Атаулы күн – Қазақстандағы ғашықтар күніне (Қозы Көрпеш пен Баян сұлуды еске алу күні) арналған махаббат туралы әндердің «Махаббат жыры» атты І студенттік фестивалі мен «Сүйіктілер үшін сыйлықтар» көрме-жәрмеңкесі.
2014 жылғы 13 сәуірде Қазақстандағы ғашықтар күні қарсаңында мұражай-қорықтың «Жастар» этнобағында махаббат туралы әндер, күйлер, халық музыкасы қалықтады. Саябақтың орталық көшесі бойына орналасқан сәндік-қолданбалы өнер шеберлері өз бұйымдарының көрме-жәрмеңкесін осы ғашықтар күніне орайластырған болатын. Бұл іс-шара, жастар арасында кейіннен өріс ала бастаған әулие Валентин күні дегеннің орнына ұлттық қайнаркөзге үңіле отырып, балама табу үшін жасалған талпыныстың нәтижесі.
Көрме-жәрмеңкеде шеберлердің өз қолдарынан шыққан, сондықтан олардың қолдарының жылуын, жүректерінің жалынын сақтап қалған бұйымдардың сүйіктілер үшін тамаша сыйлық болып табылары сөзсіз. Іс-шараны жүргізушілер баршаны жәрмеңкені көріп, сыйлықтар сатып алуға шақырды.
Мұражай-қорық пен Өскемен қаласының жастар орталығы ұйымдастырған «Махаббат жыры» атты ғашықтық туралы әндердің Бірінші студенттік фестивалі осы кезде басталып та кетті. Фестивальге Өскеменнің ЖОО-лары мен колледждерінің: Қазақстан-Америка еркін университетінің, экономика және қаржы колледжінің, политехникалық колледждің және басқалардың студенттері қатысты.
Фото Алексея Мазницина
< Предыдущая | Следующая > |
---|