Николай Алексеевич Зайцев – Шығыс Қазақстан облыстық сәулет этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының негізін қалаушы. Н.А.Зайцевтің 50 жыл атқарған қызметінің нәтижесінде Бутаково селосындағы мектеп музейі Қазақстан Республикасындағы музей-қорық мәртебесіне ие болған ірі музейге айналды.
Республикалық және одақтық ғылыми-практикалық конференцияларға бірнеше мәрте қатысты. Оның тікелей атсалысуымен республикада алғаш рет фольклорлық фестивальдар мен «Сарбаздар ән салғанда» атты сарбаз әні фестивалі өткізілді.