2023 жылдың 17 тамызында музей-қорықтың ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің қызметкерлері ШҚО тұратын халықтардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына арналған «Отбасылық альбом» тақырыптық бағдарламасын өткізді. Шара қонақтары Өскемен қаласындағы «Спутник» балалар аула клубының балалары музей қорынан алынған отбасылық суреттері бар ескі фотоальбомдар көрмесін тамашалады. Сондай-ақ фотосуреттердің тұсаукесері көрсетілді, тұсаукесерден балалар өлкемізде тұратын түрлі халықтардың отбасылық мерекелері, салт-дәстүрлері, ұлттық ойындары туралы білді, мысалы: «Тұсау кесу» қазақ халқының салт-дәстүрі, «Бәйге» ойынының тарихы туралы, орыстардың қонақтарды қарсы алу дәстүрі туралы «Каравай», халықтық мереке «Иван Купала», украин және грузин халықтарының үйлену дәстүрлері. Балалар отбасы мұрағаттарынан фотосуреттер әкеліп көрсетті, өз отбасылары туралы қуанышпен айтып берді. Шара соңында балалар халықтық ұлттық ойындарды ойнады. Кездесу танымды, мазмұнды өтті, балалар музей қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, осындай қызықты мерекелерге міндетті түрде келетіндіктеріне уәде берді.