
2026 жылғы 29 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінде Ольга Ержановна Чавкина жетекшілік ететін PERFORMANCE студиясы шәкірттерінің көркемсурет көрмесі ашылды. Көрмеде 22 автордың шығармашылық туындылары көпшілік назарына ұсынылды. Әрқайсысы өзіндік өрнегімен ерекшеленетін жұмыстар пейзаж, натюрморт, анималистика және фэнтези секілді сан алуан жанрды қамтиды. Көрме – өнер иелерінің шығармашылық ізденісін, көркемдік қызығушылықтарының кең ауқымын және әр қатысушының өзіндік көзқарасын айшықтайтын шығармашылық кеңістік. Суретшілерді көрменің ашылуымен құттықтаймыз! Оларға шабыт, жаңа шығармашылық идеялар және толағай табыстар тілейміз! Көрме Қ. Қайсенов көшесі, 67 мекенжайы бойынша үш ай бойы жұмыс істейді.













