Музей-қорықта Масленица мерекесіне орай «Жинал, қауым, Масленица келе жатыр» атты театрландырылған танымдық іс-шара өтуде. Оларда Сайқымазақ, Масленица, Қыс және Көктем сынды бас кейіпкерлер балаларды Масленица дәстүрлерімен таныстырады. Халық ойындары, билер, частушкалар, викторина – мұның бәрі қысты шығарып салу мерекесіне жарқын реңктер сыйлады. Іс-шараға Өскемен қаласының оқушылары қатысты.