«От өзегінен өрілген керамика»
 Солжағалық кешеннің үлкен көрме павильонында «От өзегінен өрілген керамика» көрмесі өтуде
Көрме Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейі қорындағы 200-ден астам бұйымды біріктіріп, келушілерді керамика өнерінің бай әлемімен таныстырады.
Мұнда Риштан керамикасының шебері Сухроб Юсуповтың туындылары, «Отырар ауласы» топтамасы, Наталья Хабарова мен Тамара Владыкинаның авторлық жұмыстары, Өскемен құрылыс материалдары комбинатының бұйымдары, сондай-ақ дәстүрлі тұрмыстық керамика үлгілері ұсынылған.
Отқа күйдірілген саз бұйымдары арқылы ежелгі дәстүр мен шеберлік тоғысқан керамика өнерімен танысуға шақырамыз.
«Сирек кітаптар - ғасырлар сыры»
 Этнографиялық музейдің Солжағалық кешенінің Кіші павильонында «Сирек кітаптар - ғасырлар сыры» атты жаңа көрме ашылды.
Көрме ғасырлар қойнауына жетелеп, көне түркі руникалық жазбаларынан бастап заманауи баспа басылымдарына дейінгі рухани мұрамен таныстырады.
Көрмеде көне түркі руна жазулары бар «Тоныкөк ескерткішінің» макеті және 1870 - 1900 жылдардағы типографиялық баспа станогының макеті ұсынылған. Сондай-ақ, көрмеге Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейі қор коллекциясынан алынған сирек әрі құнды басылымдар қойылған.
Көрмеде Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінің қор топтамасынан алынған сирек әрі құнды басылымдар ұсынылған.
Әрбір жәдігер ұрпақтар жадын сақтап, білім мен тағылымды жеткізген, қазақ халқының бай мәдениетін бейнелеген өзіндік тарихымен бөліседі.
Қосымша фотосурет ...
|
Өңіраралық ынтымақтастық аясында. 2019
 Павлодар облыстық көркемсурет музейі өзінің 55 жылдығын атап өтті. Қазіргі уақытта музейде кескіндеменің, графиканың, мүсіннің, сәндік-қолданбалы өнердің қомақты топтамасы жинақталған. Жалпы, музей қорында 6000-нан астам жәдігер бар. Музей-қорық Павлодар көркемсурет музейімен өңіраралық ынтымақтастық және әріптестік шеңберінде тығыз байланыс орнатқан. Мәселен, көркемсурет музейі ақпараттық-ағартушылық бөлімімен «Орыс музейі: виртуалды филиал» бөлімінің жобасы бойынша әріптестікте.
|
Абайдың «Қара сөздері» челленджде оқылды Abai 175. 2019

Музей-қорықтың сирек кітаптар бөлімінің аға ғылыми қызметкері Ольга Осерчева Әсел Қаршаловадан қазақ әдебиетінің ұлы классигі, ақын, ойшыл және ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына арналған эстафетаны қабыл алды. Оның «Қара сөздері» ұрпақтарға бағышталған өсиеттің өзіндік жинағы іспетті. Ольга Николаевна 38-ші қара сөзден үзінді оқыды.
«Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Ол әуелі надандық, еріншектік және залымдық – білім-ғылымның жоқтығы, дүниеде ешбір нәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімге талпынбау хайуандық болады. Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Ол өз кезегінде талапсыздықты, жігерсіздікті, ұятсыздық пен кедейлікті тудырады. Залымдық – адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан қисабына қосылады.
Музейаралық әріптестік мәдени құндылықты танымал етуге көмектеседі. 2019
 ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Риддер тарихи-өлкетану музейі» КМҚК-да «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Әшекей – халық жанының айнасы мен тарихы» атты көрме ашылды. Онда қазақ халқының әшекей бұйымдар тақырыбындағы болмысын көрсететін тұрмыстық бұйымдар, сондай-ақ, бейнелеу және қолданбалы өнер заттары орын тепкен. ШҚ облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының қор топтамаларынан алынған 50-ден астам бұйым қойылды.
Жыр алыбына ескерткіш орнатылды. 2019
 
14 қарашада Жамбыл Жабаев ескерткішінің салтанатты ашылуы ақын атындағы саябақта өтті. Ескерткіш облыс әкімі Даниал Ахметовтің бастамасымен орнатылды. Оның ашылу салтанатында сөз алған аймақ басшысы Өскеменде мұндай ескерткіштің ашылуы қазақ халқының ұлы перзенттерінің галереясын жасауға қосылған үлкен үлес екенін атап өтті. Саябақ поэзиялық кездесулер мен байқаулар алаңына, Қазақстанның белгілі мәдениет қайраткерлерінің мұраларын тарататын орынға айналуы керек.
Алматы облысындағы Ж. Жабаев әдеби-мемориалдық музейінің басшысы, жыр алыбының немересі Салтанат Жамбылова жиналғандарды қала өміріндегі ұмытылмас оқиғамен құттықтады. Ескерткіштің ашылуына Салтанат Тезекбайқызымен бірге Жамбылдың 1945 жылы туған немересі Жеңісхан Жамбылов та келген екен.
Новосібірмен әріптестіктеміз. 2019
 
Музей-қорық Новосібір қаласындағы бірқатар мекемелермен өзара түсіністік және келісім, сондай-ақ, әріптестік туралы меморандумға қол қойды. Бұлар Новосібір облысының «Новосібір мемлекеттік өлкетану музейі» мемлекеттік автономиялық мәдениет мекемесі, «Р.А.Шило атындағы Новосібір зообағы» МУМ және Ресей Ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің Орталық Сібір ботаника бағы.
Әріптесімізді құттықтаймыз!
Әріптестері музей-қорық директорының экспозиция-көрме жұмыстары жөніндегі орынбасары Евгения Рахматулинаны туған күнімен құттықтады. Осы бір сәттің Евгения Юрьевнаға тарих ғылымдарының кандидаты атағының берілуімен сәйкес келуі ерекше еді. Е. Ю. Рахматулинаға бұл ғылыми дәрежені Алтай мемлекеттік университетінде (Барнаул қ.) қорғаған диссертациясы үшін Ресей Федерациясы Ғылым және жоғары білім министрлігі тағайындаған-ды. Диссертацияның тақырыбы – «Шығыс Қазақстанның 1920-1930 жылдарғы кеңестік модернизация жағдайындағы көркем интеллигенциясы».
«Музейлер шеруі» акциясы. Сіздерді «Музейлер шеруі» акциясына шақырамыз! 2019


2019 жылдың 8 қарашасы күні музей-қорық тұңғыш рет республикалық «Музейлер шеруі» акциясына қосылып, оған қатысушы болады. Іс-шараның мақсаты – Шығыс Қазақстан аумағында тұратын халықтың ұлттық құндылықтарын, тарихын, мәдениеті мен салт-дәстүрін танымал ету.
Абайдың 175 жылдығына дайындаламыз. 2019
 
Сирек кітаптар бөлімінің қызметкері Әсел Қаршалова 42-ші мектептің ең кішкентай оқушыларымен бірге Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына экскурсия жасады. Экскурсия Солжағалық кешеннің «Абай және оның шәкірті Т. Көбдіков» атты стационарлық көрме орналасқан Кіші павильонында болды. Экскурсия аталған мектеп әкімшілігінің өтінімі бойынша өткізілді. Әсел Қаршалова экскурсияны өткізу барысында балалардың жас мөлшерін де ескере білді. Өйткені, олар мектептің мектепалды дайындық сыныбының оқушылары еді. Әңгіме соңында балалар Болат Исиннің Абай туындылары тақырыбына салған картиналар репродукциясы бойынша мозаика құрастырды.
Танымал актрисаның 100 жылдығына арналды. 2019
 
29 қазан күні ақпараттық-ағартушыық бөлімінің меңгерушісі Шынар Кәрібаева мен аталған бөлімнің қызметкері Анастасия Григорьева қазақ киносы мен театрының аңыз тұлғасы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртісі, Еңбек Қызыл Ту және «Отан» ордендерінің иегері Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына арналған іс-шара өткізді. Аталған мерейтой ЮНЕСКО аясында өтуде.
Облыстық Достық үйінде рухани келісім күні аталып өтілді. 2019
 
17 қазан күні музей-қорық қызметкерлері облыстық Достық үйі-қоғамдық келісім орталығында өткен рухани келісім күні мерекесіне қатысты.
Аталған мереке шеңберінде Достық үйінің фойесінде «Шығыс Қазақстанның діни дәстүрлері» атты көрме ашылды. Онда музей-қорықтың сирек кітаптар және иконажазу бөлімі музей-қорықтың қор топтамасынан алынған құранды, евангелияны, провославтық және католиктік икондарды, сондай-ақ, салттық бұйымдарды ұсынды. Көрмеде осылардың соңғысына жайнамазды, мұсылмандық, православтық және католиктік тасбиықтарды, ескідәстүршіл лестовкаларды, кадильница мен басқа да шіркеулік бұйымдарды жатқызуға болатын еді.
|
|
|
|
Страница 14 из 45 |