• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Мұражай-қорықтың Солжағалық этнографиялық кешенінде ХIХ ғасыр соңы – ХХ ғасырдың басындағы Грузин қонысы ашылды. 2014

Мұражай-қорықтың Солжағалық этнографиялық кешенінде ХIХ ғасыр соңы – ХХ ғасырдың басындағы Грузин қонысы ашылды. 2014

Фото Алексея МазницинаФото Алексея Мазницина

2014 жылғы 12 қыркүйек күні мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінің этнографиялық ауылында ХIХ ғасыр соңы – ХХ ғасырдың басындағы Грузин қонысының салтанатты тұсаукесер рәсімі болды. Көрмеге Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божко, ШҚО әкімі Б.М. Сапарбаев, Өскемен қаласының әкімі Т.Ж. Қасымжанов қатысты.

Қызыл лентаны кесу құрметі «Беакрис» ЖШС бас директорының орынбасары Лилия Анатольевна Поспеловаға берілді.

Грузин қонысы «Беакрис» ЖШС-нің бас директоры Гиви Отарович Гомарелидің, Грузия шебері Автандил Сантеладзенің жеке қаражаттарына салынған. Көрмеге қойылған заттардың көпшілігі оның фирмасымен жасалып, этнографиялық материалдардың бір бөлігін Гиви Отарович Грузиядан әкелген.

Қоныс Грузияның батыс өңіріне тән, екі кіреберіс есікті тас үйді көрсетеді. Үй үш бөлмеден тұрады: камині бар қонақ бөлме және екі жатын бөлме. Үй Г - әрпі тәрізді ашық галереясымен ерекшеленеді.

Үйдің жанында ХII ғасырдағы Сван мұнарасының негізінде салынған 9 метрлік үш қабатты тастан қаланған ғимарат тұр. Терезе орнына қабырғаларында жаудан қорғануға арналған енсіз атыс ойықтары бар. Оның бірінші қабаты малға арналған болса, екіншісі – ересектерге, ал үшіншісі – балалардікі. Қазір мұнарада келушілерге ежелгі Грузияның сұлулығын көрсететін  «Шабыт сыйлайтын мәңгілік жер…» атты фотокөрме көрмеге қойылған.

Қоныстың жүгері кептіруге арналған – сасиминде ағаш бөлмесі және марани – сарайы бар, онда жүзімді аяқпен басып, содан кейін оны арнайы саздан жасалған, жерге қазылып көмілген ыдыстар- квевриге құйып, шарап шығарады.

Қоныс аркалы кіреберісі бар тас дуалмен қоршалған, бұрыштарына атақты грузин қайраткерлері – ақын Шота Руставелидың және жартылай аты аңызға айналған патша Парнавазаның мүсіндері орналастырылған.

 

Мұражай-қорық маманы

М. Солонец

 

Фото Алексея Мазницина

Фото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея Мазницина

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …