2018 жылғы 12-17 қазанда ғылыми-ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің қызметкерлері қаладағы № 34, 27 .мектептердің төменгі сынып оқушылары үшін театрландырылған бағдарлама қойды.
Күзші балалармен бірге Күзді мерекеге шақырды. Күз құр қол келген жоқ екен, өзімен бірге мол өнім ала келіпті. Кейіпкерлер балалармен «Ағаштың өз жапырағын тап», «Бүршіктерді жина», «Күзгі гирлянда», «Музыкалы даңғыра» атты ойындар, «Дәмдісін-ай» деген конкурс өткізіп, көкөністер мен жемістер туралы жұмбақтар шешті, күз белгілері туралы викторина ұйымдастырды. Іс-шара би билеп, күз сыйларын таратумен аяқталды.