27 ақпан күні «Тамсандырған Шығыс Қазақстан, әсемдігімен баураған Қытай» атты алғашқы қытай мәдени-туристік көрмесінің ашылуымен байланысты облысымызда жүрген қытай туристік компаниялардың өкілдері музей-қорығының Солжағалық кешен аумағындағы саябақта болды.
Аспан асты елінің туроператорлары әскери кешенге барып, кеңес дәуірінің ескерткіштері бар аллеяда болды және ескерткіш суреттерге түсті. Музей-қорықтың экскурсиялық қызмет көрсету секторының меңгерушісі Елена Дроздова қонақтармен экскурсия өткізді. Қытай Халық Республикасының туроператорларына Солжағалық кешен ұнады.
Айта кету керек, көрме және Қытай өкілдерінің облысымыздың түрлі көрнекті орындарына баруы – туризм мен мәдениет саласындағы қазақстан-қытай ынтымақтастығын нығайту мақсатында өткізіліп отыр. Мұндай күрделі іс-шаралардың негізгі ұйымдастырушылары - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен Алматыдағы ҚХР Бас консулдығы, Орталық Азиядағы ҚХР Мәдениет және туризм министрлігінің Өкілдігі (Астана).
Музей-қорықтың баспасөз қызметі
Суретті түсірген Алексей Мазницын
< Предыдущая | Следующая > |
---|