2012 жылғы 26 мамырда мұражай-қорықтың Солжағалық кешені этноауылының аумағында «Славян базары» атты фольклорлық фестиваль өтті, ол Славян жазуы мен мәдениеті күнін мерекелеу аясында ұйымдастырылған болатын. Орталық киіз үйдің айналасында самауырлар, сирек кітаптар, жергілікті шеберлердің сәндік-қолданбалы өнері бұйымдарының көрмелері, сондай-ақ киіз үйдің өзінде картиналар көрмелері назарға ұсынылды.
Іс-шара басталғанға дейін тақырыптық бағдарламалар, викториналар өткен болатын. Бүкіл алаңды бойшаң қуыршақтар: Матрешка, Емеля, Патша, Матрена аралап жүрді.
Фестивальдің гала-концертіне облыстың 20 шығармашылық ұжымы қатысты. Фольклорлық ұжымдар өздері тұратын жерлерде дүниеге келген туындыларды орындады. Фольклордың сан түрлі болуы және костюмдердің ауысып отыруы іс-шараға ерекше сән мен рең берді.
Фестивальге қатысқандар:
«Ладушки» ансамблі (Өскемен)
Таврия селосының Орыс әндері хоры
«Алтайские узоры» ансамблі (Таврия)
«Вдохновение» ансамблі (Өскемен)
«Узорье» мен «Белые росы» ансамбльдері (Зырян қаласы)
«Рябинушка» ансамблі (Өскемен)
«Любавушка» ансамблі (Риддер)
«Русская песня» хоры (Өскемен) және тағы басқалар
Іс-шараға қатысқандардың барлығын Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Асқар Қисаұлы Нұрғазиев құттықтады. Гала-концертті славян әдебиетінің кейіпкерлері жүргізді, олар фестивальге келген әртүрлі ұжымдарды әзілдей жүріп таныстырды.
Іс-шара фестивальге қатысқандардың барлығы қосылып айтқан ортақ әнмен және үлкен хороводпен аяқталды.
Дополнительное фото ( Слайд-шоу )
< Предыдущая | Следующая > |
---|