Өскемен қаласындағы музей-қорықтың Солжағалық кешені Шығыс Қазақстан облысының 60 қөлөнершілеріне екі күнге шығармашылық пана, халық арасында сәндік-қолданбалы өнерді әйгілеу және тәжірибе алмасу алаңы болып табылды. «Алтай базарының» алғашқы фестивалін Шығыс Қазақстан облысының Туристік -ақпараттық оталығы мен музей-қорығы ұйымдастырды.
– Іс-шараға қатысушылар облыстың жан-жағынан жиналды. Шеберлер Семейден, Зыряннан, Зайсаннан, Шемонаихадан, Бородулиха, Көкпекті, Қатон-Қарағай, Ұлан, Тарбағатай, Үржар аудандарынан және облыстың басқа да елді мекендерінен келіп, өз бұйымдарын назарға салды.
- Барлығы 60-тан астам шебер жиналды, - дейді музей-қорықтың сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің аға ғылыми қызметкері және Шығыс Қазақстан облысының қолөнершілер ресурстық орталығының үйлестірушісі Райса Мұхамеджанова.
«Алтай базарының» бірінші күні шеңберінде Солжағалық кешеннің «Шеберлер қаласында» шеберлер дәрістері өткізілді. Мұнда ниет білдірген әр адам тегін қатысты. Халық қолөнерімен шұғылданатын адамдар саны аз болған жоқ. Ересектер мен балалар киіз басуда, қайың қабығынан және қоғадан бұйымдар өруде, былғары мен балшықтан кәдесыйлар жасауда, тоқымашылықта өз күші мен қабілетін сынап көрді. Тамара Владыкина, Владимир Осипов, Наталья Баженова, Нұрзия Тәшімова, Владимир Ляпунов сияқты шеберлер табиғи материалдармен жұмыс істеу техникасымен, бастапқы шикізатты дайындау және оны қайдан алуға болатыны туралы құпияларымен бөлісті.
- Саз балшықтың әрқайсысы жарайды. Бірақ, ең алдымен оның жабысқақтығын тексеріп алу қажет, ол үшін балшықтың кішкентай кесегін сулап алып саусақтармен ұнтақтау керек. Балшықтың жарайтыны бірден белгілі болады, - дейді балшық істерінің шебері Т. Владыкина.Семей қаласындағы «Айша Бибі» мәдени орталығының жетекшісі Айман Бокпасарованың ши тоқу станогына музей-қорықтың келушілері қызыға қарады. Кең далада өсетін қарапайым «ши» өсімдіктің жіңішке сабақтарынан тұрмыс-тіршілікке қажетті заттар жасауға болатыны туралы көп адамдар үшін жаңалық болды. Бір кезде ши тоқу өнері талай қазақ отбасын өрме төсеніштермен, шымылдықтармен, үлкен қазандық қақпақтарымен қамтамасыз етті. Бүгінгі күні жүн жіптеріне ілінген сүйкімді салмақты тастармен әшекейленген станок экзотика болып көрінеді. Шынын айтқанда «ши» – ол ең таза экологиялық материал және де қазіргі заманауи «күюге қарсы» кастрөлдер мен табаларға қарағанда өте арзанға түседі.
Ағаш дайындамалары жайылған үстелдің қасында ағаштан ою-өрнек салу жөніндегі шеберлер дәрістің жас қатысушысы Алиса Темная бар ынтасымен тақтайшаны зімпара қағазымен егеп жатты. Шебер Владимир Ляпуновтың және әкесінің нұсқауы бойынша Алиса өнердің тәсілдерін сүйсініп үйренуде. - Әзірше не істейтімінді білмеймін, бірақ, үйшік жасаймын деп ойлаймын, - деді 3-сынып оқушысы. Шебер Гүлнар Қожамжарованың «Өрмек» қазақ ұлттық станогында тоқымашылық барысымен таныс болған облыс орталығының жас тұрғындары Людмила Ремейко мен Наталья Сабитова кәсіби түрде қызығушылық танытты. Біреуі этнографиямен айналысса, екіншісі – фольклорлық ұжымда ән салады.
– Өте пайдалы. Осындай іс-шараларды толық қолдаймыз, - бірден мәлімдеді қыздар.
«Алтай базарының» қызықтарын тек облыс тұрғындары ғана емес, шетелден келген қонақтар да тамашалап қайтты. Америка Құрама Штаттарынан келген инфотур қатысушысы Кристофер Стенсон өз қолымен жасаған кілтке арналған салпыншақты мақтана көрсетті.
- Осындай іс-шаралар жергілікті тұрғындар мәдениетінің және салт-дәртүрлер ерекшеліктерін көрсетеді. «Алтай базары» күндері өтіп жатқан кезде Өскемен қаласында болғаныма өте қуаныштымын, - дейді Кристофер.– Шеберлер үшін де өте пайдалы. Халық шығармашылығының ерекшеліктерін тек осындай іс-шараларда тамашалай аласын. Мұндай көрмелерде өз күшінді басқа да қолөнер түрінде сынап көруге болады. Мысалы, маған балшықтан мүсіндеу бойынша шебер дәрісі өте ұнады. «Алтай базары» сияқты іс-шаралардың тағы бір пайдасы – мұнда өз қолымен жасаған бұйымдарға сұраныс пайда болады, - деді Зайсаннан келген музыкалық аспаптар жасауымен айналысатын шебер Мұрат Донбаев.
Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтары «Алтай базарының» екінші күні этноауыл алдындағы алаңына келіп халық шығармашылығы жауһарларын тамашалап, ұнаған заттарын сатып алды.
- Сонымен қатар бүгінгі жәрмеңкеде біздің қолөнершілердің ең үздік бұйымдарын таңдап, ЭКСПО-2017 жолдаймыз, - деді Райса Мұхамеджанова.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі
< Предыдущая | Следующая > |
---|