|
"Музей түні-2022"
 
2022 жылғы 18 мамырда ШҚО музей-қорығында Балалар жылына және ТМД елдерінің халықтық мәдениетіне арналған "Музей түні-2022" дәстүрлі акциясы болып өтті. Ашылу салтанаты сағат 18.00-де Қ.Қайсенов атындағы этнобақта бастау алған мерекеге С.Вивекананда атындағы (Нұр-Сұлтан қ.) үндімәдени орталығынан келген қонақтар, қаланың үздік балалар ұжымдары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, "Ертіс-концерттің" вокал орындаушылары қатысты. Кеш жүргізушілері Ж.Дәлелханов пен Ю. Павленко саябақтың орталық алаңында 2 сағаттық бағдарлама өткізді. Қонақтар – үндімәдени орталығының директоры (Нұр-Сұлтан) Санджай Веди мырза мен «Казцинк» ЖШС бас директорының сапаны бақылау жөніндегі кеңесшісі Дилип Джоши мырза құттықтау сөзін сөйледі.
|
Гүл шоғын қою салтанаты. 2022
 
2022 жылғы 18 мамырда сағат 11.30-да ШҚО музей-қорығының Қ. Қайсенов атындағы этнобақ аумағындағы Р. Тагордың кеудемүсіні орнатылған алаңда үнді халқының ұлы перзентіне құрмет көрсетіліп, гүл шоқтарын қою рәсімі болып өтті. Салтанатты шараға ШҚО музей-қорығының директоры Арсен Тен және музей-қорық қонақтары – С.Вивекананда атындағы үнді мәдени орталығының директоры (Нұр-Сұлтан қ.) Санджай Веди мырза, үнді дәстүрлі би және ән мұғалімдері қатысты. Сондай-ақ, Өскемен қаласындағы № 26 мектептің оқушылары мен музей қызметкерлері Р. Тагордың өлеңдерін қазақ және орыс тілдерінде орындады. Іс-шара "Музей түні-2022" атты ауқымды мәдени-ағарту бағдарламасы аясында өтті. Іс-шараға қала қонақтары, музей қызметкерлері, оқушылар мен колледж студенттері, барлығы 50-ден астам адам қатысты.
Сыбайлас жемқорлықпен плакат тілінде күрес. 2022

«Шығыс – Адалдық алаңы» жобасын жүзеге асыру аясында, 2022 жылдың 16 наурызынан ШҚО музей-қорығында Қ. Қайсенов көшесіндегі көрме корпусында «Сыбайлас жемқорлықпен плакат тілінде күрес» атты тақырыптық көшпелі көрме өтеді. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті тарапынан музейге бірқатар материалдар берілді. Көрме жалпы халықты осы өткір әлеуметтік мәселеге тартуға, жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыруға, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыруға бағытталған.
1 наурызда Қазақстанда Алғыс айту күні аталып өтіледі. 2022
 
1 наурызда Қазақстанда Алғыс айту күні аталып өтіледі. Бұл мерекені атап өте отырып, Қазақстан қиын кезеңдерде миллиондаған жер аударылған адамдарды қабылдаған қонақжай мемлекет ретінде ашыла түседі. Музей-қорық облыстық «Qazaq eline myn tagzym!» атты форум аясында Достық үйінің 30 жылдығы мен Алғыс айту күніне орайластырылған «ШҚО халқының этнографиялық мұрасы» атты көшпелі көрме өткізді. Ғылыми бөлімдердің қызметкерлері Достық үйінің фойесінде музей-қорық қорындағы жәдігерлердіжайып салды және форумға қатысушылар мен қонақтарға Шығыс Қазақстан халқының материалдық мәдениеті, атап айтқанда, олардың ұлттық киімдері мен тұрмыстық заттары туралы айтып берді.
Маусым ашылды! Мұзайдындарына келіңіз! 2021
 
28 желтоқсанда Самал саябағында және Солжағалық кешен аумағында қысқы маусымның салтанатты ашылуы өтті. Негізінен қала тұрғындары мен қонақтары мұзайдындары мен мұз төбешіктерінің ашылуына шақырылды. Самал саябағында шаңғы жолы да жасалған.
Қала әкімі Жақсылық Омар қатысқан қысқы маусымның ашылуы бойынша негізгі салтанаттар Солжағалық кешенде өтті. Мұзайдынында «Звездный» мәнерлеп сырғанау клубының мәнерлеп сырғанаушылары Маргарита Мирошниченко мен София Мұхамедкаирова өнер көрсетті. Музей-қорықтың қазақ этнографиясы бөлімінің қызметкері Жанбота Шерікбайдың орындауында жерлес ақын Қалқаман Сариннің поэтикалық шығармалары шырқалды. Ал орыс этнографиясы бөлімінің меңгерушісі Александр Яковлев пен бөлім қызметкері Марина Солонец Аяз Ата мен Ақшақардың рөлдерінде атқа жегілген күймемен келіп барлық келушілердің алдында керемет өнер көрсетті. Ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің әдіскері Ольга Савельеваның қатысуымен балаларға арналған ойын бағдарламасы да салтанатты түрде өтті. Ол үнемі өз бейнелерімен айналасындағыларды қуантады. Бұл жолы Ольга Михайловна күлкілі гном бейнесінде болды.
Қысқы маусым ашылады! 2021
 
Шығыс Қазақстан музей-қорығы Самал саябағында және Солжағалық кешеннің аумағында конькимен сырғанауды ұнататындар үшін қысқы маусымды ашады. Қаланың барлық тұрғындары мен қонақтарын 2021 жылдың 28 желтоқсанында сағат 18.00-де Самал саябағына және Солжағалық кешеннің мұз айдынына шақырамыз, онда Сізді қысқы маусымның ашылуы мен ойын бағдарламасы тосады!
Музей-қорықтың баспасөз қызметі
Демеушілік көмек. 2021
   
ШҚО музей-қорығы Тәуелсіздік күні қарсаңында музейге демеушілік көрсеткен «Өскемен ТМК» АҚ басшылығына алғысын білдіреді! Музей-қорықтың шаруашылық бөлімдерінің қызметкерлері үшін 50 қысқы күртке, 50 дана жазғы киім, 50 жұп мақта-мата қолғап алынды. Сертификатты «Өскемен ТМК» АҚ техникалық директоры В.Ю. Чувашов табыс етті.
Шығыс Қазақстанның жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындарының бірімен біздің табысты ынтымақтастығымыз алдағы 2022 жылы да жалғасады деп үміттенеміз.
Сертификат алды. 2021
 
Облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының бір топ қызметкері Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап өткізген "Тәуелсіздік жолы: қалыптасуы, дамуы және келешегі" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысты. Конференция 2021 жылдың қыркүйегінде өткен болатын. Конференцияның қорытындысы бойынша оған қатысушылар Ұлттық музей директоры А. Мұхамедиұлының қолы қойылған сертификаттарға ие болды.
Самал саябағында велотрек ашылды! 2021
 
2021 жылдың 9 қазанында Самал саябағында велотрек салтанатты түрде ашылып, велосипед спортынан жарыс өтті.
Талдықорған қаласынан келген велосипед жарыстарындағы ВМХ бағытының өкілі Евгений Яковлев велотрек жасап және осындай жарыстарды ұйымдастыру мүмкіндігін бергені үшін қала және облыс басшылығына алғысын білдірді. Өскемен қаласының велосипед жарыстары бойынша жаттықтырушысы Андрей Нитяжуктың пікірінше, Самал саябағындағы велотрек – бұл велосипед спортының әуесқойлары үшін түрлі жарыстар өткізудің бірегей мүмкіндігі. Мұндай велотректер Қазақстанда тек Астана мен Алматыда ғана бар деді жаттықтырушы. Ал қыста мұнда сноуборд және велосипед тебуге болады дейді Андрей Васильевич.
Екі ел тел емген Ұлы Алтай! 2021
 30 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Барнаул мен Горно-Алтайск қалаларында екі мемлекеттік университет негізінде «Ұлы Алтайдың түркі-моңғол әлемі: тарихи-мәдени мұра және қазіргі заман» атты II Халықаралық алтаистикалық форумы өтті. Ірі халықаралық ғылыми оқиға екі алаңда нақты және онлайн режимде әлемнің 9 елінен – Ресей, Венгрия, Моңғолия, Финляндия, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстаннан 300-ге жуық ғалымды жинады. Шығыс Қазақстан музей-қорығынан форумға директордың экспозициялық көрме жұмысы жөніндегі орынбасары Евгения Рахматулина қатысты.
|
|
|
|
Страница 7 из 45 |