«Туған өлке келбеті» фотокөрмесі
Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Туған өлке келбеті» атты «Кристалл» фотоклубы мүшелері көрмесінің вернисажы өтті. Өскемен қаласындағы Россотрудничество өкілдігінің басшысы Александр Андреевич Дяченко, қаласы әкімінің орынбасары Ирина Федоровна Смит, «Креативті индустрияны дамыту орталығы» КММ директорының м.а. Назым Шайзанова құттықтау сөз сөйледі.