсурет музейі өзінің 55 жылдығын атап өтті. Қазіргі уақытта музейде кескіндеменің, графиканың, мүсіннің, сәндік-қолданбалы өнердің қомақты топтамасы жинақталған. Жалпы, музей қорында 6000-нан астам жәдігер бар. Музей-қорық Павлодар көркемсурет музейімен өңіраралық ынтымақтастық және әріптестік шеңберінде тығыз байланыс орнатқан. Мәселен, көркемсурет музейі ақпараттық-ағартушылық бөлімімен «Орыс музейі: виртуалды филиал» бөлімінің жобасы бойынша әріптестікте.
|
|
|
|
Страница 42 из 122 |