«Туған өлкемді жырлаймын» - шығысқазақстандық жазушылардың өскемендіктермен кездесуі Шығыс Қазақстан облысындағы білім беру жүйесінің 80 жылдығына арналды.
2012 жылдың наурыз айында Шығыс Қазақстан облысының білім белу туралы құжаттамасына қол қойылуына 80 жыл толды. Шығысқазақстандық жазушылардың өскемендіктермен кездесуі осы оқиғаға арналған еді. Кездесуді мұражай-қорық мен Шығыс Қазақстан облыстық А.С.Пушкин атындағы кітапхананың қызметкерлері ұйымдастырды.
Кездесуге шығармалары түрлі басылымдарда талай рет жарық көрген, жеке таралыммен де шыққан және есімдері Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар одан да тыс жерлерге танымал жазушылар мен ақындар шақырылды:
Борис Васильевич Щербаков – КСРО және Қазақстан Жазушылар одақтарының мүшесі, биологиялық ғылымдар кандидаты, 160-тан астам ғылыми еңбектің, 30-ға таяу кітап авторы.
Наталья Семеновна Матвеева – Шығыс Қазақстан облыстық әдеби бірлестік жетекшісі, 5 кітаптың (өлеңдер, өлеңмен жазылған ертегілер) авторы.
Геннадий Николаевич Пуссеп – қоғамдық «Мой город» қорының жетекшісі, 10 басылым (негізінен - өлеңдер) авторы.
< Предыдущая | Следующая > |
---|