«От өзегінен өрілген керамика»
 Солжағалық кешеннің үлкен көрме павильонында «От өзегінен өрілген керамика» көрмесі өтуде
Көрме Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейі қорындағы 200-ден астам бұйымды біріктіріп, келушілерді керамика өнерінің бай әлемімен таныстырады.
Мұнда Риштан керамикасының шебері Сухроб Юсуповтың туындылары, «Отырар ауласы» топтамасы, Наталья Хабарова мен Тамара Владыкинаның авторлық жұмыстары, Өскемен құрылыс материалдары комбинатының бұйымдары, сондай-ақ дәстүрлі тұрмыстық керамика үлгілері ұсынылған.
Отқа күйдірілген саз бұйымдары арқылы ежелгі дәстүр мен шеберлік тоғысқан керамика өнерімен танысуға шақырамыз.
«Сирек кітаптар - ғасырлар сыры»
 Этнографиялық музейдің Солжағалық кешенінің Кіші павильонында «Сирек кітаптар - ғасырлар сыры» атты жаңа көрме ашылды.
Көрме ғасырлар қойнауына жетелеп, көне түркі руникалық жазбаларынан бастап заманауи баспа басылымдарына дейінгі рухани мұрамен таныстырады.
Көрмеде көне түркі руна жазулары бар «Тоныкөк ескерткішінің» макеті және 1870 - 1900 жылдардағы типографиялық баспа станогының макеті ұсынылған. Сондай-ақ, көрмеге Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейі қор коллекциясынан алынған сирек әрі құнды басылымдар қойылған.
Көрмеде Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінің қор топтамасынан алынған сирек әрі құнды басылымдар ұсынылған.
Әрбір жәдігер ұрпақтар жадын сақтап, білім мен тағылымды жеткізген, қазақ халқының бай мәдениетін бейнелеген өзіндік тарихымен бөліседі.
Қосымша фотосурет ...
|
«Күзгі калейдоскоп» және мерейтой иелерінің өнері. 2016
 Музей-қорықтың Қасым Қайсенов көшесіндегі, 67 ғимаратында сәндік-қолданбалы өнерінің белгілі шығыс қазақстандық шеберлері Игорь Мартининның және Наталья Баженованың мерейтойлық көрмелері, сонымен қатар, Өскемен және Семей қалалары қолөнершілерінің «Күзгі калейдоскоп» атты ғажайып жұмыстарының көрмесі өтуде.
|
Музей-қорықта жаңа технология бойынша 2000 астам ағаш көшеттері отырғызылды. 2016
Балғарағай, самырсын, шырша, қарағай, шетен, қайың ағаштарының көшеттері музей-қорықтың ботаникалық бақ, балалар қалашығы, жағажай және «Жібек жолы» кешені аймағында тіркелді. Олар «Ағаш отырғыз!» акция барысында Солжағалық кешеннің жасыл тұқымдастар қатарын толтырды. Іс-шараның бастаушысы музей-қорық директоры Николай Зайцев болып шықты. Акцияға тек музей қызметкерлері қатысып, әрқайсысы 3 ағаштан отырғызды.
Ақ бауырдағы ұмытылмастай болған серуен. 2016

Шығыс Қазақстанның облыс орталығынан 35 шақырым жерде орналасқан атақты шатқалда болып қайтқан мүмкіндіктері шектеулі жастардан тұратын экскурсанттар ерекше әсер алып қайтты.
Осы тамаша іс-шараны ұйымдастыруға Өскемен қаласындағы мүгедек әйелдердің «Алтынай» қоғамдық бірлестігі «САД» жартылай стационарлық бөлімшесінің әкімшілігі мен музей-қорық бастамашылық жасады.
Өскемен қаласында өткен «Үлкен жолдың кезеңдері» атты көшпелі көрменің дебюті. 2016
 
Музей-қорық қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арнап дайындаған экспозицияны Өскемен қаласында өткізілген «Ақ Ертіс» атты классикалық өнердің ІІ халықаралық фестивальне қатысушылар бірінші болып тамашалады.
Облыстық драма театрының фойесінде музыканттар мен көрермендердің назарына әсем мольберттердегі 40-тан астам фотопланшеттер ұсынылды. Көрме бірнеше тақырып бойынша өткізілді: «Тарих және археология», «Мәдениет», «Денсаулық сақтау», «Өнеркәсіп», «Спорт», «Табиғат».
ШҚО-ның сәндік-қолданбалы өнер шеберлері ЭКСПО-17 көрмесіне дайындалуда. 2016
 
Астана қаласында үш ай бойы өтетін халықаралық сипаттағы осынау бір ауқымды іс-шара аясында қолданбалы өнер шеберлерінің бірнеше жәрмеңкесі ұйымдастырылмақ. ЭКСПО-2017-ге қатысудың өзі абырой екені түсінікті, сонымен қатар ШҚО қолөнершілеріне табыс табу мүмкіндігі пайда болады. Ең бастысы, сұранысқа ие болатын бұйымдарды назарға ұсыну керек.
Барнаулдан келген жасыл желекті қоныстанушылар Өскеменде ойдағыдай жерсінді. 2016
 
Россельхозакадемияның Сібірдегі М.Лисавенко атындағы ғылыми-зерттеу институтының тұқымбағынан жеткізілген 20-дан астам өсімдік түрлері музей-қорықтың Солжағалық кешеніне көктемде егілген болатын. Бұрыннан бар коллекцияны мәңгіжасыл қылшалар мен жапырақты тұқымдар толықтырды.
Ағаш отырғызу күні. 2016
 
13 мамырда мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінде корейлердің «Ағаш отырғызу күні» мерекесі өткізілді. Кореяда бұл мереке дәстүрлі түрде 5 сәуірде өткізіледі және қайтыс болған ата-бабаларын еске алуға арналады, бірақ Қазақстанның ауа-райы мерекені уақытында өткізуге келмейді.
Іс-шараға «Квансон» Қазақстан-Корей колледжінің оқытушылары мен оқушылары және Шығыс Қазақстанның Корей диаспорасы белсене ат салысып.
Виртуалды музей (ақпараттық-білім бөлімі) Павлодарда. 2016
 КГКП «Шығыс Қазақстан облысы сәулет-этнографиялық және табиғи- ланшафтық мұражай қорығының Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына мәдени шаралардың келесі бағдарламалары ұсынылған: «Мемлекеттік Орыс мұражайына саяхат. Михалов сарайының негізгі экспозициясы.Суретке кіру эффектісі; мультимедиялық бағдарламалар», «Семей-Невада қозғалысының 25 жылдығы» Семейдегі ядролық полигонның жабылуы, «Занимательный мир музеев».( әлем мұражайларының ерекше экспонаттары).
ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНДА ЧЕРНОБЫЛЬ АЭС-індегі АПАТТЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН АКЦИЯ ӨТТІ. 2016
 
Акцияны Чернобыль ардагерлері мен мүгедектері ШҚО Кеңесінің қатысуымен музей-қорық ұйымдастырды.
ЧАЭС-тегі апаттың салдарын жоюға қатысушылар, қайтыс болған жоюшылардың туыстары және жәй ғана қалалықтар 1986 жылғы сәуірдегі қайғылы оқиғаны еске алу үшін акцияға жиналды.
ШҚО музей-қорығы әскери экспозициясының плацындағы акцияның ашылуында Чернобыль ардагерлері мен мүгедектері ШҚО Кеңесінің Өскемен қаласы бойынша бастамашыл тобының өкілі Андрей Смолин сөз сөйледі, ол қайғылы оқиғасымен әйгілі болған атом станциясында екі мәрте, 1986 және 1987 жылдары жоюшылық жұмыстарға қатысқан.
Виртуалдық музейдің ғажайыптарын ауылдықтар тамашалады. 2016
  
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, ШҚО қалалары мен аудандары өңіраралық ынтымақтастығы аясында, сондай-ақ ШҚО мәдениет және мұрағат қызметкерлері алқасының 2016 жылғы 03 наурыздағы отырысының хаттамалық тапсырмасын орындау үшін 2016 жылғы 20 сәуірде Ұлан ауданы Украинка ауылына сапарға шығу іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс- шара Ұлан ауданы Украинка орта мектеп-кешен-балабақша базасында өткізілді, оған Ұлан ауданының Украинка, Герасимовка және мектебі жоқ Казачье елді мекендерінен балалар жеткізілген болатын, сөйтіп 120 оқушы қатысты.
Іс-шара бағдарламасы бойынша: Санкт-Петербург қаласындағы Мемлекеттік Орыс музейінің «Суретке кіру» мультимедиалық бағдарламасымен, Михайлов қамалымен таныстыру; дат жазушысы Ханс Христиан Андерсеннің шығармашылығы бойынша Украинка селосындағы мини-орталықтың 0 сынып оқушылары үшін викторинасы бар «Андерсен – ертегілер патшасы» атты танымдық саяхат ұйымдастырылып, «Дюймовочка» мультфильмі көрсетілді.
|
|
|
|
Страница 33 из 45 |