Қазақстан Республикасындағы Корей Республикасы Елшілігінің мәдени орталығы мұражай-қорыққа бағалы сыйлықтар берді, оны мәдени орталықтың директоры Хан Сун Рэ мырза өзі табыс етті. Сыйға берілген заттардың ішінде: Оңтүстік Кореяның мемлекеттік туы, музыкалық аспаптар - 8 дана, 3 би желпуіші және «Корея: чудо без чудес» кітабы - 73 дана.
Корей мәдениетіндегі аса қызықты құбылыстың бірі - самульнори, ол соқпалы аспапттарда ойналатын ойын. Самульнори жанрын 1978 жылы Оңтүстік Корея музыканты Ким Док Су ойлап тапқан. Музыка негізіне ертедегі корей дәстүріндегі шаруалар музыкасы нонъак қойылған, ол ауылдық мерекелерде, діни рәсімдерді жөнелтуде және даладағы жұмыс кезінде орындалған. Үлгісі жағынан құмсағатты еске (корей тілінде - сего) түсіреді, чангу - жауынды бейнелейді, ал бас барабан пук бұлтты бейнелейді. Металл тәрелке бейнелі барабан чин, сондай-ақ, тэгым ретінде де танымал, ол желді бейнелейді. Шынында да, өзінің ұзақ уақыт дыбысталуының арқасында (соқпадан кейін 10 секунд) ол желді еске түсіреді және Самульнориге үндестік құрайды. Аталған музыкалық аспаптардың барлығы сарай маңындағы және ақсүйектер музыкасында кеңінен қолданылды.
Музыкалық аспаптардың ішінен қор коллекциясына барабандардың түрлі үлгілері: чангу, пук, кіші- гонг, үлкен -гонг чин және үрмелі аспаптардың екі түрі: согым мен тхепхёнсо қосылды.
Мұражай-қорық әкімшілігі корей мәдениеті жөнінде берілген бірегей заттар үшін шын жүректен алғыс білдіреді. Сыйға берілген әрбір жәдігер мұражай-қорықтың экспозициясында өзінің тиісті орнын табады және көптеп келушілер үшін корей мәдениетінің қайталанбас және бірегей әлемін паш етеді.
Б.Кумарова
< Предыдущая | Следующая > |
---|