20 қыркүйекте орыс этнографиясы бөлімі «Орыстың үйлену тойын» өткізді. Кенді Алтайдағы орыстардың дәстүрлі үйлену тойының рәсімдері «Бастеньки» орыстың дәстүрлі мәдениеті ансамблінің, өнер мектебінің «Шабыт» балалар фольклорлық ансамблінің, Прялица», Украинка ауылының «Червона калына» украин ансамблінің қатысуымен өтті. Украинка орта мектебі үйлену тойының ат-арбасын дәстүрлі безендіруімен дайындап үлкен көмек көрсетті.
Жас жұбайларды күйеу жігітттің үйіне енгізу көне дәстүрлі әндер арқылы жүргізілді. Барлық дәстүрлер сақтала отырып «айналдыру» рәсімі қалыңдықтың құрбыларының әнімен өтті. Шақырылған қонақтардың қатысуымен «Дрёма» фольклорлық ойыны өте көңілді болды. Көне орыс дәстүрімен күйеу жігіт пен оның досын сынау да сәтті де көңілді өткізілді. Олар үшін де дәстүрлі орыс үйлену тойының әндері шырқалды.
Той өткен үйдің ауласын мерекелік безендіруде көне самауырлар, рушниктер, белбеулер, дастархан жапқыштар, сандық және тоқыма құралы қолданылды.
< Предыдущая | Следующая > |
---|