Мұражай-қорықтың этноауылы Алтай өлкесінен келген кәсіпкерлерге ұмытылмастай әсер қалдырды
Шығыс Қазақстан облысына Алтай өлкесінен келген кәсіпкерлердің іскерлік сапары аясында біздің жақын көршілерімізді ШҚО мұражай-қорығының Солжағалық кешенімен таныстырды. Қонақтар үшін экскурсияны мұражай-қорықтың директоры Николай Зайцевтің өзі жүргізді.
Ауа-райы қолайсыздығы мен сол күнгі тоқтаусыз жауған қарға қарамастан, қонақтар Солжағалық кешеннің көрнекті орындарымен зор қуанышпен танысты. «Жібек жолы», «Каравелла», сондай-ақ, ескерткіштер аллеясы, әскери және басқа да экспозициялар жақсы әсер қалдырды, ал Ақ киіз үйдегі конференц-зал өзінің құпиялығымен таң қалдырды.
Делегация мүшелері Солжағалық кешеннің қысқы жолдарымен шаршамай серуендей отырып, танысуға соңғы бір-ақ күндері қалғанына өкінумен болды: «Егер бұл жерде осындай әдемілік бар екенін білгенде күнде келетін едік» - деді.
Алтай өлкесінен келген қонақтарға этноауыл зор әсер қалдырды. Олардың айтуы бойынша, іске асырылған осындай идеяны алғаш көрулері екен: «Қандай керемет! Бір көшені ғана жүріп өтіп, облыста тұратын халықтар туралы білдік, олардың мәдениті қандай болғанын көрдік» - деді.
Экскурсияға қатысушылар қоштасар алдында, мұражай-қорыққа алдағы уақытта шығармашылық табыс тіледі және Өскеменде қандай тамаша орындарда болғанын міндетті түрде үйлеріне айтатындары туралы мәлімдеді, сондай-ақ, бұл олардың мұражай-қорықтың Солжағалық кешеніндегі соңғы кездесулері емес екенін де айтты.
Көрші мемлекет кәсіпкерлерінің біздің өлкемізге Алтай өлкесі әкімшілігі мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі арасындағы интеграция аясында, сондай-ақ, ҚР мен РФ арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық пен екі жақты байланысты нығайту туралы келісімге сәйкес келгенін еске саламыз.
ШҚО мұражай-қорығының баспасөз қызметі
Фото Алексея Мазницина
< Предыдущая | Следующая > |
---|