• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
«Ақ бауыр» кешен «Ақ бауыр» ғибадатханасының петроглифтері

«Ақ бауыр» ғибадатханасының петроглифтері

«Ақ бауыр» ғибадатханасының шекараларын айқындауға байланысты мәселе осы уақытқа дейін анықталмаған. Керісінше, Қоржынбай тауының батыс беткейінде орналасқан археологиялық ескерткіштер көбірек зерттелген. Ғибадатханаға келетін болсақ, оның солтүстік шекарасын Сағыр бұлағының оң жағасы бойымен Ұранхай өзеніне құйылысына дейін, оңтүстігін - Майтбас өзенінің аңғары мен оның Ұранхай өзеніне құйылысына дейін және Сарыжон тауының солтүстік беткейі бойындағы шатқалдың Шөже өзенінің аңғары бойы аралығымен, Шығыс шекарасын – Коржынбай тауы мен Алдай шатқалы, батысын – Айыртас шоқысы мен Қарасай бұлағының Сібе өзеніне құятын жеріне дейінгі аңғардағы шатқал бойынша болжамды түрде межелеуге болады.

Аталған аумақта петроглифтері бар бірнеше жерлер анықталды. Суреттер гранит, немесе сланец жыныстарда көлденең беткейде де, сондай-ақ тік беткейлерде де орналасқан. Топтасқан петроглифтер бірнеше километрге созылған үлкен аумақты алып жатыр. Техникалық суреттер қашап та, қырнап та тіпті тырнап түсірілген. Кейбірінің пошымы бүтіндей қырнап түсірілсе кейбірінің сұлбасы ғана соғылып түсірілген. Жекелеген бейнелер, жануарлар мен антропоморфты пішіндерден тұратын көпфигуралы композициялар кездеседі. Жұдырықтасу немесе шоқпарласу сахналары, салт аттылар бейнеленген, құнарлылық пен аңшылыққа табынуға байланысты сахналар, салт-жоралғылық сюжеттері бар композициялар тартымды көрінеді. Кейде мұны бірден байқау әрі композициялар мен жекелеген белгілерді ажырату қиынға түседі.

Хайуанаттар пантеонында тауешкінің бейнелері басым, кербұғы мен түйе, қасқыр қуып келе жатқан жылқы үйірі, шөпқоректі жануарларға жыртқыштардың шабуыл жасаған сахналары мен басқалар кездеседі.

Үш кезең: қола, ерте темір заманы мен орта ғасыр дәуірлерінің суреттері хронологиялық түрде бірден көзге түседі.

«Ақ бауыр» ғибадатханасының петроглифтері «Ақ бауыр» ғибадатханасының петроглифтері «Ақ бауыр» ғибадатханасының петроглифтері «Ақ бауыр» ғибадатханасының петроглифтері «Ақ бауыр» ғибадатханасының петроглифтері «Ақ бауыр» ғибадатханасының петроглифтері «Ақ бауыр» ғибадатханасының петроглифтері «Ақ бауыр» ғибадатханасының петроглифтері «Ақ бауыр» ғибадатханасының петроглифтері «Ақ бауыр» ғибадатханасының петроглифтері «Ақ бауыр» ғибадатханасының петроглифтері «Ақ бауыр» ғибадатханасының петроглифтері «Ақ бауыр» ғибадатханасының петроглифтері «Ақ бауыр» ғибадатханасының петроглифтері «Ақ бауыр» ғибадатханасының петроглифтері «Ақ бауыр» ғибадатханасының петроглифтері «Ақ бауыр» ғибадатханасының петроглифтері «Ақ бауыр» ғибадатханасының петроглифтері «Ақ бауыр» ғибадатханасының петроглифтері «Ақ бауыр» ғибадатханасының петроглифтері «Ақ бауыр» ғибадатханасының петроглифтері «Ақ бауыр» ғибадатханасының петроглифтері «Ақ бауыр» ғибадатханасының петроглифтері «Ақ бауыр» ғибадатханасының петроглифтері «Ақ бауыр» ғибадатханасының петроглифтері «Ақ бауыр» ғибадатханасының петроглифтері «Ақ бауыр» ғибадатханасының петроглифтері «Ақ бауыр» ғибадатханасының петроглифтері «Ақ бауыр» ғибадатханасының петроглифтері «Ақ бауыр» ғибадатханасының петроглифтері «Ақ бауыр» ғибадатханасының петроглифтері «Ақ бауыр» ғибадатханасының петроглифтері «Ақ бауыр» ғибадатханасының петроглифтері «Ақ бауыр» ғибадатханасының петроглифтері «Ақ бауыр» ғибадатханасының петроглифтері «Ақ бауыр» ғибадатханасының петроглифтері «Ақ бауыр» ғибадатханасының петроглифтері «Ақ бауыр» ғибадатханасының петроглифтері «Ақ бауыр» ғибадатханасының петроглифтері «Ақ бауыр» ғибадатханасының петроглифтері «Ақ бауыр» ғибадатханасының петроглифтері «Ақ бауыр» ғибадатханасының петроглифтері «Ақ бауыр» ғибадатханасының петроглифтері «Ақ бауыр» ғибадатханасының петроглифтері «Ақ бауыр» ғибадатханасының петроглифтері «Ақ бауыр» ғибадатханасының петроглифтері

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …