• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта

«Азери» шығармашылық концерті

Ағымдағы жылдың 31 шілде күні, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығы этноауылының алаңында,  «Азери» әзірбайжан этномәдени бірлестігі  шығармашылық ұжымының концерттік бағдарламасы өтті. Концерттагі  әзірбайжан биі мен әнін тамашалауға қала тұрғындары мен қонақтары келді. Әсем ұлттық киімдермен өз өнерлерін көрсеткен жас өнерпаздар көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Концерт барысында жиылған қауым мен шығармашылық ұжымға Шығыс Қазақстан облысы халық Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Е.М. Аязбаев сөз сөйлеп, шығармашылық табыстар тіледі.   «Азери» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы М.О. Гамзаев өз тілектерін әзірбайжан және орыс тілінде алғысын білдірді.

«Азери» шығармашылық ұжымының ең жас бишілері ұлттық биі орындап, көрермендер ризашылығына бөленді. Концертті ұйымдастырушылар көрермендер арасында қызықты ойындар, викториналар, сайыстар өткізіп, жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табыс етті. «Сен білесің бе?» атты сұрақ-жауап сайысы әзірбайжан туралы мағлұматты көрермендердің  жете меңгергендерін дәлелдеп берді.

Бір жарым сағатқа созылған концерттік бағдарлама келген қала тұрғындары мен қонақтарына ұмытылмас әсер қалдырды.


Гүлім  Естаева

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …